Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс әрекеті Сурет іс - әрекеті
Лексикалық тақырыбы: «Жыл мезгілі. Көктем келбеті»
Тақырыбы «Жау - жау жаңбыр, жау жаңбыр»
Мақсаты:
1. Жаңбырдың жаууын саусақпен сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету.
2. Көктем мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу
3. Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан жаңбыр бейнесін көріп тамашалау. Жаңбыр жайлы әңгіме, дыбыс, музыкалық шығармалардан тыңдату.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Жаңбыр биі» видио көрсету. Саусақ, қол жаттығуы. Өлең.
Көрнекті құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су бояулар., қылқалам, Суреттер «Жаңбырлы күн», дыбыстық сурет слайды, қолшатыр. Үлгі«жаңбыр» суреті. «Бұлт» бейнеленген альбом парақтары.
Сөздік жұмыс: көктем, бүршік жарды, жаңбыр, бұлт, шалшық су, қол шатыр, тамшы, көк түсті бояу, теңіз, өзен, «жағын», жылы, күн.
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
ынталандырушылық
қ/о «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты. Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай болады?
- Күн ------
- Жаңбыр -----
- Ағаштар бүршік -----
- Құстар жылы жақтан ---
- Жерге жасыл шөптер ----
Көктемде қандай мерекені тойлайды?
- Біздерде наурыз тойын тойладық.
Педагог: Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
- Жаңбыр туралы.
Жаңбыр қайда жауды?

- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?
- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
«Жаңбыр биі» видио ролик
Балалар жаңбыр суреті мен дыбысын тыңдап болғасын педагог былай деп сұрақ қояды.
- Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естідік?

Саусақ қол жаттығулары
«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
Педагог:
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай?
Педагог:
- Балалар біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты және бояуды қолданып саламыз. Педагог көк түсті бояумен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, көрсетеді. Ол үшін саусақты суға малып, көк түсті бояуды сумен езіп, парақ бетіне бастырамыз.
Педагог жаңбыр тамшысы суретін саусақпен салғанда:
- Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, сурет салады.
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада жаттығып көреді.
Балалардың жеке жұмысы.
/педагог әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға көмек береді/. Педагог балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына, көмек береді. жаңбыр дыбысын қосып айтқан баланы мадақтайды.
Балалар салған суреттерін тақтаға қойылып, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттерді мадақтап, марапаттайды.

Тілдік қимылды ойын ойнатады.
- Жаңбыр жауады. Тырс!
- Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс!

- Жаңбыр көп жауады.
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында тұрып, секіреді/
- Көктем мезгілі
- жылиды.
- жауады.
- жарады.
- ұшып келеді.
- шығады.
- Наурыз тойын.
- Балалар жауабы.
- Жаңбыр туралы.
- Жаңбыр терезеге, жерге, гүлге, шөпке жауды.
- Балалардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау.
- Көзімізбен көрдік.
- Құлағымызбен естідік.
Үстелді саусақ ұшымен соғу
- Бұлтты көріп тұрмыз.
- Жаңбыр жауып тұр.
- Су, өзен, гүл, заттар болады.
- Пішіні сопақша.
Педагогтың көрсетіп жатқан саусақпен сурет салу тәсіліне назар аударып, отырады
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада көрсетеді.
- Тырс! /алақанды бір рет соғады/
- Тырс!, Тырс! алақанды екі соғады
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында секіреді/

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Рефлексифті
түзтушілік - Балалар біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
- Ненің суретін салдық?
- Жаңбырдың, пішіні, қандай?
- Жаңбырдың дыбысы қандай?
Қандай тәсілмен салдық? - Сурет іс әрекетімен
- Жаңбыр тамшысының суретін салдық.
- Түсі көк. пішіні сопақша.
- Тырс! Тырс! етеді
- саусақпен салдық
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жыл мезгілі көктемнің басты ерекшеліктерін. Жаңбырды бейнелеудегі бояу түсін, дыбысын, пішінін, бейнелеу тәсілін біледі
Түсінігі: Мезгілдің басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптасады.
Дағдысы: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілімен, саусақпен сурет салуға дағдыланады

№20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген
балаларға арналған балабақшасының
бейнелеу өнері маманы
Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету