Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға ауылы6 «Мөлдір» балабақшасы МКҚК музыкант -
психологы Лалагул Толыбаева Мақсетбаевна
Балабақшаның 5 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Әуен(Туш фанфар) ойнап тұрады
Жүргізуші:
Сәулесі әлем төрінен,
Сәбидің пәк жанды үнімен.
Сыр – сезім тасып төгілген,
Шұғылалы шалқар көңілден.
Балауса балғын балаға,
Тәлім тәрбие қасиетін,
Тал бесіктен бере білген!
Құрметті қонақтар!
«Мөлдір» атты балабақшамыздың 5 жылдық туған кешіне қош келдіңіздер!
Енді осы мекеме меңгерушісіне құттықтау сөз кезегін береміз.
Ж: Балабақшаның ашылу салтанатынан үзінді тамашалайық:
Видеослайд:(балабақшаның ашылуынан бастап осы күнге дейінгі көрініс)
Құттықтаулар(бұрынғы меңгерушілерге, келген қонақтарға)
Ж: Балалардың сүйікті бұл мекені,
Таңертеңнен күліп - ойнап жүргені.
Тәрбие мен тәлімнің арқасында
Көркейеді күннен - күнге өркені.
Ендеше, тәрбиешілерімізді «Шашу» биімен қарсы алыңыздар!
Ж: Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз. Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Балабақшамыз» әнін қабыл алыңыздар.
Талай - талай түлектерді түлеткен,
Балалардың бақытына бөленген.
Жас ұрпақтың саналы боп өсуі,
Балабақша еңбегінен көрінген.
Ендеше балабақшамыз түлегі аудандық «Би калейдоскоп - 2014» байқауының бас жүлде иегері, қазіргі күнде Саға негізгі мектебінің 1 - сынып оқушысы Жақсылық Ақтолқынды «Хорезм биімен» шақырамыз!
Балабақшамызда өтетін іс - шараларға атсалысып белсенділік танытып жүретін біздің ата - аналарымыз құттықтауларын жеткізбекші!
Қошақанова Гүлфайруз
Балабақшамыз түлегі, Атырау облысында өткен І Халықаралық «Жадыра, жас дарын!» атты фестиваль - конкурсына қатысып жүлделі 2 - орынға ие болған біздің Ерсайын Еңлік бүгін «Әжем айтқан ертегі» атты әнімен балабақшасын құттықтамақшы: қарсы алыңыздар
Ж: Біз өнерлі баламыз,
Көңілді аулай аламыз.
Бала бақша төрінде,
Алау болып жанамыз –
деген балаларымызды ортаға
«Көңілді балалар!» биімен шақырайық.
Ж: Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар,
Ағайын боп достастық!
Құрметті қонақтарға сөз кезегін береміз:
Тағы да біздің ата - анамыз Махмет Анардың орындауында халық әні: «Әгугай» әні қабыл алыңыздар!
Ж: Бүгін туған күніміз,
Қолда шоқ - шоқ гүліміз.
Көңіліміз көркейді,
Көп ән - би, жырымыз!
Ән: «Туған жер!» Жамбыл Мерейлімнің орындауында
Ж: Ендеше, тәрбиешілеріміз және қыздарымыздың «Мөлдір» биін тамашалаңыздар!
Сәбилердің күлкісімен таң атар,
Балабақша қуанышпен қарсы алар.
Кешке дейін күліп - ойнап думанмен,
Қимай сені үйлеріне тарасар.
Балабақша өзіңменен мақтанам,
Бағындырар белесіңмен шаттанам.
Асқақтатып балалардың мекенін,
Ұстаздардың ақ сенімін ақтаған!
Бес жыл толып қалыпты міне бүгін,
Жаста болса шыңға шығар бір белес.
Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер,
Өркениетті еліне қосар үлес!
Құрметті қонақтар! Назарларыңызға рахмет, ендеше бүгінгі туған күн кешімізді «Айгөлек» тобында тәрбиеші Г. Жұбаниязованың ұйымдастырылған «Аққала» тақырыбында оқу - іс әрекетімізбен жалғастырамыз.
"Мөлдірге 5 жыл" туған күн кеші
- лалагул
- 23 желтоқсан 2015
- 21087
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақшада туған күнді өткізу, бала бақшаға 5 жыл толды
Ұқсас жаңалықтар:
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін...Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткелі отырған «Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі» атты балабақша түлектерімен кездесу...Туған күнді тойлаймыз
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...Бүгін бізде мереке (Туған күнді атап өту)
Қарағанды облысы,"Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ І санатты бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева Г. П....Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.