«Көңілді қоңыздар» жаттығуы
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: қоңыздың киімдері, кілемшелер, ілгектер, тастар, қақпақтар,
қылқалам, таяқшалар, т. б.
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз.
Айналаға барлық адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар біз күнде ұйқыдан кейін оянуға арналған әртүрлі жаттығуларды жасаймыз. Қандай жаттығулар екенін айтыңдаршы?
Балалар:
Көзге арналған жаттығулар, құлаққа, қол, аяқ саусақтарына арналған жаттығулар. Тыныс алу жаттығулары.
Тәрбиеші:
Бүгін біз «Көңілді қоңыздар» жаттығуын орындайық. Музыка әуенімен «Көңілді қоңыздар» жүреді.
Тәрбиеші:
Түс мезгілі, мезгілі
Қоңыздар ұйқыға кірісті.
Қоңыздар көреді түсті
Әдемі сиқырлы әлемді.
Табиғат қандай тамаша
Жыл мезгілі жазда
Айнала жасыл шөптер
Жайқалған әдемі гүлдер.
Қоңыз, қоңыз, қоңызым
Тынығады, ұйықтайды.
Ұйқыдан қоңыздар оянып
Аунап, қунап алады.
Көзімізді ашайық,
Көзге жаттығу жасайық.
Бойымызды жазайық,
Қолымызды созайық.
Жаттығулар жасайық.
Ұйқымызды ашайық.
Оң қолға алып тарақты,
Түрлі массаж жасаймыз.
Сол қолға алып массажды,
Табанға массаж жасаймыз.
Қоңыз, қоңыз, қоңызым
Өрмелеген қоңызым.
Қыбыр – қыбыр жүріспен
Қоңыздар қырға шығады.
Қоңыз шықты ағашқа,
Артында оның баласы.
Күн шапағын шашады,
Қоңыз үйге қайтады.
Әдемі ирек жолдармен,
Лақтарша ойнақтап,
Тастан – тасқа секіріп,
Дем алып, дем шығарып
Қоянша біз жүреміз.
Секіреміз, билейміз.
Аюға ұқсап қорбаңдап,
Қорбаң – қорбаң жүреміз.
Араға ұқсап ызылдап,
Гүлдерге біз қонамыз.
Гүлдің иісін аламыз,
Таза ауаны жұтамыз.
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Денсаулығым керемет,
Жаттығуға рахмет.
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біз «Көңілді қоңыздар» жаттығуын жасап денемізді шынықтырдық. Жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңдар.
Таңғажайып сәт:
Күлдірген келеді:
Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендерге өте тамаша тыныс алу жаттығуын алып келдім. «Бөтелкедегі жел» жаттығуы.
Тәрбиеші: Рахмет, Күлдірген таңғажайып сәт болды.
Қимыл - қозғалыс ойыны: Қоңыздар
Ойынның шарты:
Күн шықты дегенде қоңыздар ж - ж - ж - ж - ж деп өрмелеп жүреді. Жаңбыр жауды деген кезде қоңыздар ағаштың астына барып жасырынып қалады.
Қол ұштасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық.
«Көңілді қоңыздар» жаттығуы
- ramuk_b
- 2 қыркүйек 2014
- 12439
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қан айналымын жақсартуға көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді ояту
Ұқсас жаңалықтар:
Жапалақтап жауған қар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау....Жетінші сәуір - дүниежүзілік денсаулық күні
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы, Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорының жоғары санатты тәрбиешісі Куанышева...Бізде жасай аламыз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы І – ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г. Ғ....Гимнастика
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының тәрбиеші Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...Қоянмен серуенге барамыз
Алуа Анешовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.