Сайтқа кіру Тіркелу

Жер бізге өз күшін береді

«Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және дәлелдеп беруіне жетелейді.»
К. Д. Ушинский.
Балабақшадағы тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан бала бойында жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата - ана мен педагогтардың міндеті.
Бүгінгі таңда адам мен табиғаттың арасында экологиялық тепе - теңдіктің бұзылғанын, соның нәтижесінде табиғи ортаның азып - тозып бара жатқанын жиі айтып жүрміз. Бұл жалпы адамзат баласы үшін өте қауіпті құбылыс. Өйткені табиғат бұзылып тозса, онда бұл адамның да өміріне қауіп төнгені. Ендеше табиғат ананы қорғаймыз десек, бұл ізгі тағылымды мектепке дейінгі тәрбие ұясы балабақшадан бастауымыз қажет.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында жауаптымыз. Міне осы тұрғыда барлық жеткіншектерге экологиялық білім мен тәрбие беру – олардың дұрыс дүниетану көзқарасын қалыптастырады.
«Гүл» психожаттығу, релаксация.
Бауырсақ алаңқайда домалап келе жатыр. Жан - жағы әдемі гүлдер. Гүлдер түрлі – түсті, өте сымбатты, құлпырып тұр.
Енді біздер отырып, гүлдерге айналайық. Көзімізді жұмып, өзімізді «гүл» деп сезінейік.
Қай гүл болғыларың келеді?
Күн әлі шыққан жоқ. Гүлдерде терең ұйқыда жатыр. Олар терең, еркін дем алып жатыр.
«Дзынь»- 3 рет.
Бірінші күн шуағы оянып, гүл – Айгерімнің басынан сипады, екіншісі гүл – Алмастың басынан сипап, гүлдерді бірінен соң, бірін оятады.
Гүлдер бір көзін ашып, екінші көзін де ашып, жоғары – төмен, оң – сол жақа қарап, жарқыраған күн шуағына көздерін ашып - жұмып күлімдеді.
Күнге гүлдер қуанды. «Динь – динь - динь» - деп қоңырау гүлдер қуанды, түйме гүлдер « тик – так – тан» деп, оларға жауап берді.
Гүлдер шық тамшыларымен шомылды. Беттерін, көздерін, иықтарын, кеуделерін жуды.
Қандай тап – таза, қандай қуанышты. Бәрі бір – біріне қарап «Қайырлы таң!», «Қайырлы таң!», - деп қуанды
Психожаттығу
1) «Күн». Елестетейік, сіздер ағашсыңдар. Ағаштың бұтақтары мен жапырақтары күнге қарай ұмтылды.
2) «Жел». Бір кезде жел соқты. Ағаштың бұталары, жапырақтары жәймен қозғалып, тербеледі.
3) «Жел күшейеді». Жел мықты күшейгенде, ағаштар қатты тербеледі.. Ал ағаштың қатты тамыры жерде. Тамыры мықты, ағашты құлатпайды.
4) «Жаңбыр жауды». Себелеп жаңбыр жауды. Тамшылары жапырақтарға, бұталарға тырс – тырс етіп тамды ( сол кезде балалар бірінің артынан бірі тұрып, саусақтарымен алдыңғы баланың артынан жаңбыр жауындысын қол қимылы арқылы көрсетеді).
5) «Ағаштарды аяймыз» Ағаштар бір – бірін аяйды. (Балалар бір – бірінің арқаларынан сипайды)
6) «Күн». Жауын басылып, ағаштар сілкінеді, жапырақтар мен бұталар күнге қарай ұмтылып, бой жазады. Күннің көзіне қуанып, алғыс айтуда.

Мақсаты: Табиғат туралы білімдерін пысықтау; бала өзінің жан дүниесін сезіну; мейірімділікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Релаксация
«Толқын үстінде тербелеміз»
Мақсаты: Жүйке жүйесінің шаршағанын басу, қиялын дамыту, табиғат туралы білімдерін бекіту.
Балалар жерге жатып теңіздің дыбысын тыңдайды. Көздерімізді жұмамыз. Теңіз бетінде су толқыны біздерді тербелеп жатыр...
Мейірімді дельфиндер мен балықтар қасымызда жүзіп жүр... Жұмсақ қанаттарымен біздерді бетімізден, қолымыздан сипайды.
Аспанда ұшып жүрген ақ шағалалар біздерге ертегі айтады...
Ендеше көздерімізді ашамыз.

Психожаттығу - релаксация.
«Жер бізге өз күшін береді»

Мақсаты: Эмоцияналдық шаршағанын басу, денсаулық - тарын нығайтуға тәрбиелеу, қиялдауға үйрету.
Малдас құрып шөптердің үстіне отырамыз. Алақандарымен жердің күшін жинап сол күшті бойымызға сіңіреміз. Содан соң арқасымен жатып көздерімізді жұмамыз. Үнтаспадағы құстардың дауысын тыңдайды.

«Мөлдір су»
Мақсаты: Көңіл көтеруге, денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу, қиялдауға үйрету.
Балалар отырып, алақанға суды толтырып, үстіне құйып, орнында тұрып секіріп, дауыстарын қатты шығарып, көңілді, қуанышты дауыспен « и – и – и» - деп айту (3 рет)

«Шық тамшылары» психологиялық жаттығу
Мақсаты: Балалардың қиялын, сезімін дамыту; эмоцияналдық мәнерлі қимылдарын дұрыс түсіріп, дұрыс орындауға үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Орманда таң атты. Күн әлі оянған жоқ. Бәріде ұйқыда. Бірінші құстар оянып, әсем әндерін салды. Шөп үстіндегі шық тамшылары да оянды. Шөптер, гүлдер оянып, торғайларға бастарын иіп, жоғары ұмтылып, шапалақтап, аспандағы құстарға қарап, төмендегі шөпке қарап бәріне «Қайырлы күн», «Қайырлы күн» деді. Басқа да шөптер мен бірге тікен шөп пен қалақайда оянды.
Тікен шөп шық тамшыларын тікендерімен түйреді. Шық тамшылары қорқып, тынышталып, көздерін жұмды. Сәл уақыттан кейін көздерін ашып, жан – жағына қарап таң қалды. Жел шық тамшыларын тікен шөптен ұшырып алып кетіп, қоңырау гүлдің үйіне әкеліпті. Олар таң қалып жан жағына қараса, тікен гүлі көрінбеді. Көгілдір қоңырау гүлдің үйі өте әсем, түсі көгілдір екен. Тербелгенде «Динь – дон, динь - дон» - деп қоңырауларымен дыбыс шығарды. Шық тамшылары қуанып, қоңырау гүлді шомылдырды: оның жапырақтарын, сабақтарын, тазалап жуып берді.
Сосын қоштасып әрі қарай ұшып кетті.

Ойын - жаттығы «Көңілді құртақан»
Мақсаты: Эмоцияналдық шаршағанды басу, көңіл көтеру, қиялын дамыту.
Балалар шеңбер бойына тұрып, қолымыздағы сиқырлы айналарымызды шөптің үстіне қоямыз. Сонда ұзын, мөлдір өзен болып шықты. Мына өзенге иіліп, өзеннен өзімізді көреміз. Қарап отырып өзімізді көңілді құртақан деп елестетейікші. Біздер көңілді құртақандармыз (айналарына қарап күледі), көңілсіз құртақандармыз (мұңайып айнаға қарайды) ал енді жылап отырған ( көздерін сүртеді).
Ал енді бәріміз қайтадан күлімдейік (айнаға қарап күлімдейді). Бәріміз орындарымыздан тұрып, қолдарымызға айналарымызды алып, күн қояндарымен бір – бірімізді қуантайық.

Аутотренинг.
«Мен мейірімді сиқыршымын»
Мақсаты: Шаршағанды басу, адамгершілікке тәрбиелеу,
денсаулықтарын нығайтуға тәрбиелеу.
Көзімізді жұмып, мейірімді сиқыршыға айналып кетеміз. Енді қол – аяғымызды, денемізді бос ұстаймыз (2 - 3 мин). Көзімізді ашып мына сөздерді айтамыз.
Мен мейірімді, жақсы баламын.
Топтағы барлық балаларға, апайларға
Мен денсаулық тілеймін.
Барлығы мейірімді, әдемі, әдепті бақытты
болсын!
А........... уф.............. ту

Психожаттығу
«Мен гүлмін»
Мақсаты: Бөлме гүлдері туралы білімдерін көбейту және пысықтау, сөздік қорын байыту. Өзінің алған әсерін, сезімін суреттеуге, айта білуге үйрету. Гүлдерді күтуге, әсемділікті сүюге тәрбиелеу.

Елестетіп көрейікші, көздерімізді жұмып, өзімізді «гүл» деп елестетейік. Мен әдемі, хош иісті бөлме гүлімін. Серік сен қандай гүлсің? Гүлдің атын атай ғой. Көздерімізді ашпаймыз.
- Сен не сезіп отырсың?
- Түрің қандай? Жапырақтарың, түсің қандай?– айтып берші
- Сені қалай күтеді?
- Сен не ұнатасың?
Енді жәймен көздерімізді ашамыз.
Қорытынды: гүлді суарамыз, шаңын сүртеміз, жақсы күтеміз.

Психожаттығу
«Қайыңдар»
Мақсаты: Табиғат туралы білімдерін көбейту және пысықтау; сөздік қорын молайту, қиялдау сезімін байыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көздерімізді жұмып елестетеміз. Біздер сиқырлы ормандағы ақ қайыңға айналдық. Ақ қайыңдар әдемі, әсем жапырақтарын жайып, жіңішке бұталарымен күнге қарай ұмтылып, күннің жылы шуағын сезінді. Қайыңдар күнге
қарап күлімдеді.
Бір кезде тентек жел қайыңдармен ойнағысы келді. Қайыңдар таң қалып, желмен ойнады. Бұтақтарын жәй тербелтіп, сосын қатты – қатты тербелтеді. Әр жапырақ / саусақ/ көршісімен амандасты. Тентек жел өзімен бірге бұлтты ертіп келді. Ол бұлт күнді көрсетпей басып тастады. Ақ қайыңдар ренжіп, жапырақтарымен құшақтасып, бір – бірін жылытты.
Міне жаңбырда жауды. Жапырақтар жаурап, тоңып қалды. Бұталары салбырап қалды. Көздерімен аспанға қарап күнді іздеді, бірақ жаңбыр көздеріне қарай тамшылады. Қайыңдар көздерін тезірек төмен түсірді.
Тентек жел «ақ қайыңдар ауырып қалар» - деп, қорқып бұлттарды қуып жіберді.
Күн жарқырап, қайыңдар көңілдене сыбырласып бір – біріне қарап күлімдейді.

«Күн» психожаттығу -релаксация.

Мақсаты: Табиғат құбылыстары туралы білімдерін пысықтау; қиялын, сезімін дамыту, сөздік қорын молайту.

Таңертең күн шығады, жерге шуағын шашып, жылу береді. Барлығымыз күнге қуанамыз. Ал күн ұйқыда жатқанда бәрімізде ұйқыға батамыз. Ендеше өзімізді ұйықтап жатқан күн деп елестетейікші...
Ертегі әлемінде түн... Таң атып қалды. Күзетші – Ай дем алуға бара жатырып, күннің терезесін түртті (тук – тук, тук - тук). Есікті түрткенін естіп Күн көздерін ашып, бойын жазды. Жоғары ұмтылып, шуақты көздерімен жыпылықтатып, аузын, бетін, көзін жуып, алтын ұзын шашын тарады. Шаштары жарқырады. Күн көйлегін дұрыстап, аспанға шығып, таза ауа жұтып, күлімдеп, жан – жағына қарады. Күн шашуын, жылуын жерге сыйлады.

Бір ғажайып ойын ойнайық
Мақсаты: Табиғат туралы, өсімдік туралы білімдерін пысықтау; қиял, сезімдерін дамыту, эмоционалдық – мәнерлі қимылдарын дұрыс түсініп, орындауға үйрету; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Өзімізді кішкентай, тырысқан гүлдің тұқымы деп елестетейік. Бағбан тұқымдарды күтіп, су құяды. Күн жылынып, көктем келгенде тұқымдар өсіп - өне бастайды. Жапырақтары шығады, сабағы өседі, бұталары мен күлтелері өсе бастайды. Қуанышты сәтте жетіп гүлдері де ашылады. Кішкентай болып өскен гүлдер, үлкен гүлге айналады. Гүл күннен нәр алып, шуақтарымен ойнайды.
Жайдарлы жаз келді. Гүл одан да әдемілене түсті, өз - өзіне сүйсіне қарап, басқа гүлдерге күліп, басын иіп, жапырақтарымен сипады.
Күз де келді. Жел соқты. Гүл әрлі – берлі тербеліп, желмен күреседі. Жел гүлдің жапырақтарын, күлтелерін жұлып, бұтасын жерге иілтіп құлатады. Қандай көңілсіз.
Қар да жауып, қыс келді. Гүл қайтадан кішкентай тұқымға айналды. Қар тұқымды басып қалды. Қар астында тыныш, әрі жылы.
Сөйтіп, қайта жаз келгенде, тұқым қайтадан жаңа гүлге айналады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қоршаған ортамен таныстыру «Күзгі ағаш»

Қоршаған ортамен таныстыру «Күзгі ағаш»

Мақсаты: Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту. Міндеті: Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғым бере отыра тірі табиғаттың...
Табиғаттың таңғажайып әлемі

Табиғаттың таңғажайып әлемі

Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға,...
Қанатты досымыз қарлығаш

Қанатты досымыз қарлығаш

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін толықтыру. Құстарды ажыратып, атын атай білуге, құстар туралы халық болжамдарын игеруге дағдыландыру....
Бұлттар әлеміне саяхат

Бұлттар әлеміне саяхат

Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз»балабақшасы тәрбиешісі Жумабаева Венера Мирамбекқызы Тақырыбы: «Бұлттар әлеміне саяхат»...
Әдемі гүлдер

Әдемі гүлдер

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Жапсыру Тақырыбы: "Әдемі гүлдер" І кіші топ Тәрбиеші: Серікбаева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×