Сайтқа кіру Тіркелу

Көмектес септік

Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ
Бастауыш мектептің мұғалімі
Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы

Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Сабақ мақсаты: Білімділігі:Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: жеке тұлғалық, жолдастық көмекке баулу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік. Сабақ ерекшеліктеріне тоқталу.
Балалар, қазір қай мезгіл?
«Қыс мезгілі». Қыста жер беті ақ көрпеге оралады.
Міне, қыстың екінші айы, яғни бүгін қысқы орманға серуенге шығайық. Серуенге шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше дайындықтарыңды тексеру үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3-4 оқушыдан сұрау)
Дайындықтарыңды тексердік. Дайын екенсіңдер. Көмектес септігі туралы білімімізді толықтырамыз. Ал, ендеше серуенге кеттік.
Мінекей, орманға да келдік. Алдымызда үлкен ағаш тұр. Өзі бір жәй ағаш емес-ау деймін. Жақындап көрейік. шынымен діңінде конверт тұр. Оның қасында сауысқан тұр. Неге сауысқаннан басқа құс жоқ?
Мынау не конверт екен? Ағашқа өрмелеп конвертті алайық.
(конвертті ашып, хатты оқиық)
Мен сиқырлы ағашпын. Мына сауысқанға тапсырма беріп едім. Ол орындай алмай тұр. Оған көмектесетін құстар әлі жылы жақтан келмеген екен.
Сендер көмектесе аласындар ма?
Менің тапсырмам:
Оқулықтағы 349-жаттығу.
Берілген сөздерді септе:
1-қатар 2-қатар 3-қатар
әнші қобыз домбыра

- Балалар, біз сауысқанға көмектестік. Сауысқан не дер екен?
(Жарайсыңдар, балалар, рахмет!)
- Серуенімізді жалғастырып, әрі қарай жүріп кетеміз. Мәссаған, мына аппақ қардың үстінде іздер ненің ізі (аңдардың)
Бұны аңшылар «Қансонар» дейді. Бұл кез аңшылар үшін өте қолайлы. Ендеше кітабымызда «Қансонар» деген өлең берілген.
1. Өлеңді оқыту. 350-жаттығу
2. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазу.
Сөздерді сөз құрамына талдау.
Балалар әрі қарай серуенімізді жалғастырайық
- Енді алдымыздан қоян шықты
- Балалар қоянның қыста түсі неге ақ?
- Бұл жауынан қорғану үшін қажет
Біздің келетінімізді сезгендей ол да тапсырма дайындап қойыпты.
Қоянның тапсырмасы кітаптағы 351-жаттығу екен.
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз
Үлгі:Гүлзатқа бару
Гүлзатпен бару
Балалар, қоян бізге бірдеңе айтқысы келіп тұр
Қоян:Балалар сіздерге рахмет. Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер.
- Мынау қандай құс?
Ол қыста қалатын құс (құр)
Ол да бізге тапсырма бергісі келіп тұр.
353-жаттығу (берілген сөздерге көмектес септігін қойып жаз)
Құрдың сөзі:Қоршаған ортаға әрқашанда қайырымды болыңдар.
Олай болса , балалар табиғат деген бізді қоршаған орта тау, тас, су, ауа, жер, құс.
Табиғаттың адамға берері мол. Өсімдікдіктерді алсақ- ол отын да, құрылыс материаллы да, дәрі-дәрмек те. Адам саялайтын көлеңке, қағаз, шырпы, мал азығы. сондықтан да табиғатты қорғауымыз керек. Ол үшін ағашты сындырмау, гүлдерді жұлмау, орманға қоқыс тастамау, құстарды аялау керек.
Қысқы орманды тамашаладық. Жолда сыныбымызға келгенше тест тапсырмасын орындайық
1. Көмектес септігінің жалғауын тап
А) -ға, -ге, -қа, -ке
Ә) -мен, -бен, -пен
Б) -ның, -нің, -тың, -тің
2. Кіммен?немен?сұрақтарына жауап беретін септік
А)атау септік
Ә)барыс септік
Б)көмектес септік
3. Көмектес септікте тұрған сөзді тап
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым
А)үйдің
Ә)қабырғасын
Б)балшықпен
4. Мына схемаға сәйкес келетін сөзді тап
А)гүлдерді
Ә)кірпіні
Б)доппен
5. Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр
Әсет ағашты арамен кесті.
А)Әсет
Ә)кесті
Б)ағашты
6. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады
А)толықтауыш
Ә)пысықтауыш
Б)баяндауыш
Үйге тапсырма :
352-жаттығу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×