Сайтқа кіру Тіркелу

«Үш тілдің патшалығы» атты ойын - сауық кеші

«Үш тілдің патшалығы» атты ойын - сауық кеші

Мақсаты: балабақшадағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Жүру барысы:

Жүргізуші:
О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.
Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.

Армысыздар, құрметті көрермендер!
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!
Бүгінгі «Үш тілдің патшалығы» атты ойын - сауық кешімізге қош келдіңіздер!
Добро пожаловать на мероприятие «Королевство трех языков».
Ендеше «Үш тілдің патшалығы» ойын - сауық кешіне қатысушы бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?
Қазақстанда.
Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады. Бұл бейбітшілік пен достықтың сиқырлы елі.
Мы с вами живем в центре Евразии - Казахстане. Это и есть Королевство трех языков. Это волшебная страна мира и дружбы.
Біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:
В нашем королевстве вышел такой приказ, послушаем:

1 - тілмаш: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».
2 - тілмаш: «Всем! Всем! Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».
3 - тілмаш: «To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages - Kazakh, English, Russian!»
Жүргізуші: Ендеше, балалар, ортаға сол Үш тіл патшалығының Патшайымын шақырайық. Тогда пригласим Королеву королевства трех языков. ( Патшайым ортаға шығады).

Патшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау Астана қаласынан еліміздің мұнайлы мекені Атырауға ат басын тіредім. Патшалығымыздың ішінен сіздің балабақша - гимназия тіл үйренуде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген алғашқылардың бірі болып табылады. Менің көмекшім жарлығымның орындалуын сендерге тапсырма беру арқылы тексеріп көреді. Кәне, көмекшім, баста!

Жүргізуші: Патшайым, гимназияның бүлдіршіндері үш тілге деген құрметтерін өз өнерлері арқылы көрсетуге дайын. Ендеше, құрметті көрермендер, балалардың тілге деген құрметтерін бәріміз бірге тамашалайық!

1.«Балалар cәлемі». Балалар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) мәнерлеп өлең оқиды.

1. Ангелина:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

2. Влад:
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.

3. Арина:
Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

4. Камилла:
Наш Казахстан - наш край родной
Живем мы здесь большой семьей
Здесь есть родные и друзья,
Учителя - дают нам знанья!
Хотим мы знать, читать, писать,
Ну и конечно поиграть!
Здесь садик милый мой большой,
Гимназия - мой дом родной!

5. Аманат:
Я - казах, в степи рождён,
Знойным солнцем ополен.
Встречаю новую зарю,
Как беркут, гордый, ополен.
Под щедрым солнцем, золотым,
Под ясным небом голубым.
Мой флаг и герб себя вобрали,
Весь мир степной родные дали.
6. Аяна:
We learned our ABC's
And counting 1, 2, 3's.
And now we know all these,
The kindergarten class.
And we learned how to share.
And we learned how to care.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....
Тілім - менің тірегім

Тілім - менің тірегім

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Ganel1972
Өте тамаша өткен сабақ. Маған ұнады. Тәжірибе алмасу неткен жақсы. Өзіме үлгі ретінде көшіріп алдым...Рахмет!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×