Сайтқа кіру Тіркелу

Күз көрінісі (серуен)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру, ісін одан әрі жалғастыру. Табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу. Қозғалыс ойындарының ерекшелігін айта отырып, оның бала қозғалысын толық жетілдіруге, дамытуға ережелерді орындау қабілетінің қалыптасуына тәрбиелеу.

Әдістері: Көркем сөз, бақылау, сұрақ - жауап, ғажайып сәт.

Құрал жабдықтар: құсқа жем салғыш, шелек, сыпырғыш.
Серуен барысы:
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай бүгін тамаша күн. Маған жақын келіңдерші. Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл, деп ойлайсың? (Күз мезгілі)
Тәрбиеші: Иә, бұл күз. Кім күз туралы тақпақ айтып береді? (балалар күз туралы білетін тақпақтарын оқиды)
Тәрбиеші: Жақсы, балалар. Балалар, күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Балалар: Күзде күн суиды, күн қысқарып түн ұзарады, ағаштардың жапырақтары түсіп олар жалаңаштанады, жаңбыр жие жауады, жәндіктер мен жануарлар қысқа дайындалады.
Тәрбиеші: Балалар, күз айын кім атайды?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша күз айлары.
Тәрбиеші: Өте дұрыс, ал бір - біріңе қараңдаршы, күзде біз қалай киінеміз? Үстіміз де не? Аяғымызда ше? Басымызда, қолымызда ше?
Балалар: Күзде адамдар жылы киінеді. Үстеріне пальто, бөрік, қолғап, етік киеді.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, күз мезгілінің осындай өзіне тән ерекшеліктері бар екен.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін ауа райы қандай?
Балалар: Ашық.
Тәрбиеші: Неге?
Балалар: Күннің көзі жарқырап тұр, жаңбыр жоқ.
Тәрбиеші: Кәне, бәріміз таза, күзгі ауамен дем алайық.
(Дем алу жаттығуы)
1. Мұрынмен дем алу және мұрыннан шығару.
2. Мұрынмен дем алу, ауыздан шығару.
3. Ауызбен дем алу, мұрыннан шығару.
4. Кезек - кезек мұрынның бір жағымен дем алу және шығару.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай түрлі түсті кілем жер бетінде жатыр. Бұл неғылған кілем? (күзгі түскен жапырақтар)
Кәне, бір - бір жапырақтан қолымызға алайық, олар қандай? (құрғақ, сыбдырлайды)
Олар қалай сыбдырлайды? (ш - ш - ш - ш - ш)
Тәрбиеші: Кәне, елестетейік, біз күзгі жапырақтармыз. Олардың жерге тускенін көрсетейік. (баяу әуен ойнайды, балалар әртүрлі қимыл жасайды).
Балалар, жапырақтар қайдан түседі?
Балалар: ағаштан.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар енді мына ойын алаңымыздағы тұрған ағаштар мен бұталарды бақылайық. Балалар ағаштар күзде қандай болады екен?
Балалар: Ағаштарда жапырақ жоқ, барлығы түсіп қалған.
Тәрбиеші: Ал, балалар, мынау не?
Балалар: Бұл бұта. Оның да жапырақтары түсіп қалған.
Тәрбиеші: Балалар, сендер ағаш пен бұтаның айырмашылығын білесіңдер ме?
Балалар: Иә, ағаш бұтаға қарағанда биік болады, ал бұта аласа. Ағаштың діңі жуан болады, бұтаның діңі жоқ.
Тәрбиеші: «Біз биікпіз, биікпіз» деген жаттығу жасайық.
Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз
Денемізді бос ұстап
Билеп, билеп аламыз.

(Тәрбиешіге қарға хат әкеліп береді.)
Тәрбиеші: Бұл не?
Қарға: Хат. Оны сіздерге Орманшы беріп жіберді.
Тәрбиеші: Рахмет, қарға. Кәне, оқып көрейік:
«Қымбатты балалар. Мен, Орманшымын, табиғатқа қыс мезгіліне дайындалуына көмектесемін. Сендер маған жем салғыштарды ілуге, күзгі жапырақтарды жинап алуға көмектесіңдерші! Жалғыз менің қолымнан келмейді. « Орманшы»
Тәрбиеші: Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қарға, жем салғыштар қайда екен?
Қарға: Мен білмеймін.
Тәрбиеші: Кәне, жан - жағымызға қарайық, бір жерде тұрған шығар.
(Жем салғыштарды тауып алады)
Тәрбиеші: бұл не, балалар? (жем салғыштар)
Олар не үшін керек? (құстарды тамақтандыруға)
Оларға не беруге болады? ( шемішке, нан қиқымын, дәндер)
Неліктен кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді? (күн суыта бастады)
Сондай құстарды қалай атайды? (ұшып кететін құстар )
Қыстап қалатын құстарды қалай атаймыз? (қыстап қалатын құстар)
Тәрбиеші: Балалар, кәне, құстарға айналып, ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Қарлығаштар, қарғалар»
Тәрбиеші: Қазір балалар қыста біздің ауылымызға ұшып келетін құстарға қамқор болайық. Қандай құстар ұшып келеді екен?
Балалар: Торғай, қарға, көгершін,.
Тәрбиеші: Балалар, кім құстарды қорғау туралы тақпақ айтып береді?
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың.
Тәрбиеші: Балалар, ал енді, біздің ауламызды жинап, жем салғыштарды ілуге көмектесеміз бе? ( көмектесеміз). Ендеше өзіміздің ауламызға барайық.
Кәне, кім немен айналысатынын бөлейік..
(Балалар топтарға бөлінеді, тапсырманы орындауға. Тапсырманы орындаған соң, себетті алмамен тауып алады)
Тәрбиеші: Балалар, мына себет кімнен екен?
Балалар: Себет Орманшыдан, деп ойлаймыз. Ол бізге көмек үшін алғысын білдіріп, күзгі алма әкеліпті. Топта біз оларды жуып, жейміз.

Тәрбиеші: Ал, балалар, біз бүгін жақсы еңбек еттік, күзгі жапырақтарды теріп алдық, жем салғыштарды ілдік, қоқысты жинадық. Енді дем алып, сүйікті ойынымызды ойнайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×