Сайтқа кіру Тіркелу

«Ас-тағамдар»

Сабақтың тақырыбы: «Ас тағамдар»

Сабақтың білімділік мақсаты: Балаларға ас туралы түсінік беру. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сол арқылы балаларды нанды қастерлеуге, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация. Нан түрлері.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ. Түсіндіру.
III. Сергіту сәті.
IV. Бекіту. Тапсырма.
а) Тағамдар неден алынатынын табу.
ә) Пайдалы тағамдарды көрсету.
б) Не артық?!
V. Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Мақсаты: Балалардың бір - біріне жылы лебіздерін білдіруі.
- Балалар, қараңдаршы, біздің дастарханда нанның бірнеше түрлері бар. Атап беріңдерші.
- Осы нанды біз қайдан аламыз?
Мен сендерге «Нан қайдан шығады?» деген ертегі айтып берейін.
М. Етекбаевтың «Нан қайдан шығады?» ертегісін суреттік көрініс бойынша әңгімелеп беру.

Бір күні тышқан нан дүкеніне кіріпті. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартады. «Апыр - ай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалайды.
- Нан, нан, сен қайдан шықтың? – дейді сыбырлап.

- Сатушыдан сұра. – дейді нан.
Тышқан сатушыға келді.
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - дейді сатушы.
Тышқан тымпаңдап наубайханаға келеді.
- Нан қайдан шығады? - дейді бір наубайшыға келіп.
- Диірменшіден сұра, - дейді наубайшы.
Тышқан диірменшіге келеді.
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрайды.
- Комбайншыдан сұра, - дейді.
Ташқан далада егін орып жүрген комбайншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? - деп сұрайды.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайншы.

- Балалар ертегі ұнады ма?
- Онда не туралы айтылған?
- Нан қайдан шығады?

II. Жаңа сабақ. Түсіндіру.
Жұмбақ жасыру:
Алтын сары тоны бар,
Қауызында дәні бар. (бидай)
- Балалар, дихан сөзін қалай түсінесіңдер? Көрдіңдер ме нанға қаншама адам еңбек етіп, тер төкті. Ендеше, адамдар қаншама тер төгіп, еңбек етіп әзірлеген нанды қадірлеп, қастерлеуіміз керек.
Осы нан туралы кім қандай тілек, мейірімді сөз біледі?
Балалар жауабы:
- Нан көп болсын!
- Еліміз нанға бай болсын!
- Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- Жарайсыңдар балалар! Енді маған мына суреттегі заттардың атын атап беріңдерші. Бұлардың бәрін бірге қалай атаймыз?

III. Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бірт тұрып,
Бір тынығып алайық.

IV. Бекіту. Тапсырма.
Дидактикалық ойындар:
а) Тағамдар неден алынады.
Балалар әр тағамның атын атап, ол қай жануардан алынатынын айту керек.

(Оқушылар атын атап, қай жануардан алынатынын айтқан соң, тексеру үшін сол тағамды тышқанмен шертеміз. Тағам тиісті орнына жылжып барады.)

ә) Пайдалы тағамдарды тап!
Суреттегі тағамдардың ішінен адам денсаулығына пайдалы тағамдарды тізіп атауы керек.
(Бұл тапсырмада да оқушылар атаған тағамды тышқанмен шертеміз, тағам адам денсаулығына пайдалы болса, тақтаның оң жағындағы бос текшеге барады, ал, керісінше зиян болса, қызыл жолақпен сызылады.)
б) Не артық?!
Суреттердің ішінен артық затты табу.
(Мұнда да оқушы жауап берген соң оқушы атаған затты тышқанмен шертеміз, егер жауап дұрыс болмаса, зат сызыла, дұрыс болса, зат үлкейіп - кішірейіп орнынан қозғалады.)

V. Қорытындылау, бағалау.
Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабаққа барлығың өте жақсы қатыстыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×