Сайтқа кіру Тіркелу

Жомарт күз

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиеші
Көшербаева Ақтоты

Тақырыбы: «Жомарт күз»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Тәрбиеші: Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп.
Құрметті қонақтар, ата – аналар! Бүгінгі «Балбөбек» тобының «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс – шарасына қош келдіңіздер!
Ақайша: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Ақселеу: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті
Айару: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би: «Жапырақтар» биі
(Музыка жетекшісімен. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
Аяна: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап,
Басым айналып барады!
Бекнұр: Енді, енді не етеміз?!
Аянаға қалай көмектесеміз?
Афрасиаб: Сабыр, сақта,
Дәрігер шақырайық!
Аяна: Жо – жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Бек: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Бекнұр: Жоқ, жоқ дәрі ішу зиян ғой, одан да дәрігер шақырайық!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер!
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағымдарың бар?
Бәрі бірге: Аянаға дәрігерлік көмек қажет!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын.
Дәрігер: А – а – а деп, қане, аузыңды ашшы.
Тістерің орнында, тамағың іспеген,
Қол аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен.
Білдім неден ауырғаныңды!
Ағзаңа дәрумендер жетіспеген!
Аяна: Енді не істеймін!
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс!
Көп көкөністер мен жемістер жеуге тырыс!
Камила: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық.
Меруерт: Дұрыс айтасың!
- Алло, алло! Қойма ма?
- Бізге жемістер мен көкөністер керек.
- Машинаға тиеп жіберіңіз!
- Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жеміс пен көкөністі тиеп әкеледі.)
Фарида: Мен алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым мінекей
Баптап ерек бағбаным!
Әнель: Мен өрікпін, өрікпін
Дәмімен тәтті еліттім,
Сүйіктімін сәбилерге,
Айтпасам да бөліп тым!
Гауһар: Мені бәрі жүзім дер
Бір – бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар – қатар тізілген!
Айғаным: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Нұрпейіс: Мен қиярмын, сәндімін,
Салаттардың сәнімін,
Дәруменім мол менің,
Жегенге қуат сыйлаймын!
Аян: Таңдандырар бәрін,
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім,
Таптырмайтын дәрі!
Бағдәулет: Менің атым – қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз!
Әлшер: Мен картоппын, картоппын,
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Әбілмансұр: Әжем менің бақшаға
Әкелді сәбіз қаншама
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама!
Айдар: Мен көкала – қарбызбын!
Зере: Қабат – қабат тоным бар
Қырыққабат мен болам
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.
Ғалым: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Бекболат: Сары алтындай дөңгелек
Қандай тәтті әңгелек.
Тәрбиеші: Балалар, көкөніс пен жемістерді үнемі жеп жүрсек біздің ағзамызға өте пайдалы екен. Ауырмаймыз, деніміз сау болады.
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Хор: «Жомарт күз»
Тәрбиеші: «Кім жылдам?!» ойыны
Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында...
- Шаршауды білмеуге
- Көңілді би билеуге
- Әсем сазды ән салып
- Бір – бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз
Күзде неше ай бар? 3 ай
Оларды атаңдаршы? Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы? Салқын, жаңбыр жауады т. б.
Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар. Күз - 2015» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар! Сәнді киімдер шеруі: Фарида, Камила, Айғаным, Гауһар.
Ата – анамен ойын
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жемістерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбектену керек.
Хормен: Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашанда біз сақтап,
Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата – аналар! Осымен «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс – шарамыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, қуаныш, бақыт тілейміз! Алтын уақыттарыңызды бөліп, біздің іс – шарамызды келіп тамашалағандарыңызға мың да бір алғысымызды білдіреміз! Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×