Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «А»
Тақырыбы: Түлкі мен тиін.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мысалды оқи отырып, мазмұнын түсініп айтуға, мысалдағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыра түсу.
Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Мақтаншақтықтан аулақ болуға үйрету. Адамгершілік қасиеттерге баулу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны түсінеді, тиін мен түлкіге мінездеме бере алады. Жақсы, жаман мінез құлықтарды ажырата алады. Кейіпкерлерді сипаттай алады.
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақтар, интерактивтік тақта, сызбалар т. б
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды
құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену.
«5»- ке қолды жеткізу
3. Өткенді пысықтау
- Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
- Сол күнгі ауа – райы қандай еді?
- Аңшы неге ызаланды?
- Елікті атуға неге батылы бармады?
- Аңшы орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?
4. Қызығушылығын ояту
«Жұмбақтар»
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу.
(Түлкі)
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарылап кетеді.
(Тиін)
- Бұл екеуі неге жатады?
- Аңдар неге тірі табиғатқа жатады?
5. Жаңа сабақ
«Түлкі мен тиін»
Әбдірахман Асылбеков
(Мысал)
- Мысал дегеніміз не?
Мысал - көбінесе мақал - мәтелге, ертегіге жақын
болғандықтан халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі. Мысал - көбінесе жағымсыз әрекеттерді сынауға, шенеуге құрылады.
Мысалда нақыл сөз болады.
Әбдірахман Асылбеков
1938 ж 1 мамыр күні Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында дүниеге келген. Каз ПИ - дің тарих - филология факультетін бітіріп, мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, 31 жыр кітабын шығарған. Лирика, ән мәтіндер жазған, сатира және аудармамен айналысады. Көптеген байқаулардың жүлдегерлері. Балаларға арналған өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
Сөздік жұмысы
Қиыр – алыс
Маң - өте жақын жер
Жайрады – сұлап жатты, өліп жатты.
Мағынаны тану
1. Өлеңді өзім мәнерлеп, түсінікті етіп оқып беремін.
2. Оқушыларға оқыту.
3. Рольге бөліп оқыту (Түлкі, тиін, автор)
4. Сұрақтармен жұмыс.
- Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
- Тиін оған қалай жауап қатты?
- Сол сәтте қандай жағдай болды?
- Қай аңның айласы басым болды?
5. Өлеңнің толық мазмұнын айту
6. Өлеңдегі негізгі ой не?
Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.
Әр топқа плакат беру, әр топтағы оқушылар бүгінгі және бұрынғы білімдерін қоса отырып, ассоциация құрады. Онда осы аңдар жайлы жалпы мәлімет көрсетілуі керек./мінезі, жүретін жері, немен қоректенеді?/т. б. өздері білетін мәліметтер толық көрсетілуі керек.
Топпен жұмыс
1 - тапсырма
І топ. Тиінге сипаттама беру.
ІІ топ. Түлкіге сипаттама беру.
ІІІ топ. Қасқырға сипаттама беру.
І топ жұмысы.
Момын Ешкімге зияны жоқ
Жаңғақ, Секіріп Құйрығы Ағаш қуысында
саңырауқұлақ жүреді үлкен өмір сүреді
жейді Пысық
ІІ топ жұмысы
ІІІ топ жұмысы
Мінезі өте жаман
Жыртқыш
Орманда, тауда жүреді
Азулы аң
Терісінен тон тігеді
Ет жейді
Адамды да жеп қояды
2 - тапсырма
І топ. «Тоқсан тоғыз айлалы» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
ІІ топ. «Тайраңдар» сөзінің мағыналас қатарын тауып көр.
ІІІ топ. Түлкі мен тиіннің сыртқы бейнесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты айт.
Сахналау
Әр топтан өздері келісіп алып сахналайды. Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып, бағалау
Ой қорыту. Өмірмен байланыс.
- Мысалдан қандай ой түйдіңдер?
- Мақтаншақтық т. б. жаман әдеттен аулақ болу керек.
- Өмірде ақылды, тапқыр шешім қабылдай білу керек деген ой түйдік.
Ой толғаныс
Топтық тапсырма
І топ. Түлкіге мінездеме беру. Сендер түлкіге ұқсағыларың келе ме?
ІІ топ. Сендерге тиін ұнай ма?
ІІІ топ. Ситуация. Құлап жатқан құстың балапанын көрдің. Ұясы бұзылыпты. Қандай амал қолданар едің?
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Мамырдың он төрті.
Әбдірахман Асылбеков
«Түлкі мен тиін»
(Мысал)
Түлкі – мақтаншақ, өтірікші. Қасқырға жем болды.
Тиін – ақылды, тапқыр. Қасқырдан құтылып кетті.
Венн диаграмма
Сабақты бекіту
- Сендер осы тақырыптан не үйрендіңдер?
- Қандай жақсы қасиеттерді бойымызға алдық, үйрендік?
- Қандай жаман қасиеттерден жирендік?
Жақсы қасиеттер:
Еңбекқор
Ақылды
Жаман қасиеттер:
Жалқау
Айлакер
Қорытынды.
- Сабақта сендер қандай жұмыс түрлерін орындадыңдар?
(жұмбақ шештік т. б)
- Осындай жұмыс түрлерін бір сөзбен қалай атауға болады? (Еңбек)
- Сендердің мектептегі басты еңбектерің не? (оқу)
Ендеше, оқу, еңбек туралы қандай мақал - мәтел білеміз?
Бағалау
Үйге тапсырма
«Түлкі мен тиін» мысалын оқып, мазмұндап келу
Сабақ аяқталды
Түлкі мен тиін
- ramuk_b
- 17 сәуір 2019
- 5092
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түлкі мен тиін ашық сабақ, 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...Аңдардың қысқы тіршілігі
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра...Қызғалдақ пен қарасора
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора Сабақтың мақсаты: Білімділік:...Қызғалдақ пен қарасора
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.