І кіші топ
Білім саласы: Шығармашылық
ҰОІӘ: Жапсыру
Тақырыбы:«Табақтағы сүт»
Мақсаты: Дайын пішінді қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыра білуге үйрету. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, әсемділікке тәрбиелеу.
Қол - н әдіс: Түсіндіру, көрсету, қызықты сәт, ойын, сергіту сәті, сұрақ - жауап, мадақтау.
Көрнекілік: Ойыншықтар, дайын үлгі желім, ақ қағаз, салфетка
Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Қанекей, амандасып алайықшы.
Армысың, асыл күн!
Армысың жер ана!
Амансыңдар ма достарым!
Сендерді көрсем қуанам
Алақай, алақай!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем, Дұрыс – ақ
- Ауа райында қандай өзгерістер болуда?
- Күн жылынды, жердегі қар еріп, суға айналды. Жаңбыр жауады.
- Ал сендердің көңіл - күйлерің қандай?
- Тамаша
- Біздің топтың балалары қандай?
- Тамаша
Бала балабақша қандай?
- Тамаша.
Қызықты сәт:
Тәрбиеші: Балалар мен балабақшаға келе жатқанда бір қорапша тауып алдым. Оны сендерге көрсеткім келіп тұр. Қараңдаршы қандай әдемі. Қараңдаршы қандай әдемі. Ішінде не бар екенін, ашып көрейік.
Қорапшаны ашып, ішінен шыққан заттарды көрсету. Кесе, тарелке т. б. осының бәрі ыдыстар деп аталады.
Қызықты сәт: Кенет мысық келеді.
- Мяу, мяу – амансыңдар ма, балалар?
- Мен үлгере алмай қалдым ба?
- Қарным ашып, сендермен тамақ ішейін деп келіп едім. Үстел үстінде тұрған ыдыстардың ішін қарайды.
Тәрбиеші: Мысық не істеп жатырсың? Ол ыдыстың ішінде ештеңе жоқ.
- Мяу, мяу, мяу жылайды. Қарным ашты.
- Жарайды, жылама. Мына менде табақта сүт бар соны берейін. Мысық ішіп алып тағы сүт ішемін деп сұрайды.
- Балалар сендерге мысыққа сүт беріп көмектескілерің келе ме?
- Иә.
- Олай болса не істеу керектігін көрсетейін. Мұқият қарап алыңдар. Менің қолымда табақты қиылған пішіні тұр, ішінде сүт жоқ. Бізге сүт құйылған табақ керек. Бізге желім мен ақ қағаз керек. Желімді табақтың теріс жағына жағып, ақ қағаздың үстіне орналастырып жапсырамыз. Қолымызға желім жұғып кетсе, алдарыңдағы салфеткамен сүртеміз. Қараңдаршы сүт құйылған табақ шықты.
Балалар қызығып жасауға кіріседі.
Жарайсыңдар балалар
Сергіту сәті: Пеш түбінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Ыдыста тұрған тамақты
Жеп алғысы келіп отыр.
Балалардың біздің мысықта сендерің дайындаған тамақтарыңды ішкісі келіп отыр, олай болса, мысыққа берейік. Мысық қуанып, алғысын білдіреді.
Қ. О: «Бөлмедегі тышқандар»
Балаларды мадақтау, қорытындылау.
«Табақтағы сүт»
- vini
- 15 сәуір 2014
- 4485
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табақтағы сүт, бала бақшаға арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
1, 2, 3 цифрлары туралы ұғымды білу, геомертиялық фигураларды ажырату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, "Айналайын" ясли бақшасының тәрбиешісі Садыкова Жанат...Менің сүйкімді мысығым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Бізде жасай аламыз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы І – ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г. Ғ....Ұқсасын тап
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Жұлдыз» балабақшасы І – ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г. Ғ...Ашық сабақ
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» бала – бақшасының Тәрбиешісі: Мухамбетова. Ж...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.