Тақырыбы: «Мың бір мақал»
Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: ноутбук, қуыршақ, сахна
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Билингвизм: сиыр - корова, жылқы - лошадь, қой - овца, түйе - верблюд.
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Өздеріңіз білесіздер, қазақ халқы әрқашанда саз өнеріне үлкен мән берген, бір ауыз сөзге тоқтаған. «Мақал – сөздің мәйегі» деген мақал арқылы халқымыз бүкіл өмірлік тәжірибесін, өсиет - өнегесін жеткізе білген, түйіндеген. Мақалдың бала тәрбиесіндегі көмегі орасан зор. Ендеше, сіз болып, біз болып бүлдіршіндеріміз сөз мәдениетін түсінетін тәрбиелі, ақылды, мейірімді, инабатты, ұлтжанды болып өсуіне ықпалымызды тигізсек нұр үстіне нұр болар еді.
І - кезең. Кім тапқыр?
- Мына суретте нелер бейнеленген?
- Үй жануарлары.
- Үй жануарларына не жатады?
- Сиыр, жылқы, қой, түйе.
- Олардың қандай пайдасы бар?
- Сүтін ішеміз, етін жейміз.
Олай болса, үй жануарлары туралы тақпақты кім біледі?
Гүлайым:
Мәә - мәә деген әні бар,
Жібек тоны, сәні бар.
Қошақаным – момақан,
Сүйкімді бір жануар.
Али:
Мее - мее деген әні бар,
Байқамасаң жамырар.
Секеңдеген лағым,
Бір тынымсыз жануар.
Шапағат:
Мөө - мөө деген әні бар,
Ү й маңынан табылар.
Мөңіреген бұзауым,
Маған үйір жануар.
Асел:
Бөө - бөө деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
Данияр:
Күмбір - күмбір әні бар,
Желпілдеген жоны бар.
Желдей жүйрік құлыншақ,
Желмен шапқан құлыншақ.
Төрт түлік туралы мақалдар
Шырын: Сиыр сүті – тілінде.
Данияр: Ат – адамның арқауы.
Қуаныш: Түйе атасы – нар.
Гүлайым: Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Дидактикалық ойын «Даусын ажырат».
ІІ - кезең. Мақал сөздің мәйегі.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісін сахналау.
Әсел: Еңбек ер атандырады.
Мерей: Еңбек түбі – береке.
Шырын: Еңбегіне қарай өнбегі.
Бекзат: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Хор. «Жақсы көрем атамды»
ІІІ - кезең. Полиглот
Мақал жалғастыру.
(Ұяшық таңдау)
Айым: Мен алманы таңдаймын.
Қыстың көркі -...(қар).
Али: Мен алмұртты таңдаймын.
Көз қорқақ, қол...(батыр).
Күнім: Мен жүзімді таңдаймын.
Тілдің құлпы -...(тіс).
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды оны жолына.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп қалады.
IV - кезең. Сөзжұмбақ «Мақал»
1. Ақыл - ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (білім)
2. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар)
3. Ақ сақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай. (қыс)
4. Қабат - қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
5. Жағалай - жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіл)
Би. Қазақша биі. Орындайтын: Нұрай мен Назгүл.
Құрметті қонақтар, міне, бүгінгі «Мың бір мақал» тәрбие іс - әрекетіміз соңына жетті. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз мақалдың маңызын түсініп, ұғатын зерделі де зерек болып өсе берсін.
Мың бір мақал
- Amida
- 12 наурыз 2015
- 6102
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақша, мақал, жұмбақтар, Мың бір мақал атты балабақшаға арналған интеллектуалды ойын
Ұқсас жаңалықтар:
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға...Не қалай дыбыстайды?
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары)...Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру....Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.