Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану

БҚО, Орал қаласының
№35 «Шұғыла» МКҚК бөбекжайының
ағылшын тілі мұғалімі Джармагамбетова Г.Т.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. (Бенедикт Спиноз)

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу - тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт - бағдар беру, озық іс - тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі.
Инновациялық іс - әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу - тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеуметтану, медицина саласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т. б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:

- Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;
- Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;
- Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;
- Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну;

Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан - дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді.
Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.
Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс - әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу – тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс - әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу – тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.
Технологиялар түрлері:
- пән аралық технологиясы;
- Ш. А. Амонашвилидің ізгілік - жеке технологиясы;
- Интерактивті оқыту;
- Ойын технологиялары;
- М. Монтессори технологиясы;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Жобалық технологиясы;
- ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ.

English and other subjects. Ағылшын және өзге пәндер.
Being a three lingual kindergarten means a lot for us in our everyday work. Our children start getting acquainted with English at the most impressionable age. For our three lingual children (Kazakh - Russian - English) the Kindergarten provides a chance to practice three languages and observe their cultural traditions outside their home environment.
The first step towards loving a language is getting to know the music of the spoken language. So, gradually, step by step, children first meet the melody and the sound of English through play, sports and other activities that they enjoy. Later on, as they learn to understand more structure, English becomes part of their everyday life.
As a result of the work, the children will understand and use English at a level which is appropriate for each age - group.
The complex language teaching method that we have developed here uses the children creativity to its maximum: through artistic activities (arts and craft, logic and drama games, music and singing). The children’s creativity is fully involved and they are let to learn through experience as they sing songs, imagine and draw pictures or create props for drama games. In this process children constantly learn and use English and their understanding of the particular topic deepens dramatically, their creativity and imagination are being used throughout the whole process.
With this method of teaching all the abilities of both the children and the teachers are used. In order to provide a thorough understanding of a given topic we explore it in numerous ways, constantly providing new stimuli for the children to maintain their interest. Motivation is also kept up by the constant and active involvement of the children in the learning process. Due to their active participation (from decision making to the actual activities) all the children use English in a playful environment. Occasionally they teach and help each other.
With Circular Learning we encourage the children to teach others what they themselves already know, which is the sign of interiorized language.
In our Kindergarten we also care for individual talent, realized in the form of one - to - one teaching - as opposed to group activities (drama games) - which promotes co - operation and good communication among the children
Creative activities Ағылшын және бейнелеу пәні.
All the art and craft activities are in English, which helps children to learn it in a natural and fast way. They work with lots of different materials and techniques and make wonderful things.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×