«Балқаш қаласы № 15 мектеп – лицейі» КММ
«Гүлзар» фестивалі
Қатысушылар. 1 сынып оқушылары
Өтетін орны: ІІ қабат кіші спорт залы.
Реквизиттер: экран, проектор, әділқазылар үстелі, гүл және ара макеттері, суреттер «Гүлзар» слайд - бейнесі, шар, экологиялық дана сөздер безендіру.
Жүргізушілер: Тұрсымбек Аяужан 5Ә сыныбы,
Қуанышбекова Аяулым 5 Ә сыныбы.
Тақырыбы: «Бала – тілімен сүйкімді,
Дала – гүлімен сиқырлы»
Мақсаты: «Гүл өскен ортада тазалық пен бірліктің, жақсылық пен жарқын болашақтың болары сөзсіз. Сондықтан өсімдіктер дүниесінің ең маңызды бөлігі - адамзат өміріне сән беретін, мән беретін гүлге деген оқушы сезімін ояту. Оқушылардың өсімдік жайындағы білімін кеңейтіп, өлке өсімдігін тануға, зерттеу және пайдасы туралы танымдық ойлау қабілетін дамытуға, оларды күтіп баптауға тәрбиелеу». Гүл мәдениетін насихаттау белсенділіктерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тұрақты дамуына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жүру барысы:
Фанфар
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі VІІІ дәстүрлі «Гүлзар» фестиваліне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. “Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..”
І жүргізуші: Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.
Ел басымыз Н. Назарбаев: Жасыл желек, бұл - біздің болашақ ұрпаққа жасап отырған сыйымыз
ІІ жүргізуші: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Гүлзар» мерекесі де келіп жетті.
І жүргізуші: Гүлзар фестивалін ашу үшін мектебіміздің директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шакарімқызына сөз береміз.
Бүгінгі фестивальде 4-ші дәстүрлі «Гүлзар» фестивалінің түлектерін ортаға шақырамыз. (үгіт насихат)
І жүргізуші: «Гүлзар» фестивалінің өту шарттарымен таныс болыңыздар!
1. Гүл туралы қойылым. «Гүл туралы аңыз»
2. Би «Гүлдер әлемі»
3. Үгіт насихат тобы «Гүл өмірдің ажары»
4. Қорғау жұмыстары «Мен өсіретін бөлме гүлі»
5. Сән үлгісі «Гүлдер, гүлдер көп гүлдер»
6. Хор
І жүргізуші: Гүлдер, Гүлдер; айналаның бәрі гүл,
Гүлді көрсең жасарады жаның бір.
Жасыл баулар самал желмен ырғала,
Жаз - тірліктің салтанаты, сәні бұл.
ІІ жүргізуші: Ортаға 1 сынып оқушыларының гүл туралы қойылымын тамашалаңыздар! (сахналық қойылым көрсетеді)
І жүргізуші: Аяужан сен білесің бе, өсімдіктер музыканы да жақсы қабылдайды. Тіпті әр өсімдіктің өзінің музыкалық қалауы бар. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаш – Чайковскийдің шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады екен.
ІІ жүргізуші: Ондай болса биді тамашалаңыздар! (би билейді)
І жүргізуші: Табиғаттың ажары, көркемі бір,
Шежіресі секілді ертегі - жыр.
Ал, тыңдаңдар, гүлдерге сөз береміз,
Өзі жайлы өздері сыр шертеді.
ІІ жүргізуші: «Гүл өмірдің ажары» үгіт - насихат тобын ортаға шақырамыз!
І жүргізуші: Аяулым қалай ойлайсың бүгін фестивалға ата - аналар, ұстаздар, оқушылар көптеп жиналыпты екен. Осыны пайдаланып бөлме гүлдерінің денсаулыққа пайдасы туралы айтсақ қайтеді.
ІІ жүргізуші: Әрине, барлық адамдар бірдей гүлдердің пайдасын біле бермейді. Бөлмедегі гүлдер жұмыс істеп отырған адамдардың бойын сергітіп, шаршағыштығын жояды, тамақтың құрғауынан, бас ауруынан, жөтел мен терінің кеберсуінен қорғайды. Өйткені топырақ салынған ыдысқа отырғызылған өсімдік бөлмедегі ауасындағы ұшатын органикалық қоспаларды өзіне сіңіріп, кеңістікті тазарта алады.
«Бала – тілімен сүйкімді, Дала – гүлімен сиқырлы». жүктеу
«Бала – тілімен сүйкімді, Дала – гүлімен сиқырлы»
- aiboll
- 13 ақпан 2018
- 1972
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Гүлзар фестивалі, бірліктің, жақсылық, үй гүлдері, 1 сынып оқушылары арасында
Ұқсас жаңалықтар:
Сыңғырла соңғы қоңырау
Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын...Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту....Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....Тәрбие сағаттар топтамасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Н.К.Крупская атындағы орта мектептің экономика мұғалімі Сауытбаева Гүлжазира Серікбайқызы..."Қарттарым, аман-сау жүрші"
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп тәлімгері: Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.