Сайтқа кіру Тіркелу

Ұзындықты өлшеу. Миллиметр

Ұзындықты өлшеу. Миллиметр.
Математика 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
ә) тәрбиелік: еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру;
б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеті: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру
Көрнекілігі: слайд, ұшақ макеті, сым, дәптер, әйнек, сызғыш
Түрі: практикалық сабақ
Типі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, тест, проблемалық әдіс
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Өтілетін орны: мультимедиа кабинеті

Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ
1. Күн, ай реті жазылады.
- Оқушылар! Бүгінгі сабағымызды математикалық диктантпен бастаймыз.
2. Ребус шешу Ұзақ (құстың атауы) орындық Ұзындық
Тақырып жазылады.
3. Миллиметр бірлігін енгізу
- Оқушылар! Ұзындық өлшем бірліктерін еске түсірелік. (см, дм, м, км,) Менің қолымдағы заттарға назар аударалық. (сым, дәптер, әйнек, т. б.) Осы заттардың қалыңдығын өлшеп көрейік.(Сызғышпен өлшейді)
- Сантиметрге жетпейді.
- Сызғыштағы ең кіші бөлікті көрсетіңдерші. Сантиметрге қарағанда біршама кіші ұзындық бірлігін миллиметрмен өлшейді. Миллиметр өлшем бірлігін 1898 жылы Парижде енгізілді. Миллиметр өлшем бірлігін қысқартып мм деп белгілейді.
4. Ұлттық өлшемдермен таныстыру. (1 оқушы алдын ала дайындалып келеді.)
- Біздің ата - бабаларымыз өлшем бірлігі болмаған кездерде адамның дене мүшелерін пайдаланған. Сіздерді қазақша өлшем бірлігімен таныстырайын. Бес саусақты үлкендер қалай атайды?
- Бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
- Санамақты еске түсірейік. (Санамақ айтылады)
Ұлттық өлшемдер:
Елі - саусақтың көлденең қалыңдығы
Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем
Құлаш - иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы
Қадам - жүру кезіндегі екі аяқтың аралық ұзындығы
Аттам - екі аяқты созғандағы ұзындық
Оқушылармен бірге көрсету.
Көйлектің ұзындығын, соғым қазының қалыңдығын елімен, көрпешедегі құрақтарды құрағанда сүйеммен өлшегенін, т. б. с. с. айта кетеді.
5. Практикалық жұмыс
Әр оқушы өз саусақтарымен елі, сүйем өлшемдерін дәптерге сызады. Сызғышпен өлшеп, өлшем бірлігін жазады.
6. Оқулықпен жұмыс
6. 1. 1 мысал Өз бетінше жұмыс
А) Суреттегі кесінділердің ұзындықтарын өлшеп, дәптерге жазу
АВ= 9см СД= 5 см
ә) суреттегі кесінділерді өлшеп дәптерге жазу. Миллиметрмен өрнектеп жазу
КЕ= 4см 9мм 4см9мм=49 мм
ОМ= 9см 6мм 9см 6мм= 96мм
6. 2. 2 мысал
Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп, периметрін табу. Көпбұрыш периметрі - көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы екенін еске түсіру.
Тақтада 3 оқушы орындайды.
А) АВ=1см 6 мм СД=1см 9мм МА=8 мм
ВС=1см 7мм ДМ=2см 3мм
Р=1см 6 мм +1см 9мм + 1см 7мм + 2см 3мм + 8мм
Р= 8 см 3мм
ә) КО=1см 3мм МД=2см 5мм
ОМ= 1см 5мм ДК= 1см 6 мм
Р= 1см 3мм + 1см 5мм + 2см 5мм + 1см 6мм Р= 6см 9мм
б) АВ= 3см 6мм ВС= 2см 4мм СА=1см 6мм
Р= 3см 6мм + 2см 4мм + 1см 6мм Р= 7 см 6мм
6. 3. 3 мысал
Интертақтада ауызша орындалады.
1000 метр 1 километр құрайды, ал 1 метр 1 километрдің мыңнан бір үлесі;
10 дециметр 1 метрді құрайды, ал 1 дециметр 1 метрдің оннан бір үлесі;
10 сантиметр 1 дециметрді құрайды, ал 1 сантиметр 1 дециметрдің оннан бір үлесі;
10 миллиметр 1 сантиметрді құрайды, ал 1 миллиметр 1 сантиметрдің оннан бір үлесі;
6. 4. 5 есеп
Есепті оқып талдамас бұрын құстың түрлерін, пайдасын еске түсіру.
- Әрбір құстың ұшу биіктігі болады. Бүгінгі есепте шағала, бүркіт, тырна - құстарының ұшу биіктіктерін табу беріліпті.
- Шағала қайда өмір сүреді?
- Бүркіт қайда өмір сүреді?
- Тырна қайда өмір сүреді?
Есептің шартын құра отырып шығару. Жауабын жазған соң бекіту.
- Ең биік ұшатын құсты ата.
- Ең төмен ұшатын құсты ата.
6. 5. 7 мысал
А)- Оқушылар! Құсқа қарап нені армандайсыңдар?
- Мен құстар сияқты ұшып биікке көтерілгім келеді. Ұшқыш болғым келеді.
Кесте арқылы ұшақ түрлері, жолаушылар саны, әуе лайнерінің ұзындықтары салыстырмалы түрде таныстырылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді. Ұзындық (см, дм),...
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Асқаров Бұрхан Жетекшісі: Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...
Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды ұзындықтың жаңа өлшемдерімен - миллиметрмен, километрмен таныстыру; миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшеуге...
Сантиметр мен дециметр арасындағы қатынас

Сантиметр мен дециметр арасындағы қатынас

Пәні: Математика Тақырыбы: Сантиметр мен дециметр арасындағы қатынас. Мақсаты: Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері...
Өлшемдердің метрлік жүйесі

Өлшемдердің метрлік жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Өлшемдердің метрлік жүйесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өлшемдердің метрлік жүйесін меңгерту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×