Қош бол, сүйікті балабақшам!
Мерекелік безендірулер, бақша өмірінен көрініс плакаттар, балалар шығармашылығы бойынша көрмелер.
Жүргізуші:
Құрметті балалар, осы балабақшада көңілді де қуанышты, қызықты мерекелерді бірге өткіздік. Ал бүгін сендер үшін бақшадағы соңғы - қоштасу мерекесі. Енді сендер балабақшадан қарлығаштай ұшып шығып, мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар. Сендерге тілейтініміз, талаптарың таудай болып, қанаттарың талмай биіктерге самғай беріңдер! Ал құрметті, ата - аналар, балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын. Ұрпағымыз сіздер мен біздің алдымызда гүлденіп, өз ана тілдерін құрметтеп өсе берсін! Бүгінгі той иелерін – бақшамыздың түлектерін қошеметпен ортамызға шақырайық.
Балалар өздерінің жұптарымен ортаға шығып, жылы лебіздерін айтады:
- Бүгін біз үшін мереке!
- Біз үшін есте қалатын күн!
- Біз балабақша түлектеріміз!
- Біз білімді балаларымыз!
- Біз өнерлі балапандармыз!
- Біз Қазақстанның болашағымыз!
- Балабақшамызды қимай барамыз.
Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын, тойларың!
Ән: «Бал - балалық»
Сахнаға Жұмбақбай ата келеді.
Ата: - Амансыңдар ма, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, ата!
- Аман ба, балам!
- Иә, айып болмаса, сізді танымай тұрмыз....
- Е - е, балам, мені шынымен - ақ танымай тұрсың ба? Мен «ертегілер елінен» келген Жұмбақбай атаң емеспін бе?
- Солай ма? Қош келдіңіз, Жұмбақбай ата!
- «Жақсыны көрмекке» деген, сендер мектепке барады дегенді естіп, балаларға таңғаларлық ғажайыптар көрсетейін деп келдім.
- Балалар, қазір сендермен алғашқы ойынды ойнауды бастаймыз. Мектепке дайынсыңдар ма тексеріп көрейін.
1. «Сандарды тура және кері санау» Кез келген баладан сұраймын.
Әр бала қолында сан жазылған парақша болады. Әуен ойналып, балалар биге араласады. Әуен тоқтағанда ортадан кез келген бала шығып, адасқан сандарды атап, ретімен орналастырады. Келесі 2 бала тура және кері санап шығады.
2. «Жұмбақ есеп» Балалар, қазір сендерге жұмбақ есеп жасырамын. Кім табады, сол балаға сыйлық бар.
Жұмбақтар көрініспен беріледі.
Пісіп тұрған төрт алма,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратхан,
Қанша қалды алмұрттан. ( екеу)
Қазып жүр құмды бес мысық,
3 - еуі жатыр күн ыстық.
2 - еуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. (Он)
- Жарайсыңдар, балалар, мен сендерге риза бола бастадым.
- Балалар: Есеп неткен керемет,
Шынымен де бере ме.
Айтыңызшы досыма,
Бермес пе екен көбірек.
Әр күнім толы қызыққа,
Жаттығу, таңғы тамақ та.
Кітап оқып. серуен құрып,
Бірге ойнаған уақыт та.
Түскі асты ішіп алып,
Ұйықтардың алдында.
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе - елдің көркі» деген,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам»- дей отырып, сүйікті де, әсем қыздарымыздың биін тамашалайық.
«Өзбек биі», «Испан биі»
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Бүгін қызық бүгін той,
Біздер үшін біліп қой,
Әнде салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Балабақшам қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әке менен шешемді,
Енді ертіп келмеймін.
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мен мектепке барамын,
Балабақшам қош енді.
Ойын: «Сыңарын тап»
- Сендер бұл ойынға таңғаларсыңдар деп ойлаймын. Мына жерде жемістер бөлшектері берілген. Оларды біріктіру үшін сыңарын табу керек. Яғни әр бала өз жұбын тауып, биге араласады.
Ұл - қыздары көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән берген,
«Балабақша» вальсі.
Би: «Вальс»
Жұмбақбай ата: Балалар, сендер шеттеріңнен өнерлі, білімге құмар балалар екенсіңдер. Сендер мектепке дайын екенсіңдер.
- Ата, ендеше сіз демалып отырыңыз, балалардың тағы қандай өнері бар екенін тамашалаңыз.
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып - жазып үйрендік.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Күні бойы жүреміз.
Қалам алып, сурет салып,
Ән де сала білеміз.
Ән: «Жау - жау жаңбыр»
Би: «Спорттық би», «Ұлдар биі»
Ертегіні сахналау. «Үйшік ертегісі»
- Енді ата - аналарды қатыстырайық. Ата - аналармен ойын ойнайық.
«Кім жылдам?» Мұнда тұрған, жуылған орамалдарды арқанға іліп, жинап алу керек. Ата - аналар 2 топқа бөлінеді. Әр қайсысы әр түрлі жұмысты орындайды. Кірді сілку, жайғышқа ілу, қыстыру...
«Егер де мен...» Яғни, ата - ана тәрбиеші рөлінде жүресіздер. 10 - минуттың ішінде баланы ұйқыдан тұрғызып, киіндіріп, балабақшаға жібересіз.
Хормен: «Апайларға мың алғыс».
Арнаулар оқылып, сыйлықтар таратылады.
Гүлдендірген бақшаны,
Аға оқытушы жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Құралай апай - артықсыз сіз басқадан.
Естен кетпес үніңіз,
Бізбен өтті әр күніңіз.
Баулап баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз,
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Жанат, Гуля, Майнур, Алиса, Майнур, Ардақ апайларға мың алғыс.
Әрқашан бізге жалықпай,
Бәрін - бәрін үйреткен.
Біздер жақсы көреміз,
Ғалия, Бота, Сандуғаш апай.
Төсек орын тап - таза,
Аппақ жуған сүлгісі,
Нұрбике, Бибігүл апайларға,
Балалардан мың алғыс.
Біздің үлкен бақшада,
Бар әсем бір асхана.
Бар осында аспазшы,
Ақ көңілді, жақсы апа,
Бізге керек қаймақ па,
Самса ма, әлде сорпа ма,
Қажет тамақ балаға,
Үнемі тұрады ортада,
Ардақ, Роза, Толқын апайларға мың алғыс.
Іш ауырса, тіс ауырса,
Перизат апай дәрі береді.
Барлық бала оны жақсы көреді.
Би: «Үнді билері» (Дарын, Мерей, Жібек)
Хормен: «Қош бол, сүйікті менің балабақшам»
Қорытынды: Ата - ана мониторингісін хабарлау.
Дипломдар, алғыс хаттар, сыйлықтар таратылады.
Қабырға газетіндегі суреттер мен мінездемелер.
«Біз бақытты баламыз,
Оттай лаулап жанамыз!
Үміттерді біз ақтап,
Мектепке үлкен барамыз!»
Ата анаға. Арнау жазылған құттықтау қағаздарын сыйлайды.
Күндей болып күлгенім, уайымсыз жүргенім
Әкем, шешем арқасы.
Тентектікті кешірген, еркелетіп өсірген
Айтамыз сізге мың алғыс!
Қош бол, сүйікті бала-бақшам
- kuralaiox
- 26 қыркүйек 2014
- 14217
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақшамен қоштасу сценариі
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...Қош бол, балабақша!
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....Қош бол, балабақша!
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, «Қарлығаш» балабақшасы музыка жетекшісі Болатбаева Самал Болатбайқызы...Қош, сүйікті балабақшамыз!
Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау....Қош бол, сүйікті балабақшам!
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.