Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс қызығы

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Қыс мезгілі, қысқы ойындар, қысқы табиғат, қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгоритм жасауға үйрету. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі:
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып, алайық,
Келіп қалған қонақтарға,
Иіліп, сәлем салайық

Балалар мен сендерге жұмбақ - өлең оқып берейін:

1 - слайд. Жұмбақ
Шанамен зырлап жүретін
Шаңғы коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

2 - слайд
Ендеше, балалар, осы қыс мезгілінің ерекшеліктеріне, табиғат құбылыстарындағы қасиеттеріне бір - бірімізге, қонақтарға тілек білдірейік.

3 - слайд: Қар
4 - слайд: Мұз

Көңіліміз қардай ақ болсын!
Денсаулығымыз мұздай мықты болсын!
Аяздай мықты болайық!

5 - слайд: Қыс көрінісі
Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
- Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қыста айнала ақ көрпеге оранып, тап - таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады. Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды. Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан – жыл аяғы қыстың басы ол, суық, ызғарлы болады.
Қаңтар – жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай. Бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық дүлей борандар болады.

Ендеше осы кезге дейін қандай тақпақтар жаттадық, есімізге түсірейікші? Ендеше қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білеміз?
Інжу
Ақ шанамыз зырлайды
Ақ қар оны шыңдайды
Біреу шаңғы тебеді
Құйындатып келеді

Айзере
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала
Мұрны - сәбіз, үп - үшкір
Көзі - көмір, қап - қара.
Аққала, аққала
Сәлем жолда атаға
Сыпырғышы қолында
Мұзайдынды аршуға
Келгендей - ақ ол мұнда!

Ғанибет
Мұз қатып көлдерге,
Қар қонып белдерге
Сырғанақ тебейік
Аппақ қыс келгенде

Айажар
Суреттерді әр үйге
Әйнектердің бәріне
Өзі салып береді.
Көзі қалай көреді
Таңғажайып сәт!
Тәрбиеші: Ендеше, біраз көңіл - күйімізді көтеріп, ойын – ойнап алайық. Ойынның шарты мынадай: Мен қазір сиқырлы таяқшаммен сендердің бір дене мүшелеріңді қатырамын дегенде, сол дене мүшемізді жасырып қалуымыз.
«Қатырамын» ойыны ойналады.
Жарайсыңдар балалар, ойынға жақсы қатыстыңдар, сендерді бүгін менімен бірге «қысқы» орманға саяхатқа шақырамын. Қысқы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме? Ендеше орман тұрғындарына азық ала кетейік.
Балалар: Балалар қуанады.
Тәрбиеші: Ендеше 1, 2, 3, дегенде бәріміз поезға айналайық.
Балалар: Таңырқай қарайды.
Тәрбиеші: Міне, біз «қысқы» орманға да келіп қалыппыз. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалар, міне қараңыздар, тоңып отырған қоян. Амандасайық.
Балалар: Қар жамылған ағаштар, құстар, аңдар, аппақ қарлар.
Саламатсыз ба!

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңіздер ме орманды қалың қар басып, қоянның үйін қар басып тастапты, ол өз үйіне кіре алмай отыр, қардан тазалып береміз бе?
Міне бізде күрек бар, қоқыс салғыш бар, қане, балалар, еңбектенейік.
Жарайсыңдар балалар, енді қоян үйіне еркін кіретін болды, айтпақшы қоянға әкелге азығымызды берейік, дәмді сәбіз.
Қоян: Ой, қандай керемет! Менде сендермен жүрейінші.
Тәрбиеші: Балалар жарайды, қоян бізбен бірге еріп жүрсін. Балалар тонып шаршаған боларсыңдар,
қане, бәріміз қоянмен бірге сергіп алайықшы.
Сергіту сәті:

Тәрбиеші: Балалар, орманнан тағы нелерді көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс - ақ, ағаштар, ағаштардың бұтақтарын қар басқан, жерді қар жапқан.
- Балалар мұнда бізден бұрын келген балалар қардан аққала жасап кетіпті, қараңдаршы өте әдемі.
- Аққала қандай пішіндерден құралған?
- Денесі дөңгелек, мұрны үшбұрыш, шелегі төртбұрыш.
- Екі қолында неше саусақ бар?
Тәрбиеші: Балалар енді біз осы аппақ қарға зертеу жасап көрейік. Ол үшін екі топқа бөлініп отырайық.
- Балалар қар аппақ жеуге болады ма?
- Қар қайдан жауады?
- Қар қандай пішінге ұқсайды?
- Қардың иісі, дәмі барма?
«Қар мен мұз - су»
Топ басшысы: Махмет Айажар: «Зерттеу жасайды»
Сұрақ: Неге қарды жеуге болмайды?
Шығармашылық жұмыс:
Қорытынды:
- Балалар біз қайда бардық?
- Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Біз не үйрендік?
- Сендерге ұнады ма?
- Кімге не ұнады?
- Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
- Көңіл - күйіміз қандай? Тамаша!
- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
- Ауа райы қандай? Тамаша!
- Қысқы ойындар қандай? Тамаша!
- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)
- Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×