Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың бас ақыны. М. Әуезов «Бала Абай»

Пәні: әдебиеттік оқу Мектеп: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ
Күні: 20. 02. 2020 жыл Мұғалімнің аты - жөні: Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы
Бөлім: Атақты тұлғалар.
№ 67 сабақ Қазақтың бас ақыны. М. Әуезов «Бала Абай»
Сынып: 3 Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары) 3. 2. 2. 1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады, мәтін мазмұнын айтудасурет нұсқасын қолданады;.
Кейбір оқушылар: бағалауға, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.
Бағалау критерийлері  мәтін мазмұнын айта алады;
 мәтінді қатесіз, түсініп оқиды;
 мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
 мәтін бойынша сұрақ қояды;
 мәтін бойынша қойыған сұрақтарға жауап береді;
 суреттерді қолданып, мазмұндайды.
Тірек сөздер Оқушылар: мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды, жауап береді.
Мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Бала Абай, ынтыға тыңдайтын, әңгімешіл екен, сырқаттанып қалып.
Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Абай ертегі, аңыз, әңгіме, қисаларды тыңдап өсті, себебі....

Құндылықтарды дамыту Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. Адамгершілікті, ана мен бала арасындағы ізгілікті, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, музыка
АКТ - ны қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, ғаламтор,
Алдыңғы білім Ғ. Қайырбеков. «Алғашқы қоңырау»
Ресурстар Топқа бөлуге арналған алақан суреттері, интерактивті тақта, стикер, бейнеролик, постер, кері байланыс
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Сабақтың ортасы Сыныпты топқа бөлу

«Алақандар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған алақандарды алып, 1, 2, 3 топтарға бөлініп отырады.
Топ болып бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін білдіреді.
Үлгі:
- Топ оқушыларына сәттілік тілейміз!
- Тек қана алға!
- Жақсы көңіл күймен сабаққа қатысайық!
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір - бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ЖЖ, Ұ)
Тест
1. Кім қаққан, аты – жөні кім қоңыраушының,
Даланың дүбірлеткен қойнау, шыңын!
Қалың ел, қара қазан, сары баланың
Қашанғы арын, қамын ойлаушы кім?

Өлең кімге арналған?
А. Ыбырайға
Ә. Фарабиге
Б. Абылайға

2. Ыбырай Алтынсарин кім?
А. Ғұлама ғалым, ойшыл, ғұлама
Ә. Хан, қолбасшы, батыр
Б. Алғашқы ұстаз, ағартушы, жазушы

3. «Алғашқы қоңырау» өлеңінің авторы кім?
А. Бұқар жырау
Ә. Ғафу Қайырбеков
Б. Мұхтар Әуезов

4. Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін,
Бар қазақ аспанында ұшты бүгін.
...,............
.............,.......
Өлеңнің жалғасын тап.

А. Қалың ел, қара қазан, сары баланың,
Қашанғы арын, қамын ойлаушы кім?
Ә. «Ыбырай!», «Ыбырай!» деген жалғыз есім
Туған жер таза ауасын, құшты қырын.
Б. Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.

5. Ғафу Қайырбековтің туған жылы және туған жері.
А. 1928 жылы, Қостанай облысы, Жангелдин ауылы
Ә. 1939 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Б. 1845 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
ҚБ. Тамаша! Жақсы! Талпын!

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер

Тест тапсырмалары
«Ой шақыру» тапсырмасы.
«Желсіз түнде, жарық ай» әнін тыңдайды, жетелеуші сұрақтарға жауап береді.
- Әнді кім жазған?
- Ән қалай аталады?
- Қандай өлеңдерін білесің?
- Абайды кім дейміз?
- Биыл Абай атамыздың туғанына неше жыл толады?
Сұрақтары бойынша оқушылар өз
ойларымен бөліседі.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен
таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

1 - 1 тапсырма.
(МК, Ө) «Пирамидалық талқылау»
Стратегиясы бойынша қағазға берілген үлгіні түсініп оқып, жауап жазады.
(Абай туралы мәлімет жинап келу алдын ала тапсырылады.)

Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты – Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін
ақын болған жоқ.
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.
Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек.
Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
Абайда осы үшеуі де болған.
Ахмет Байтұрсынұлы.

Бұрыннан білемін Жаңа мәлімет

Автор жайлы мәлімет.
(Т ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен М. Әуезов туралы не білетіндерін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1. Ол кім?
2. Қайда туған?
3. Қандай қызмет атқарған?
4. Қандай шығармаларын білесің?
Қосымша: Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Ол алты жасында Абай өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып береді екен. «Абай жолы»,
«Қорғансыздың күні», «Көксерек» т. б шығармалары бар.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма топқа ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін – бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Бала Абай туралы қысқаша бейнеролик көрсетіледі.

2 - тапсырма.
(Ө, Т, МК) « Шеңбердегі әңгіме»әдісіне сүйеніп, мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап береді. Суретке зер сала отырып әжесі мен Абайдың арасында диалог құрастырады.
Үлгі:
- Әже, менің шын есімім Ибраһим. Сіздің де шын есіміңіз бар ма?
- Иә, Тоқбала. Мен жастайымнан зерек, мейірімді болған соң Зере деп атап кеткен.
- Мына әңгіме, ертегінің бәрін қайдан білесіз?
- Өмірде естіп өскен едім т. б.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Тапсырманы орындау кезінде бірін – бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Дескриптор:
• Мәтін мазмұнын айта алады;
• Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды;
• Мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
• Мәтін бойынша сұрақтар қояды;
• Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: «Смайлик» арқылы бағалау
3 - тапсырма.
(ЖЖ, ОТ) «Желпуішке жазылған сұрақтар» стратегиясы арқылы мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.
Үлгі:
- Мәтін кімдер туралы?
- Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?
- Әжесі мен бала Абай арасында қандай оқиға болды?
- Саған мәтіннің қай тұсы ұнады? Неліктен?
- Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?
- Бұл әңгімені кім жазған?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді.
ҚБ: «От шашу» арқылы бағалайды.

Поэзиялық минут. Оқушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

(МК, Ө) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша Абайдың аналарының аттарын тауып дәптерге жазады.
Үлгі: Әжесінің аты – Зере (шын есімі Тоқбала). Шешесінің аты – Ұлжан.
Сотка
Абайдың суреті, кітаптары

Cызба

Пікірлер ағашы
Интерактивті тақта
бейнеролик
Интерактивті тақтадан «Бала Абай» әңгімесінен әжесі мен бала Абайдың суреті

ҚБ Смайликтер

«Желпуішке жазылған сұрақтар»
Оқулық, дәптер
Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Жұппен жұмыс.
«Ой қорыту» стратегиясы арқылы сөзжұмбақты шешеді.
1. Мәтін қалай аталады? Бала...
2.... Абайдың жасы он үшке толған еді.
3. Абайдың әжесі әңгімесін қалай бастап еді?
4. Абай қайдан көп шықпайтын болды?
5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
6. Биыл әміресе Абайдың... өскен.
7. Абайдың шешесінің есімі кім?
8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма жұппен орындалады. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
ҚБ:

Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.
«Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасалады

1 А
2 б
3 а
4 й

5 ж
6 о
7 л
ы

ҚБ Күн, бұлтты күн, жаңбырлы күн суреттері

Қызыл алмаға сабақтан алған әсерін, білімін жазады. Сары алмаға сұрағын жазады

Саралау
Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өзі өзгертіп отыруы қажет Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
2, 3, 4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Шеңбердегі әңгіме», «Идеяны толықтыру», «Желпуішке жазылған сұрақтар» әдістері арқылы тапсырмалар орындалды. Тапсырманы орындау барысында әр
оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Ой қорыту» әдісі арқылы тапсырма орындалды. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бас бармақ», «Смайлик», «От шашу», «Күн көзі арылы» бағалау әдісі

Дескриптор:
• Мәтін мазмұнын айта алады;
• Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды;
• Мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
• Мәтін бойынша сұрақтар қояды;
• Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×