Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі

Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен таныстыру; танымдық қызығушылықтарын, бақылау білу, талдау, қорытынды жасау білу дағдыларын дамыту; ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.

Көрнекіліктер: Глобус, ғаламшар мен күннің макеті, интерактивтікі тақта, слайдтар, суреттер, сызбалар, ауа райын бақылайтын дәптерлер.
Сабақтың түрі: ойын сабағы

Сабақ барысы:
1) Психологиялық дайындық.
Әрбір адам – туысың, досың, жұрағат Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
2) Үй тапсырмасын тексеру. Вассерман кестесін толтыру.
1. Шалғында қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді? 2. Далалы жерлерде қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар тіршілік етеді? 3. Шөлде өсетін өсімдіктердің ерекшелігін айт, және ол жерде қандай жануарлар бар? 4. Орман - тоғайда қандай жануарлар тіршілік етеді? 5. Тауларда қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді? 6. Суқоймада қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді?
7. Адамдар табиғатты қалай қорғайды?

Ауа – райын белгілейтін күнделікпен жұмыс
- Өткен аптадағы ең суық күнді атаңдар.
- Өткен аптадағы ең жылы күнді атаңдар.
3) Жаңа тақырыпты меңгеру.
- Сонау - сонау алысқа жүзсің десең кемелер Тылсым сырлы ғарышқа ұшсың десең денелер Жасау үшін бәрін де дүниетану пәні Ең маңызды ғылым бұл, сондықтан да, сондықтан да, ғылымның тілін біл!
- Бүгін біз ғарышқа ұшамыз! Ол үшін не керек? (- Скафандр) - Скафандрларыңызды киіңіз! (- Құп болады!) - Белдіктеріңізді тағыңыз! (- Құп болады!) - Ұшуға әзірсіз бе? -(Бәрі бірге) 5, 4, 3, 2, 1, 0! Старт! - Біздер қазір галактикадамыз! Отырыңыздар!
Слайд №1
- Бүгінгі тақырыбымыз - «Жер – ғарыштық дене»
Түнде аспанға зер салсақ, көп жұлдыздар көреміз. Олар жарқырап, сәуле шашып тұрады. Олар аспан денелері, жерден алыс орналасқандықтан, бізге кішкентай нүкте болып көрінеді. Адамдар жұлдыздарды шоқжұлдыздарға топтастырады. Барлығы 88 шоқжұлдыз бар. Оларға атау берілген. Ең танымал шоқжұлдыздар – Жетіқарақшы мен Кіші жетіқарақшы – оның ең жарық жұлдызы – Темірқазық (Поляр жұлдызы)
Түнгі аспандағы жұлдыздарды бақылайтын адамды «жұлдызшы» деп атаған, кейінірек оларды «астроном» дейтін болды. Астрономия – ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. («Астр» - жұлдыз деген сөз)
Слайд №2
Саяхатшылар мен теңізшілер сол бойынша бағдарды анықтаған. Солтүстік жақта орналасқандықтан, Темірқазыққа қарап, солтүстікті табады. Жер, Ай, Күн – ғарыштық денелер. Жер – шағын ғаламшар. Оның диаметрі 12740 километр. Ең үлкен ғаламшар – Юпитер. Оның диаметрі Жердің диаметрінен 11 есе үлкен, ал массасы біздің ғаламшарымыздың массасынан 318 есе үлкен. Күнді 8 ғаламшар - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып тұрады. Күн – Күн жүйесінің орталығы. Ғалымдар шағын ғаламшар Плутонды жұлдыздар қатарына қосты. Барлық ғаламшардың пішіні шар тәрізді, ал көлемі әртүрлі, бірақ олардың барлығы Күннен бірнеше есе кіші.
Слайд №3
Жұлдыздар өз алдына бөлек жүйелерге бірігеді. Барлық жүйелер галактикаға топтасады. Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, «Құс жолы» деп аталатын галактикаға кіреді. Әлемде ондай галактикалар көп. Ғарыш денелерінің арақашықтығын километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұл арақашықтар жарықтық жылдамдығымен өлшенеді. Өйткені, ол – ең үлкен жылдамдық. Жарық Жерге 1 секундтан ас бере, Күннен 8 минуттан аса уақытта жетеді.
4. Дәптермен жұмыс. Ғаламшарлардың атауларын жазу.
Слайд №4

5. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Слайд №5 Флипчарт
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз!

Күн – Жерге жақын орналасқан.... Бұл жанып жатқан - орасан зор.... Күннің пішіні... тәрізді. Жердің диаметрі... километр. Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, «...» деп аталатын галактикаға кіреді. Күн Жерден... миллион километрге жуық қашықтықта орналасқан.

6. Тесттік жұмысы
1. Күн дегеніміз не?
1) ғаламшар
2) жұлдыз
3) ғарыштық дене
2. Жер дегеніміз не?
1) ғаламшар
2) жұлдыз
3) ғарыштық дене
3. Күннің температурасы қандай?
1) бірнеше мың градус
2) бірнеше миллион градус
3) 0 градусқа тең
4. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
1) 3 ғаламшар
2) 4 ғаламшар
3) 8 ғаламшар
5. Күн жүйесінің ғаламшарын кімдер зерттейді?
1) Географтар
2) Астрономдар
3) Экологтар
6. Юпитер – бұл...
1) күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар
2) күн жүйесіндегі кішкентай ғаламшар
7. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан?
1) Шолпан, Жер, Марс, Меркурий, Нептун, Сатурн, Уран, Юпитер.
2) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Сатурн, Юпитер, Уран.
3) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
8. Жердің серігі бар ма?
1) бар, біреу
2) жоқ
7. Оқулықпен жұмыс. Сурет салу.
8. Қорытындылау. Кестемен жұмыс.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

9. Бағалау.
10. Үйге тапсырма: 68 – бет, мәтінді оқу. Қосымша ғарыш туралы оқып келу
- Үйге қайтайық!
- 5, 4, 3, 2, 1! Жерге қош келдік!
- Белдіктеріңізді шешіңіз! (- Құп болады!)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғарышқа жол ашу

Ғарышқа жол ашу

Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...
Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық...
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...
Күн - жарық пен жылудың көзі

Күн - жарық пен жылудың көзі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухамбеткалиева Самал...
Қуат

Қуат

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалымова Разия Бекшқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×