Сайтқа кіру Тіркелу

Дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері

Дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдері мен жолдары.

Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы. Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу - тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.
Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:
- бiлiм көзi;
- мұғалiмнiң оқытуы;
- оқушының бiлiмдi қабылдауы;
- оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;
- әңгімелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топ серуен, тәжiрибе жасау, т. б.

Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.
Ендi сол әдiс - тәсiлдердi атап көрсетемiз.
1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.
Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi. Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.
В. А. Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл - ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.
Ғалымдар Ф. Талызина, Е. Н. Қабанова, Меллер, А. В. Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады. Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып - үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.
“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi. Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, қалыптастыру, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.
Профессор Т. Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:
1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т. б.).
2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т. б.).
3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым – қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым - қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл - күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр - бiрiне көмек беруi, т. б.

Қарағанды қаласы
№ 6 жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жумажанова Дана Саветовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×