Сайтқа кіру Тіркелу

Гүлдер әлемі

Гүлдер әлемі
Мақсаты: Балалардың заттарды түр - түсіне, пішініне, қасиетіне байланысты топтап, салыстырып даралау, қабілетін дамыту. Ойындар арқылы сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін дамыту. Оларды түрлі әдіс - тәсілдермен бейнелеу арқылы балаларды әсемдікті сезініп қабылдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, психожаттығу, ойын. Алақанмен, мақталы таяқшамен, қылқаламмен бейнелеу.
Көрнекілік: Гүлдердің суреті, үнтаспа, түрлі – түсті бояулар, қылқалам, мақта таяқшалар. Барысы: Ұйымдастыру сәті.
Әсем әуен ойналады. Балалар жарты шеңбер болып тұрады. (қолдарында әсем шарлар). Тәрбиеші: Балалар бір - бірімізге, Отанымызға, туыстарымызға арнап жылы тілектер айтып, тілекшарларын ұшырайық. Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Ата – аналарымыз аман болсын!
Сәбилердің күлкісі шексіз болсын!
Жеріміз дәнге толсын!
Заманымыз тыныш болсын!
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Тәрбиеші: Өте жақсы тілектер екен, балалар, сендерде ауырмай, үлкен азамат болып өсіңдер!
- Балалар, қараңдаршы біздің тобымыз әдемі бояулар түсіне енген сияқты. Не үшін солай болды деп ойлайсыңдар?
Балалар: Өйткені біздің тобымызда бүгін түрлі - түсті шарлар бар. Шарлардың түстері әртүрлі, сондықтан да біздің тобымызда әдемі болып тұр.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін біз сендермен «Гүлдер әлеміне енеміз» ал орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар мен сендерге алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың шешуін «Иә, жоқ» ойыны арқылы шешейік.
Ойынның шарты: Балаларға жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуі болатын заттың түсіне, пішініне қасиетіне ұқсайтын заттар және жұмбақтың нақты шешуін білдіретін суреттер интерактивті тақтадан көрсетіледі. Балалар «Иә, жоқ» ойыны арқылы жұмбақтың нақты шешуін табады.
Жұмбақ:
Көзі сары, кірпігі жоқ
Шалғын мен гүлзарда өседі.
(Түймедақ)
Тәрбиеші: Балалар күн біздің жұмбағымыздың шешуі бола ала ма?
Бала: Жоқ, өйткені күн аспанда болады, ол шалғында, гүлзарда өспейді.
Тәрбиеші: Ал, қырау жұмбақтың шешуі бола ала ма?
Бала: Жоқ, себебі қырау тек қыста ғана болады. Оның түсі ақ. Тәрбиеші: Ал, бұлт ше?
Мерей: Жоқ, бұлт аспанда болады. Оның түсі ақ, көк болады.
Тәрбиеші: Күнбағыс осы жұмбақтың шешуі бола ала ма?
Азиза: Жоқ, күнбағыс гүлзарда өспейді, ол егістікте өседі.
Тәрбиеші: Балалар бізде бір ғана сурет қалды.
Балалар: Көзі - сары, кірпігі - ақ, шалғында да, гүлзарда да өсетін, ол - түймедақ гүлі.
Тәрбиеші: Міне балалар ендеше жұмбақтың шешуі түймедақ гүлі екен. Қазір біз сендермен бірге түймедақ гүлінің «өсу жолын» - көгілдір экран арқылы тамашалаймыз.
1. Тұқым.
2. Сабақ.
3. Жапырақ.
4. Түймедақ гүлінің күлтесі.
Балалар көрдіңдер ме түймедақ гүлінің тұқымын көктемде топыраққа салады, көктемнің ортасында одан сабақ шығады, жаздың басында жапырақтарымен түймедақ гүлі өсіп шығады, гүлін ашады. Балалар сендер түймедақ гүлінен басқа қандай гүлдерді білесіңдер? Олар қайда өседі?
Бәйшешек - ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде гүлдейді, түсі ақ.
Қызғалдақ - ол қырда өседі, түсі қызыл.
Бақбақ гүлі – егісте өседі, түсі сары.
Бөлме гүлдері – қырықжапырақ, қоян құлақ, бөлме жүзімі
Сергіту сәті: Ойын «Гүл құрастыру» осы гүлдерді елестете отырып, қолымызда деп тыныс алу жаттығуын жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар осы гүлдер жайқалып өсу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалар: Жаңбырдың суы, күннің нұры, су қажет.
Ойын: «Күн мен жаңбыр».
Тәрбиеші: «Күн» сөзін айтқанда балалар жүгіріп ойнайды, ал «жаңбыр» сөзін айтқанда қол шатырдың астына тығылады.
Тәрбиеші: Балалар енді өзіміз білетін әр түрлі әдіс – тәсілді пайдаланып түймедақ гүлін бейнелейміз.
Қорытынды: Балалардың салған суреттерін қандай әдіс – тәсілімен бейнелегенін жеке – жеке сұрау. Балаларды мадақтау, балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Өнерлерің өсе берсін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×