Сайтқа кіру Тіркелу

Ғ. Мұратбаев туралы білеміз бе?

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра

Тақырыбы: Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?
Мақсаты:
1. Шығыс жастарының ақылшысы, жетекшісі болған Ғани өмірімен таныстыру;
2. Жас ұрпаққа үлгі тұтатын, солардай болсам деп армандайтын жасөспірімдерді оқуға ізденуге, үйренуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың өз ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту;

Көрнекілігі: Ғани Мұратбаев суреттері, буклет, кітап бұрышы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
- оқушыларды сабаққа дайындау;
ІІ. Жоспар
1-бөлім. Кіріспе
2-бөлім. Ғанидың өмірінен көрініс
3-бөлім. Ғанидың өмір жолы
4-бөлім. Поэзия минуты
5-бөлім. Слайд-шоу.
6-бөлім. Қорытынды

1-бөлім. Кіріспе
Мұғалім:
Тұман еді...
Түн еді, ертең еді...
Түнек еді, өскенге дерт - өлеңі...
Өзгертті де дүниені ел шемені,
Өр сапарға шақырды ерте мені
деп жасынның жарқ еткеніндей ғана ғұмыр кешкен Ғани жиырма үшке толып үлгермей өмірден өтті. Ол жымия күлген бойы жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын аттады.
Ғани - ғұмыр. Ғани - ғасыр.
Ғани, ол кім еді? Бір сәт өткенге көз жіберіп көрелік.

2-бөлім. Ғанидың өмірінен көрініс.
Бала: Мұратбай аға, Бәтима жеңешем ұл тапты. Сіз ұлды болдыңыз. Сүйінші, сүйінші!
Мұратбай: Айналайын, сүйіншің дайын.
Қалағаныңды ал. Бұл нәресте - менің көптен күткен қуанышым, атын татар
тамырымның құрметіне Ғанибай деп қоямын. Мұғалім:
Бұл қуаныш 1902 жылы 3-маусымда болған еді.
Қазалының киелі топырағында айналаны шаттыққа бөлеп Ғани дүниеге келді. Әрине, ол кезде Ғаниды шығыстың болашақ жаужүрек жалынды ұланы болатынын ешкім білген жоқ. Алаулаған таңның алабұртып атып келе жатқанын тек Табиғат - Ана сезгендей, төңірекке күншуағын төгіп, мейірлене қарап тұрған еді.

Бала: Апа, оқығым келеді. Әкем менің оқып, азамат болғанымды қалапты ғой.
Анасы: Иә, құлыным, әкең сенің оқығаныңды армандап кетті ғой. Оқу жасынан өтіп те кеткен сияқтысың. Биыл күзден бастап оқуға берем, қазақ баласының саны жетпей тұр дейді.
Мұғалім:
Ол 1911жыл болатын. Әкесі қайтыс болған соң тоғыз жасар Ғаниды анасы сол кездегі уезд орталығы Қазалы қаласына алып келіп, орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Оны бітіргеннен кейін бастауыш училищесінде оқып білім алады.
Ғани он бес жасқа толғанша біршама білім алып сауаттанады. Бұдан кейін бір жылдай уездік комитетте қызмет істейді.
Жүрегі асаудай тулаған сергек сезімді жас жігіт алыс армандарға ұмтылады.

3-бөлім. Ғанидың өмір жолы
1-оқушы:
Шығыс жастарының көсемі атанған Ғани Мұратбаев Қазалының киелі топырағында, қазіргі өзінің атымен аталатын ауылда Мұратбай болыс шаңырағында 1902 жылы 3-масымда дүниеге келеді.
2-оқушы:
1917-1918 жылдары Қазалыда тұңғыш рет Кеңес өкіметі құрылғанда Ғани Мұратбаев ревкомның мүшесі болып қызмет атқарды.
3-оқушы:
1919 жылы Ғ. Мұратбаев жастар ұйымына мүше болып қабылданды.
4-оқушы:
1920 жылы Верныйда педагогикалық курста сабақ берді.
5-оқушы:
1921 жылы 22 наурызда Ғ. Мұратбаевтың бастамасымен «Жас Алаш» газетінің тұңғыш номері шықты. Оның редакторы Ғани Мұратбаев болды.
6-оқушы:
1922 жылы Ғани партия мүшелігіне қабылданды.
7-оқушы:
1924 жылдың қыркүйек айынан өмірінің соңына дейін Коммунистік Жастар комитетінің мүшелігіне сайланып, шығыс елдері жастары бөлімінің меңгерушісі болады.
Мұғалім:
1925 жылдың 16-сәуір күні Ғанидың денесі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінің залына қойылды.
23 жыл ғұмыр кешкен Ғани рухани мол мұра қалдырды. Оның от-жалынға оранған қайрат-жігері, болашақты болжауы, көрегендігі, іскерлігі, тұрақтылығы, асқан жауапкершілігі, адалдығы, әділдігі - ұрпаққа ұлағат болар мәңгілік мұра.

4-бөлім. Поэзия минуты.
Жарқын іске бастап Шығыс ұл-қызын,
Қараңғыда жарық берген жұлдызым!
Сен аңсаған азат ашық аспанда
Ұшырамын өзіңе арнап жыр-құсын!
(Ақын жазушылардың Ғани турал жазған өлеңдерін оқиды. )

5-бөлім. Слайд-шоу.
(Ғани Мұратбаевтың суреттерінен слайд-шоу көрсетіп, таныстыру. )
Ән: Қазақтың қара баласы. Орындайтын: Махамбетұлы Дамир
Ән: Қазақ осы. Орындайтын: Әбдуали Ғалым
6-бөлім. Қорытынды
Мұғалім:
Халқымыздың ардақты да, абзал азаматы, аққан жұлдыздай аз жасап, артына мол мұра қалдырған, Қазақстан мен Ота Азия жастарының жалынды жетекшісі , көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Ғани Мұратбаев ел мүддесі үшін жасаған жанқиярлық еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Әр заманның лайықты иесі болады. Өз заманының қадірін біліп, мақсатын жете түсіну кез-келген адамның қолынан келе бермесе керек. Ғани өз заманының тілін біліп, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, өр кеуделі өрен еді. Елдің жоғын жоқтады, болашаққа сенді, ізінде өнегелі із қалдырды.
Сендер де өз заманының жалынды күрескері, тәуелсіз еліміздің тірегі, қайтпас қайсар қорғаушысы болады деп сенемін.

Хор: «Ғанидай боламыз»
Мұғалім:
Өшпес ісің кеткен артқа қалдырып,
Жасай бермек әр күн сайын жаңғырып.
Миллиондаған жүректердің төрінде,
Жарқын бейнең жасай бермек мәңгілік!
Осымен Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерекесіне арналып өткізілген «Ғани Мұратбаев туралы білеміз бе?» тақырыбындағы лекция сабағымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен

Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың...
Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек.

Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Әлиева Гүлсім Кеңесқызы Cабақтың тақырыбы: Өткеніміз...
Шығыс шамшырағы - ұрпақтарға ұлағат

Шығыс шамшырағы - ұрпақтарға ұлағат

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі. Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы санаты: бірінші Білімі: жоғары Сабақтың...
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атт ...

Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атт ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы ...
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл

Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтекеби кенті, № 266 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Жұбанова Мөлдір Берікқызы ШЫҒЫС ШАМШЫРАҒЫ –...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×