Сайтқа кіру Тіркелу

Көкек ертегісі

Көкек ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көкек» ертегісі
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету. Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жағымды –жағымсыз қасиеттерін көруге, жан құбылысын сезінуге сұрақтарға жауап беруге үйрету, білімдерін кеңейту, ертегі кейіпкерлерінің мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мадақтау, бағалау, жұмбақтар.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерің сүреттері, дидактикалық ойын.
Билингвалдық компонент: көкек- кукушка, дана адам-мудрый человек, ертегі-сказка.
Сөздік жұмыс:дана адам, болжай алмайсың.

Әрекет кезеңі:
І.Мотивациялық-қозғаушы: Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме балалар!- Балалар міне тағы бір күн туды, бүгінгі күнді жақсы көніл күймен қарсы алып, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
«Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүректің жылуын,
Апайларға сыйлайық.»
- жарайсыңдар балалар.
Кәні енді барлығымыз орындарымызға отырайық.
- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табуға тырысып көріңдер.
« Жиіп теріп болатын
Қамба астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?» Жауабы: Күз мезгілі
- Күз мезгілінде неше ай бар екен, балалар?
- Кәні кім атап береді, қандай айлар екен?
- Үш ай. - Қыркүйек, қазан қараша.
- Балалар, күз мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?
- Ақбота, кәні сен айтып берші

1.- Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

2. Көбейді құт береке,
астық толы қамбамыз,
құтты болсын мереке
алтын күзді тойлаймыз
3. Қоңыр күз келдің бе
қабығың түйіліп,
қауындар жемістер
қалыпты жиылып.

Балалар, бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті көркем әдебиет болады
ІІ. Іздену- Ұйымдастырушылық
Ғажайып сәт: Ертегілер әуенімен топқа ертегі әжей келеді
Тәрбиеші: - Балалар, бізге ертегі әжей қонаққа келді.
Ертегі әжеймен амандасайық.
-Сәлеметсіз бе? – Ертегі әжей қош келдіңіз.
Ертегі әжей:
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегі білесіңдер?- Жарайсыңдар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер, мен сендерге құр қол келгенім жоқ,
Сендерге сиқырлы қорап әкелдім. Бұл сыйлығымды бермес бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешімін тапсаңдар сыйлығымды беремін.

Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын. ( Көкек)

- Балалар, сендер дұрыс таптыңдар, бұл сиқырлы қорапты тәрбиеші апайларыңа берейін

Тәрбиеші:- ой балалар мына ғажайып қорапта не бар екен, ой қандай керемет.
- Ертегі әжей бізге жаңадан ертегі әкеліпті.Бұл ертегі «Көкек» деп аталады екен. Балалар олай болса осы Ертегі әжей әкелген ертегі мазмұнымен танысайық.Ертегі әжей сізге көп рахмет, сізде бізбен бірге ертегіні тамашалаңыз.
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Ертегі не туралы екен?
1- Көкек қайда ұшып келеді?
2.Балалар көкекті ұстау үшін не істеді?
3.Көкекке кім кездесті?
4.Көкек не деп күлді?
5.Дана адам Көкекке не деп жауап берді?
6.Көкек не істеді?
7.Дана адам балаларға не дейді?
Билингвальді компонент:
- Балалар біз орыс тілінде көкек- кукушка, -ал дана адам-мудрый человек
дейміз.Кәні бәріміз бір қайталайық.
Жарайсыңдар балалар,
Олай болса осы ертегі туралы білімдерімізді кенейту үшін белсенділік орталықтарына барып жұмыс жасайық
1.Үстел – үсті орталығы: Орман және үй құстарын топтастыру, және қиынды сүреттерді құрастыру.
Мақсаты:
Орман және үй құстарын аттарын атап, ажыратып топтастыруға және қиынды сүреттерді үйлесімділікпен құрастыра білуге үйретіп, саусақ маторикасын дамыту.
2. Әдебиет орталығы: « Көкек» ертегісін әңгімелеу.
Мақсаты:
Ертегіні сүрет бойынша жүйелі түрде әңгімелеу, ертегі кейіпкерлерге байланысты тақпақтар жаттау.

3.Өнер орталығы: Көкек құсының сүреттерін салу
Мақсаты:
Балалардың сүрет салуға деген қызығушылығын арттыра отырып, құстың бейнесін бейнелеуді үйрету.


(балалар жұмысын аяқтағасын ортаға жинап сергіту сәтін жасату)

Сергіту сәті: Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты»
- Балалар, кәні орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық, сергіту сәтін жасайық.
- Бойымыз сергіп қалды балалар я, ендеше өз қалаған орталықтарыңа барып жұмыстарымызды жалғастырайық.

ІІІ. Рефлексивті-коррекциялаушы
- Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап қай орталықтарда қандай жұмыс жасағандарын сұрау.
Тәрбиеші: -Ертегі әжей біздің балалардың жұмыстары сізге ұнадыма?
Ертегі әжей: - Ұнады, балалар менің әкелген ертегім бойынша белсенділік орталықтарда жақсы жұмыс жасады, мен риза болып тұрмын.

Тәрбиеші: - Ертегі әжей біздің балалар сізге құстар жайлы тақпақ айтып бергісі келіп тұр.
Тырна. Сирағы ұзын тырнамын, Торғай саған не керек,
Тырнағы ұзын тырнамын, Сона, маса, көбелек.
Балықты сүзбей, Жем шашсаң да теремін,
Тұмсығы біздей . Бөбегіме беремін.

Ертегі әжей: - рақмет, сендерге .Ендігі келер кезде мұнан да қызықты ертегі алып келемін. Мені басқа топтың балалары күтіп отыр мен кетейін, қош болыңдар балалар.
- Қош болыңыз Ертегі әжей.
Тәрбиеші:- балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар, Ертегі әжей сендерге риза болды, ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінімізді аяқтаймыз.
«Қол ұстасып тұрайық
Жарты шеңбер құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!

Павлодар облысы , Ертіс ауданы , Ертіс ауылы
ЖШС «Раиса» балабақшасының тәрбиешісі
Қабытаева Хадиша Барбасқызы
ЖШС «Раиса» балабақшасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегілер еліндегі шалқан

Ертегілер еліндегі шалқан

Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...
«Ертегі ханшайымы қонақта»

«Ертегі ханшайымы қонақта»

Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...
«Алтын жұмыртқа»

«Алтын жұмыртқа»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы Мақсаты: Балаларға үстел - үсті...
«Үй құстары»

«Үй құстары»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×