Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгеру - толыққанды тұлға ретінде қалыптасуда маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа жеңіл енеді, ол өзінің ойларын, көкейдегі сұрақтарын түсінікті етіп жеткізе алады. Ал, керісінше түсініксіз сөйлеу - қоршаған ортамен өзара қатынасты барынша қиындатады және адам мінезіне де өз әсерін қалдырады. Тілдегі мүкістік баланы үлгерімсіздікке әкеледі де, баланың өзіне деген сенімділігін жоғалтады, ал мұның арты теріс нәтижеге әкеп соғады. Сондықтан баланың сөйлеу дұрыстығы жөнінде ерте кезден - ақ қамданған жөн.
Сөйлеу дағдысы туа біткен қабілет емес, ол біртіндеп қалыптасады. Дыбыстай білудің қалыпты болуының негізгі шарты - артикуляциялық аппараттың толыққанды жұмысы. Артикуляциялық жаттығулар артикуляция құрылысын тіл, ерін және жұмсақ таңдай бұлшықеттерінің қимыл - қозғалысының қалыпты болуына, сөйлеу кезінде сөздегі дыбыстар анық шығуына өз әсерін тигізеді. Артикуляциялық жаттығулар жас талғамайды, себебі бұл жаттығуларды кішіден бастап үлкенге дейін қолданады. Артикуляциялық жаттығулармен жұмыс бастау негізінде балаға алдымен ерін және тілдің қимыл - қозғалысы жөнінде көңілді тіл ертегілері арқылы жүргізуге болады. Бұл кезеңде яғни ертегі желісі бойынша тіл жаттығуларын бала алғашқыда айнаға қарап, жаттығуды 2 - 3 рет қайталайды. Ертегі аяқталған соң балаға жаттығудың үлгі суреті көрсетіледі, бала сол арқылы тіліне жаттығулар жасайды. Жаттығуды орындау барысында дауыс ырғағын қалыпқа келтіру, тыныс алу жаттығулары және есту қабілеттерін дамыту қатар жүреді. Баланың жасына қарай тіл жаттығулары күніне екі рет, жаттығу уақыты 5 - 7 минутты қамтиды.
Хайуанаттар бағында.
(тіл ертегісі)
Ертеде тіл болыпты. Бір күні тіл хайуанаттар бағына баруға жолға шығады. Тіл жолда жаяу келе жатып, әбден шаршайды. Тынығып алайын деп тал түбіне отырса, көгалда жайылып жүрген үйір аттарды көреді. Тіл аттардың біреуіне жақын келіп, жалынан ұстап, атқа мініп, хайуанаттар бағына қарай шабады. ("Ат шауып келеді" жаттығуы. Таңдайды тоқылдату). Тіл хайуанаттар бағына жеткен соң, есік алындағы ілулі тұрған айнаға келбетін қарайды. Шашы жалбырап, үсті басы шаң болған екен. Тіл тарағын алып, шашын тарай бастайды. ("Тарақ" жаттығуы. Тілді тіспен тістеп, әрлі - берлі (алға - артқа) қозғалту). Тіл шашын тарап болған соң, хайуанаттар бағына кіреді. Байқап қараса, тоған судың ішінде үлкен, ауызы кең ашылғанан біреу отыр екен. Бұл сусиыр еді.("Сусиыр" жаттығуы. Ауызды кең ашу, жаттығуды 3 - 4 рет қайталау). Тіл әрі қарай жүре бергенде бақылдаған дауысты естиді. Артына бұрылып қараса, тоған судың шетіне бақаны көреді. ("Бақа" жаттығуы. Үстіңгі және астыңғы тістерімізді қабыстыру). Сусиырды, бақаны тамашалап болған соң, тіл тұмсығы ұзын, өзі үлкен тау тәрізді жануарды көреді. Бұл тұмсығымен денесіне су шашып тұрған піл еді. ("Піл" жаттығуы. Ерінді алға қарай жиыру). Тіл тор ішінде ұзына жатырған түтікшені (шланг) көреді. Бір кезде әлгі түтікше қимылдайды. Бұл ұзын жылан екен. ("Жылан" жаттығуы. Күлімсіреп, ауызды ашып, тілді алға шығарып, кейін жасыру). Жаттығуды 3 - 4 рет қайталау. Хайуанттар бағын аралап жүріп, тіл кештің қалай батқанын білмей қалады. Үйге қайту керек екенін біліп, тіл сағатына қарайды. ("Сағат" жаттығуы. Тілді алға шығарып, оңға - солға қимылдату (сағат тілі тәрізді). Тіл сағатына қарап, үйге қарай бет алады. Тіл үйіне кіріп, есігін жауып алады.
Көңілді серуен.
(тіл ертегісі)
Ертеде өз үйшігінде бір тіл өмір сүріпті. Тіл таң атысымен ерте оянып, үйінен шығып, күн барма екен деп жоғары қарап, жер балшық па екен деп төмен қарап, оңға - солға бұрылып, тіл жүре беріпті. Жолда келе жатса, тіл шөп арасынан "пық - пық - пық" деген дыбысты естиді. Тіл жерге қарай үңіліп, дұрыстап қараса, шөп арасында жүрген үсті тікен кірпіні көреді. ("Кірпі" жаттығуы. Ауыз жабық күйде, тілді ерінмен тістің арасына қойып, томпайту). Тіл одан әрі қарай жүре бергенде, бір топ балалардың футбол ойнап жатқанын көріп, балалармен бірге футбол ойнайды. ("Футбол" жаттығуы. Ауыз жабық күйде, тілді оңға қарай, содан соң солға қарай тіл ұшымен бетті доп тәрізді томпайту).
Футбол ойынынан кейін тіл алтыбақанға отырып, тербетіледі.("Алтыбақан" жаттығуы. Тілдің ұшын үстіңгі тістің ішкі бетіне тигізу, содан соң астыңғы тістің ішкі бетіне тигізу). Алтыбақанда тербетіліп отырған тіл алаңның ортасында ашулы тұрған күркетауықты көреді. Күркетауық біреумен ұрысып тұрған тәрізді көрінеді.("Күркетауық" жаттығуы, ауызды ашу, тілді үстіңгі еріннің жоғарғы бетіне көтеріп, была - была - была деп қайталау). Күркетауықтың дауысынан қорыққан тіл үйіндегі анасына қарай жүгіреді. Үйге кірген кезде, дәмді астың иісі шығады. Анасы бәліш пен құймаққа қамыр әзірлеп жатыр екен.("Қамыр илеу" жаттығуы, тілді тіспен тістеп та - та - та буынын қайталау, ерінмен тілді бірге ұстап пя - пя - пя буынын қайталау). Тіл анасына құймақ пісіруге көмектеседі. Тілдің пісірген құймағы дәмді болады.("Құймақ" жаттығуы, тілді астыңғы ерінге жалпақ күйде қойып, қозғалтпау). Тіл өзінің пісірген құймағын кесеге құйылған ыстық шаймен ішеді.("Кесе" жаттығуы, тілді алға шығарып, тілдің ұшын жоғары көтеру). Анасы тілге кеш батты, ұйықтайтын уақыт болды - дейді. Тіл беті - қолын жуып, тісін тазалайды.("Тіс тазалау" жаттығуы, тіл ұшымен үстіңгі және астыңғы тісті жалау). Тіл ұйқыға кетеді.
Орманға саяхат
( тіл ертегісі)
Тіл ұйқыдан оянды,
Жан - жағына қарады.
Аспандағы күнге қарады,
Жерге түскен жапыраққа қарады.
Жапырақтарды жинай бастады.
Әбден жалыққан тіл
Жаяу жүріп орманға барады.
Қарғаның дауысын естиді: қарқ - қарқ
Қасқырдың дауысын естиді: ау - у - у - у
Қасқырдан қорыққан тіл
Үйіне қарай жүгіреді.
Баланың сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы
- gauhar.087
- 16 тамыз 2014
- 10614
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баланың сөйлеу тілін дамытуда ертегінің маңызы
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындар
Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында...З дыбысын машықтандыру
Міндеттері: Білімділік: дыбыстың дұрыс артикуляциясын бекіту, З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айту дағдыларын бекіту. Түзетушілік –...Л дыбысын қою
Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК «Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі Валеева Ғалия Сағынбайқызы...Керісінше айт
Білім беру саласы. «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: ҚМТҚ Тақырыбы: «Керісінше айт (оң - сол, алға - артқа, жоғары - төмен, алыс -...Ринолалик баламен жүргізілетін түзету жұмыстары
Л. С. Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар екенін айтты, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.