4 сынып
Тақырыбы: Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
Мақсаты: Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланысты диск.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, көрнекілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Мазмұнын сұрау.
Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.
2. Топпен жұмыс
1. Егін шаруашылығы
2. Мал шаруашылығы
3. Шаруашылықтардың пайдасы
3. Сызбамен жұмыс
ІІІ Білімді тексеру кезеңі:
- Қуаң дала, шөл шөлейт жерлерде бау - бақша қалай өсіріледі? Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді? Күріш қалай дастарханға келеді? Еділбай қойы мен арқар - меринос қойының айырмашылығы қандай?
ІV Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
Суреттер бойынша түсіндіру.
Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.
Суреттерін көрсетіп түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.
VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау
- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.
- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
- Тоғайда әсіресе не көп өседі?
VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі
93 - 95 - беттерді оқу, мазмұны, дәптерге 0осымша мәліметтер жинастыру.
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
- мака
- 18 қаңтар 2013
- 42650
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, 4 сынып дүниетану орман, тоғай, өсімдіктері, жануарлар
Ұқсас жаңалықтар:
Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)
Шығыс Қазақстан облысы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «б» сынып оқушысыХамзаев Бағлан Толеуахметұлы...Орманды дала және дала зоналары
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы ...Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Қазақстанның табиғат зоналары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары...Дүниетанудан тест жұмысы
Қарағанды қаласы, № 6 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжит Манат Жанатқызы Тойбекова Анар Мухсиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.