Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім.
Кіріспе сөз.
(Сюжетті суреттермен жұмыс жасау арқылы түсіндіру.)
Сонау XVII ғасыр басында жоңғарлар қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.
Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.

1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі – ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.

Енді 1991-ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
Ән. «Әнұран».
- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша XXI ғасыр білім ғасыры. Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыны сыныбымыздың «XXI ғасыр озаты» деп тағайындаймыз.
Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылар іріктеліп шығады.
І тур
Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.)
Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 оқушы іріктеліп алынды.
Оқушы жауабынан:
№1. Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім.
№2. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім.
№3. Мен ауылыма су жеткізер едім.
№4. Мен мешіт салдырамын.
№5. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін.
Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды.

2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.)
№1. Мен кітап сыйлар едім.
№2. Мен киім беріп жіберемін.
№3. Мен тамақ берер едім.
№4. Мен хат жазар едім.
№5. Мен ойыншық сыйлар едім.
Ұпайлары: №1 – Гүлшат 5 ұпай, барлығы 10 ұпай.
№2 – Марат 5 ұпай, барлығы 10 ұпай.
№3 – Мұхамеднұр 5 ұпай, барлығы 10 ұпай.
№4 - Мұхамедәлі 5 ұпай, барлығы 10ұпай.
№5 – Ұлдана 5 ұпай, барлығы 10 ұпай.

3. Егер сен Желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, Желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.)
№1. Туған елімнің басшысы қазақ болғанын қалар едім.
№2. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін.
№3. Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын.
№4. Тәуелсіз ел болу үшін күресемін.
№5. Өзімнің туған тілім үшін қатысамын.
Ән. «Қара бауыр қасқалдақ».
Ұпайлары: №1- 5 ұпай, барлығы 15 ұпай.
№2 - 5 ұпай, барлығы 15 ұпай.
№3 - 5 ұпай, барлығы 15 ұпай.
№4 - 5 ұпай, барлығы 15 ұпай.
№5 - 4 ұпай, барлығы 14 ұпай.
Білімділігімен алға төрт бала шықты.

ІІ тур.
Сұрақ-жауап. (1-мин.)
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата.
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім?
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.
4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата.
Ұпайлары: №1- 5 ұпай, барлығы 15 ұпай.
№2 - 2 ұпай, барлығы 17 ұпай.
№3 - 5 ұпай, барлығы 20 ұпай.
№4 - 5 ұпай, барлығы 20 ұпай.
Бұл турдан үш бала алға шықты.
ІІІ тур.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут).
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)
№3-ке: Ерлік пен бірлік-------------(егіз)
№4-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы)
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)
Ұпайлары: №1- 5 ұпай, барлығы 25 ұпай.
№3 - 5 ұпай, барлығы 25 ұпай.
№4 - 5 ұпай, барлығы 25 ұпай.

ІV тур.
Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар.
1-сұрақ: Жеті ата. №1- 5 ұпай, барлығы 30 ұпай.
2-сұрақ: Бес парызды ата. №3 - 3 ұпай, барлығы 28 ұпай.
3-сұрақ: Бес қару. №4 - 5 ұпай, барлығы 30 ұпай.
Келесі турға екі оқушы шықты.

V тур.
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз.
Ән: «Қазағым»
Оқушы шығармашылығынан:
№1-Гүлшат: Қазақстан кең байтақ,
Туған өлкемсің!
Қазақстан тәуелсіз ел,
Байтақ жерімсің!
Егеменді елдің,
Мен бүгінгі ұрпағы.
№4-Мұхамедәлі: Сүйемін туған елімді,
Сүйемін байтақ жерімді.
Сүйемін қазақ халқымды,
Сүйемін Отан анамды.

Ұпайлары: №1- 5 ұпай, барлығы 35 ұпай.
№4 - 4 ұпай, барлығы 34 ұпай.
Сонымен бүгінгі «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» атты тәрбие сағатымыздың «XXI ғасыр озаты» атағын Гүлшат жеңіп алды. Мойынына өзіміздің ту түстес лента тағылып, мақтау қағазымен марапатталды.
Ал, Мұхамедәлі ынталандыру жүлдесіне ие болды.

VI. Қорытынды сөз.
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.
Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.
Ән. «Менің Қазақстаным».
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×