Сайтқа кіру Тіркелу

Өссем ертең кім болам?

Тақырыбы: «Өссем ертең кім болам?»
Бөлменің көркемделуі: тақта үстінде көгілдір түсті қағаз (2м х25 см) сары түсті жылтыр қағазбен «Өссем ертең кім болам!» атты ұйымдастырылған оқу іс - әрекетің тақырыбы жазылған плакат ілінеді.
Тақырыптың оң жақ шетінде ақ ватман қағазға салынған «сұрақ» эмблемасы магнит тастармен бекітіледі. Оның астыңғы жағында әзірше «құпия» белгілер жасырынып тұрады. Ортадағы столдарда (номерлеген) әр мамандыққа арналған заттар қойылады.
Тәрбиешінің міндеттері:
- әр тапсырманы нақты түсіндіріп, орындау барысын қадағалау;
- уақытты тиімді пайдалануларын қадағалау;
- балалардың жауаптары мен іс - әрекетін уақытылы мадақтап, қолдау білдіру;
- жауаптардың нақтылығын, сөйлеу мәдениетін, әдептіліктерін талап ету;
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мақсаты:
- балалардың ой - қиялын, ізгі сезімдерін, дамыту;
- болашаққа деген сезімдерін қалыптастыру, армандай білуге, оған ұмтылуына ықпал ету;
- ойын мәнерлеп жеткізе білуге баулу, тілдерін дамыту;
- ұжымдық іс - қимылдарға дағдыландыру;
- қарым - қатынас әдебіне баулу;
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің жүргізілу әдістері:
«Шаттық шеңбері», әңгімелесу, жаттығу - ойлану, сергіту сәті, қорытындылау, «жүректен жүрекке» шеңбері.
Көрнекілігі:
- әр мамандықты бейнелейтін стед;
- балалардың ата - аналарының көмегімен жасалынған фото альбомдар;
- 6 түрлі түске боялған геометриялық фигуралар;
- жеті дана фломастер;
- «Арман кілті»;
- Бес төр көзді ақ парақ жолағы;
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің барысы:
Көңілді әуен ырғағымен топқа рет ретімен 4 баладан топтасқан 5 топ кіріп «шаттық шеңберін» құрады.
1. Құрылысшылар;
2. Дәрігерлер;
3. Дихандар;
4. Ғарышкерлер;
5. Ұстаздар;
Тәрбиеші: Балалар, біздің топқа қонақтар келіп отырып екен. Кәнекей, барлығымыз қонақтармен амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здравствуйте!
- Good morning!
Бәрекелді, бүгін біздің балалар ерекше көңілді сияқты. Қанекей, балалар, дәстүрлі «шаттық шеңберінде» бір - бірімізге зор денсаулық, шат көңіл тілейік.
Бәрі бір - біріне:
- Зарина, бүгін сен қандай әдемісің!
- Бақтияр сен ғарыштан келдің бе?
- Аяулым, сен нағыз дәрігерден аумай қалыпсың.
- Нұрхан сенің достарыңның көп болуын тілеймін.
- Достарым сендерге өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін.
- Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясын әрі қарай жалғастырайық.
Сәлем, гүлім!
Сәлем, жерім!
Сәлем саған туған елім!
Сәлем саған,
Сәлем сізге,
Ашық аспан жарық күн!
Бір шаңырақ астында
Сен тұрасың,
Ол тұрады.
Мен тұрамын,
Біз тұрамыз!
Жүрек жылуын,
Берем саған.
Берем сізге
Берем мен бәріңізге!
Тәрбиеші: Балалар ұлан байтақ Қазақстан елімізде бақытты өмір сүру үшін, елімізді өркендету үшін, біз өз үлесімізді қалай қосамыз? Әрбір бүлдіршінің асқар арманы, алға қойған мақсаты бар.
Бұгін сол арман, мақсаттарымызды ортаға салып, ой бөлісуге жиналып отырмыз. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбын «Өссем ертең кім болам? деп атадық. Балалардың «Өскенде мен кім, болам?» деген ойларын тыңдап көрейік.
- Менің атам құрылысшы. Өскенде мен де құрылысшы боламын.
- Мен өскенде үлкен балабақша саламын. Оның атын «Жұлдыз»деп атаймын.
Тәрбиеші: Жарайсың! Мен мынадай өлең жолын оқығым келіп тұр.
Қуанып әр жанұя,
Алды пәтер - кең ұя.
Ол - ең іскер елдегі,
Құрылысшылардың еңбегі.
Ал сендер құрылыс саласына байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
Құрылысшы:
Үлгілерге қараймын
Үй іргесін қалаймын.
Өрнектерін оямын.
Терезесін қоямын.
Құрылысшы:
Терезеден күн күліп,
Аулада гүл құлпырып.
Шаттансын барлық балалар,
Бақыт тапсын аналар.
Құрылысшы:
Үйге толы ырыс – құт,
Үлесіп тұр тыныштық.
Еңселі әр үйіміз,
Елге тартқан сыйымыз.
Тақырыпты айту барысында қимылмен құрастырған үйлерін, гүлдерін терезелерін, қолдарымен көрсетіп тұрады. Пәтер «кілтін» (бантик таққан) көрсетіп шаттанады.
Тәрбиеші: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылы халыққа жолдаған жолауындағы жоспар толық орындалды деп сенеміз. Сіздерге құрылысшылар көп - көп рахмет!
Балалардың біреуі стендтегі ғимараттарды көрсетіп, Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешенін көрсетеді. Оның идеясын берген Нұрсұлтан Назарбаев. Бәйтерек кешенін тұрғызған сәулетшілердің бірі біздің жерлесіміз, марқұм, Сүйерхан Базарбаев.
- мен келешекте «Жүз мектеп, жүз аурухана, жүз балабақша» салуға өз үлесімді қосамын.
- мен, өскенде сәулетші боламын Шымкентке океанариум саламын.
Біздің ұранымыз:
Құрылысшы - ізетті,
Құрылысшы құрметті.
Тәрбиеші:
Елде сақтап амандық,
Ес деп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
Құт дәрігер мамандық.
Дәрігерлер туралы қандай тақпақтар білесіңдер.
Дәрігер: Денсаулығы баланың,
Денсаулығы ананың.
Дәрігер: Хал жағдайын қарттың да,
Қамқорлыққа аламыз.
Дәрігер: Ел ісімді түсінді,
Емдеп берем тісіңді.
Дәрігер: Аялаймын жаныңды,
Арттырамын күшіңді.
Біздің ұранымыз:
Қамқор жанға араша,
Дәрігерлік тамаша.
Тәрбиеші: Дәрігерлер ретінде қандай кеңес бересіңдер?
Сау тіс денсаулық кепілі, мен сіздерге кеңес айтайын.
1 - тісті жуғанда ең алдымен щетканы жоғары төмен қозғап әр тісті тазалаймыз.
2 - азу тістердің үстін оңға солға қозғайды.
3 - тістің ішкі бөлігін жуады.
4 - сумен шаяды.
Тәрбиеші балалар, тісті күндігіне неше рет жуамыз?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші:
Ақ күрішті, ақ нанды
Аппақ алтын мақтаны.
Егіншілер береді.
Елдің олар мақтаны.
Тәрбиеші: диқаншыларға байланысты қандай тақпақтар білеміз?
Дихан: Сан машина комбайн,
Сайлап іске қамдаймын.
Мейірлімін ісіммен,
Мезгілден кеш қалмаймын.
Дихан: Тракторды жүргізіп,
Дала сәнін кіргізіп.
Өсіремін егінді,
Еңбек маған көңілді.
Біздің ұранымыз:
Мақта, астық егінім -
мақтанышы елімнің.
Осы шумақтар ұсынылып жатқанда стол үстіндегі бауырсақты ұсынады.
Тәрбиеші: Дихандарға мың алғыс! (барлығы қосылады)
Сергіту сәті.
Балалар бізге көзіміз не үшін қажет? (жақсыларды көру үшін)
Балалар бізге мұрнымыз не үшін қажет? (тыныстап дем алу үшін)
Балалар бізге екі құлағымыз не үшін қажет? (ақыл - кеңес тыңдау үшін)
Балалар бізге қолымыз не үшін қажет? (елге көмек беру үшін)
Бәрі, бәрі, бәрі керек шаттық өмір сүру үшін.
Тәрбиеші: Шаттандырып бар елді,
Шарлаған кең әлемді.
Ғарышкерлер кемелді,
Нағыз ерлер келеді.
1 - ғарышкер:
Тұңғиықты ғарышты.
Тұнып тұрған алысты.
Орындалса арманым,
Ғарышты мен шарлаймын.
2 - ғарышкер:
Көркіне жер Ананың
Ғарыш жақтан қараймын.
Қуат алам, Отаннан
Марсқа мен самғаймын.
Біздің ұранымыз:
Әрі батыр, ғалымбыз,
Әлемге аян боламыз.
- Мен, Тоқтар Әубәкіров ағайдай ғарышкер боламын.
- Мен талғат Мұсабаевтай барлық зымырандарды басқарсам ғой шіркін!
- Ал мен Байқоңырда ғарышкерлер дайындаймын.
Тәрбиеші: Армандарыңа жетіңдер!
Музыка даусы көтеріледі. «Ұстаздар орындарынан тұрады»
Ұстаз: Терең ойлы ғалымды,
Ақындарды жалынды.
Баураймын мен біліммен.
Алға бастап бәріңді.
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Біздің ұранымыз:
Мамандығына лайық.
Мамандығын алады.
Ойынның шарты: Алдарыңыздағы парақ бетінде сілтеме белгілер бар. Сол бойынша қаламмен қызыл нүктеден бастап бір тордан жүріп отырады. Төртінші сілтеме аяқталған тордағы әріпті анықтап, бір ойыншы торға сол әріпті жазады. Табылған әріптерді рет - ретімен тақтадағы торға жазып шықса «БІЛІМ» деген сөз шығады.
Барлық құпия сөзді дауыстап оқиды.
Тәрбиеші: Маман иесі болу үшін ең алдымен «Білім» керек екен. Білімді игеру үшін не істеу керек екенін бізге, «Арман кілті» көмектеседі. Ол үшін алдарыңыздағы конвертті ашыңыздар, төртбұрыштардың түстерін Арман кілтіндегі түстермен салыстырыңыздар. Қандай түс қалды? Енді түстердің «құпиясын» іздейік. Тақтадағы сұрақ белгісіне қарайық. Бала ойына жауапты түстер береді. Тәрбиеші «сұрақ» эмблемасын алып, басқа орынға жылжытады. Астында түстерге жазылған сөздер шығады. Бар түстерді бір шетке қойыңдар. Қай столда қандай түс қалып қалыпты. Тәрбиеші әр түс тұсындағы қасиеттерді оқып береді.
Кілтте қай түс жоқ - күлгін. Олай болса оның тұсындағы жалқау деген қасиетті қабылдамаймыз. Ол түсті конвертке салып қоямыз.
Енді балалар, шеберханаға барамыз. Дайын болған жұмысты қонақтарға тарту етеміз. Балалар енді қонақтарға арналған сыйымызды жасайық. Шеберханаға барамыз. Дайын болған сыйымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Тәрбиеші: Міне, балалар, біз бүгін болашаққа сапар шектік, армандадық. Ендеше шеңберге тұрып, «Жүректен жүрекке» айдарына көңіл - күйлерімізді
айтайық.
Шеңберге тұрып қолдары ұстайды.
- Арын мен бүгін өзімді ересек сезіндім.
- Бақтияр Ал, мен бәрін білгім келді.
- Зарина Апай келесі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінде басқа мамандықтарды осылай айтайықшы.
Тәрбиеші: Әлемде сан түрлі мамандықтар бар. Біз бүгін солардың бесеуімен ғана таныстық. Зарина өте дұрыс айтады. Ұсынысын қабылдаймыз. Келесі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерде басқа мамандық түрлерімен танысамыз.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сіздер тапқырлық, белсенділік көрсеттіңдер. сендерге ризамын. Рахмет!
Бәріміз бірге:
Маңдайдан тер тамшылап.
Ар - намысты қамшылап,
Болам деймін еліме,
Тірек болар - Азамат!
Тәрбиеші: Келген қонақтармен қоштасамыз.
Балалар:
- Сау болыңыздар!
- До свидания!
- Goodbye!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×