"Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі
Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Мыстан кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Жүргізуші: (бастаушының дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңажылдық карнавал,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар қатармен залға кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз балабақша директоры Дина Айтқожина Камиқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?
(ортаға 3 бала жүгіріп шығады)
Айгерім: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Арай: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқаймыз баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.
Карина: Наша елка велика,
Наша елка высока.
Выше папы, выше мамы -
Достает до потолка.
Как блестит ее наряд,
Как фонарики горят,
«Шырша» әні
Жүргізуші: Қандай әсем шырша, әдемі ойыншықтарды көрдіңдер, жарайсыңдар, балалар.
әуен ойналады (балалар бір - бірінің артынан жүгіріп орындыққа отырады. Жалқаубек орындақта жатады.)
Бір бала шыршаның артынан жүгіріп кетіп, әуен басталғанда шығады.
Ақсерім: Сылдыр - сылдыр қоңырау,
Сыңғырла да, сыңғырла
Ертегі енді басталсын,
Ақшақар келсін ортаға.
әуен. Ақшақар келеді.
Ақшақар: Балалар, бәріміз бірге, "Ақшақар" әніні орындайық.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, Ақшақар және балалар! Әнді керемет орындадыңдар. Ал, мына бала әлі ұйықтап жатыр, өзі қозғалмайды да!
Ақшақар: Жалқаубек, Жалқаубек
Жалқаубек: Не болды?
Ақшақар: Сен орындықта ұйықтама,
Суға барып келсейші,
Орманнан отын әкелсейші.
Жалқаубек: Барғым келмейді.
Ақшақар: Онда сен сыйлық алмайсың!
Жалқаубек: Сыйлықты жақсы көремін. Неменеге өзім барамын? Барлығын алтын балықтан сұрауға болады!
(Жүргізуші жабық тұрған аквариумды ашады.)
Жалқаубек: Ей, алтын балық. (аквариумға сыбырлайды)
Әуен ойналады(1 шелек, 2 шырша отынмен кіреді, билейді тоқтайды).
Жалқаубек: Ал, сыйлық қайда?
Ақшақар: Иә, Жалқаубек, саған сыйлық не үшін? Сен ештеңе де істеген жоқсың ғой!
Жалқаубек: (күрсінеді): Қайтыңдар үйге! Ал сыйлықты өзіме - өзім жасаймын!
Жалқаубек: Ей - й, Алтын балық, маған 1 қап тәтті кәмпит! (әуен орындалады, қапқа барады)
Жүргізуші: Ал Жалқаубек, қаптың аузын шеш. Саған осынша көп тәттінің қажеті қанша?
(қаптың аузын Жалқаубекпен, бастаушы шешеді, Мыстан кемпір шығады, барлығы таң қалады)
Мыстан кемпір: Бәріне Жаңа жалдық сәлем!
Сымбатты қыздар,
Сүйкімді ұлдар және
Қымбатты көрермендер!
Барлығы: Сен кімсің?
Мыстан кемпір: Мен зиянды, Мыстан кемпірмін. Мен сендердің мерекелеріңді бүлдіремін. Барлығыңды сиқырлап, орындыққа жапсырып, сиқырлы ұнтақты сеуіп тастаймын!
Жүргізуші: Мыстан кемпір, тентек болмаңыз! Ашуыңызды басыңыз!
Мыстан кемпір: Мен ашулы емеспін! Мен мына отырған баланы, орындыққа желімдеп, жапсырып қоямын, қане орныңнан тұрып көрші.
(Жалқаубекті орындыққа жапсырып қояды)
Мыстан кемпір: Жақсы! Ал, Ақшақарды ұйықтатып тастаймын! Тоқта, Ақшақар! Тоқта деймін! Тоқта!
(Ақшақардың артынан қуып, ұйықтатып тастайды. Әлди - әлди ұйықтай ғойшы балақай. Ақшақар ұйықтайды)
Мыстан кемпір: Міне, осылай, енді қалай көңіл көтересіңдер? Сау болыңдар! Көріскенше!
Жүргізуші: Қандай қатыгез адам. Қане, балалар орындарыңнан тұрып көріңдерші! Сендерді де сиқырлап кеткен жоқ па? Қандай жақсы! Балалар енді не істейміз?
Балалар: Аяз – Атаны шақырайық
Аяз – Ата, Аяз – Ата, Аяз – Ата! әуен. Аяз – Ата кіреді.)
Аяз – Ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді.
Жасым келіп қартайған,
Мен ақ шашты атамын
Сермесем болды қолымды
Жерді мұзбен, қармен қатырамын!
Бүгін бірақ мейірімдімін,
Ешкімді де қатырмаймын,
Ешкімді де ауыртпаймын!
Аяз - Ата: Көріп тұрмын барлығың мерекеге жиналыпсындар, ал, менің Ақшақарым қайда?
Балалар: Ұйықтап жатыр!
Аяз - Ата: Ұйықтап жатыр? Қалай ұйықтап жатыр? Оны кім ұйықтатты? Ал мына балаға не болған? Жалқаубекті кім желімдеп қойған?
Балалар: Мыстан кемпір!
Аяз - Ата: Жалқаубекті орнынан тұрғызып көрейін! Сиқырлы таяғым 1, 2, 3!
Ал, Ақшақарға менің күшім жетпейді. Сендердің орталарыңда өнерлі, балалар бар ма?
Қане көңілді әуен қойындаршы! Ақшақар оянып, көрермен таң қалсын!
( бір өнер көрсету) Сайқымазақтар кіреді Алихан сиқыр көрсетеді.
Аяз - Ата: Ақшақар оянды. Сендерге көп рахмет! Жарайсыңдар! Ал, енді, балалар, ән айтайық!
Айлуна: Келді Аяз - Атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.
Ән "Сәлеметсіз бе, Аяз ата?!"
Аяз - Ата: Балалар сендердің ойын ойнағыларың келе ма?
Әуен қосылған сәтте билейсіңдер! Мен таяғыммен тарсылдатқанда қатып қаласыңдар! Келістік пе?
Би «Ақшақарлар»
Аяз – Ата: Балалар әдемі шыршымызды жағатын уақыт келді. Қане, бәріміз бірге,
"Қуан бізді танырқат,
Шамдарынды жарқырат!" - деп айтамыз.
Балалар: "Қуан бізді танырқат,
Шамдарынды жарқырат!" (3 рет)
Жүргізуші: Аяз - Ата сіз қартайсаңызда, жас балаша билейсіз. Ал қазір қар шиыршығын қуып жетіп көріңізші!
Ойын «Қар шиыршығы» (ойын барасында Мыстан кемпір қар шиыршығын алып қашады)
Аяз - Ата: Тоқта Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: Тоқтап тұрмын.
Аяз - Ата: Әкел қар шиыршығын!
Мыстан кемпір: Бермеймін!
Аяз - Ата: Онда мен сені, сүмелек мұзға айналдырамын!
Мыстан кемпір: Ой тоңдым! Енді олай істемеймін. Кешіріңізші!
Аяз - Ата: Отыр да, кедергі болма! Ал біз Ақшақар екеуіміз Жаңа жылға арналған өлең жырлардан байқау өткіземіз! Жеңімпаздарға сыйлық бар!
Ләйлә: Жауды міне қар аппақ,
Айналанын бари аппақ,
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
Амина: Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен
Мария: Дети водят хоровод,
Хлопают в ладоши.
Здравствуй, здравствуй.
Новый год! Ты такой хороший!
Дильназ: Шұнақ аяз жалаңдап,
Екі санын сабады.
Аяз аузын ашады,
Құлақтанып қызыл күн,
Жасыл ұшқын шашады.
Анель: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр болып жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
Аяз - ата: Жарайсыңдар, балалар! Өлең жырларыңа көп рахмет! Өте жақсы! Міне, сендердің сыйлықтарың!
(шыршалар «Виза - билетті» алып кіреді)
Шыршалар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Шырша - мырша, Сәт - сапар фирмасы сіздерді Жаңа жылмен құттықтай отырып, жер жүзін саяхаттауға шақырады, міне сендерге Виза – Билет! Не айтасыздар барасыздар ма? Бармайсыздар ма?
Мыстан кемпір: Иә, иә, иә мен барамын. Мен барамын. Орындалды менің арманым.
(Виза - Билетті алады)
Аяз - ата: Тоқта, Мыстан кемпір бұл саған емес, балаларға! Бұл балалардың өлең жырлары үшін сыйлықтар!
Мыстан кемпір: Жоқ! Жоқ! Жоқ! Бұл маған! Мен сондай армандап едім! (шыршалардың қолынан виза – билетті тартып алады)
Жүргізуші: Ал, балалар ше?
Мыстан кемпір: Балалар, балалар ма? Жарайды өзіммен қоса біреуіңді ала кетейін. Ақшақарды алып кетемін! Сау болыңдар!
Жүргізуші: Қандай қатыгез адам! Не істеді? Біздің Ақшақарымызды алып кетті! Ақшақарды енді қайдан іздейміз!
Аяз - ата: Әттең, менімен бірге компьютер болса ғой!
Жүргізуші: Жалқаубек, тез Алтын балыққа барып, Аяз - Атаға компьютер сұрайық!
Жалқаубек: Ей, Алтын балық! Аяз - атаға компьютер!
Аяз - ата: Үлкен рахмет! Иә, іздеу. Мегалайнды қосып, саяхат сайтын ашайық балалар мен Америкаға тап болдым. Бұл жерде де Жаңа жыл мерекесі болып жатыр! Бірақ бұл жерде Ақшақар жоқ! Германия! Франция! Ал, мынау кім? Мен мынандай ертегі кейіпкерін көрген емеспін. Мүмкін сендер білесіңдер?
Әуен. Шрек кіреді.
Шрек: Helloy, may FRENDS!
Салем, менің достарым! Мен кіммін?
Балалар: Шрек
Шрек: Дұрыс айтасыңдар! May name is SHREK!
Менің атым Шрек. Мен Американ мульт - сериалдарының кейіпкерімін! Мені ойлап тапқан әйгілі Уолт Дисней.
Жүргізуші: Аяз - Ата! Бұл Шрек.
Шрек: Helloy! Аяз - Ата!
Аяз - Ата: Ал сендерде Америкада Аяз - ата бар ма?
Шрек: Иә, бар. Оның аты – Санта Клаус. Ол бізге сыйлықтар әкеліп, арманымызды орындайды.
Аяз - Ата: Дәл мен сияқты.
Шрек: Балалар сендер менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Шрек: Барлықтарының шеңберге тұрыңдар!
Ойын
Аяз – Ата: Балалар, қараңдаршы бізге Уолт Дисней Мульт - сериалдарының кейіпкерлері келіпті. Қарсы алайық. (Кейіпкерлер көңілді би билейді). Би:
Шрек: Балалар, маған өз ертегіме қайтатын уақыт келді! Сау болыңдар, достар!
Аяз - Ата: Әрі қарай жүреміз, Ақшақарды іздейміз. Бұл не?
Пальма мен банандар,
Барлық жерде маймылдар.
Жолбарыс, піл, құстар,
Бұл қай елден?
Балалар: Африкадан.
Аяз – ата: Ал құстар, қаншама керемет құстар. Экраннан бізге ұшып келердей.
(«Құстар биі» Поль Морианың «В мире животных» музыкасының аудио - записі.)
Аяз - ата: Иә, керемет көрініс! Бірақ, бұл жерде Ақшақар жоқ. Тіпті болмапты да. Өкінішті. Іздеуді жалғастырамыз.
Аяз - Ата: Ал, мынау не? Ежелгі жұмбақ ел! Ескі шіркеулер, әдемі ғимараттар. Қазір мен оқып көрейін: ГРЕ - ЦИ - Я! А - а, балалар есіме түсті, осы жерде Сиртаки биін билейді ғой.
(Грек биі «Сиртаки» (аудио - записі қолданылады)
Аяз – Ата: Көріп тұрмын, таныс адам.
Ақшақар: Аяз – Ата!
Аяз – Ата: Міне, сені де іздеп таптық Ақшақар.
Ақшақар: Аяз - Ата мен барып киініп келейін.
Аяз – Ата: Ал, Мыстан кемпір қайда?
Мыстан кемпір: Осындамын мен, осындамын. Мен келдім!
Аяз - Ата: Сен қайда болдың?
Мыстан кемпір: Көптеген елдерде болдым, ән салып, би биледім. Шөл далада адасып кете жаздап, қайтадан оралып келдім. Балалар біз Ақшақар екеуіміз бүкіл жер шарының балаларынан Жаңа Жылдық құттықтықтаулармен көңілді көңіл - күй алып келдік. Бірақ, балалар, сендердің тақпақтарыңды естімедім.
Бейбарыс: Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Наргиз: Аяз ата ойды қырды,
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Ақнұр: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа - жыл.
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақсана: Жасыл шырша жаныңда,
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса,
Оттары жалт - жұлт етіп,
Көз тоймайды қараса.
Алихан: Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап,
Балалармен бірге қонды.
Нұрасыл: Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Нұрдаулет: Аяз келді қаһарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.
Эльдар: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Аяз – ата: Әй, жарайсыңдар, балалар! Шынымды айтсам, Мыстан кемпір сенен бұндайды күтпеп едім.
Жүргізуші: Әсем ән айтып, би билеп, ертегі елінде болдық. Аяз – Ата сізге сұрақ қоюға бола ма?
Аяз – Ата: Әрине, қойыңдар!
Балалар: Ал, сыйлық қайда?
(шанамен аттар келеді)
Аяз – Ата: Балалардың бәріне керемет сыйлық дайындадым! Барлықтарыңа осындай сыйлықтарды – топтарыңа апарып қойдым!
Мыстан кемпір: Аяз - Ата, Аяз - Ата менде сізге сыйлық алып келдім. Жаңа жылдық отшашу! (осы кезде төбеге ілініп тұрған шар жарылады)
Аяз – Ата: Көп рахмет, Мыстан кемпір.
Жүргізуші: Міне, біздің мерекеде аяқталуға таяп қалды! Қане, балалар ортаға шығыңдар!
Балалар: Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз – Ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Сау болыңыздар келер жылда кездескенше! (Мыстан кемпір, ақшақар үшеуі кетеді)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз де аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа Жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін!
Атырау қаласы МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Байбулатова Гулбаршын Жолдыгалиевна
Қош келдің, Жаңа жыл!
- Gulbarshyn
- 29 наурыз 2017
- 2527
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жаңа жыл мерекесі сценарий балабақшаға
Ұқсас жаңалықтар:
Құтты болсын жаңа жыл!
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық...Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында
Бүгін келді жаңарып Сәбилердің тағы да Би билейді ән салып Жасыл шырша жанында...Құтты болсын, Жаңа жыл!
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық...Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл
Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...Қош келдің жаңа жыл!
Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл! Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.