Ашық оқу – іс әрекетінің тақырыбы:
«Ұлттық ойындар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының салт - дәстүрін әдет - ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлттық ойындар арқылы батырлыққа, мергендікке, дәлдікке тәрбиелеу. Ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіту, мінез – құлқын қалыптастыруға көңіл бөлу, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой өрісін кеңейту.
Дамытушылық: балалардың ойлау, еске сақтау, көру қаблеттерін дамыту, ойын түйіндеуде, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
Тәрбиелік: Тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақ тілін қастерлеуге, қамқорлық жасай білуге үйрету. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақ жасыру, түсіндіру, ойын, сергіту жаттығулары, қорытындылау.
Қостілділік компонент: Жігіт – парень, қуады – догоняет, ұлттық – национальные, игры – ойындар. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Шеңберде тұрады)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңбері:
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап бір - біріне жылы тілектерін айтады. Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!
- Біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Ал, Елордамыз ше?
- Астана қаласы.
- Біз көпұлтты мемлекетпіз. Әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз қазақ ұлты болғандықтан біздің ұлттық салт - дәстүрлеріміз бар.
- Біздің қандай ұлттық мерекеміз бар? Бұл мерекеде қандай ұлттық тағамдар пісіріледі? Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
- Наурыз мейрамы.
- Наурыз көже, бесбармақ, бауырсақ, қазы - қарта, құрт, ірімшік, шұбат, қымыз.
- Сондай – ақ ұлттық тойлар бар, қандай ұлттық тойларды білесіңдер?
- Бесік той, шілдехана, сүндет той, тұсаукесер, беташар, қыз ұзату.
- Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай керемет! Жарқыраған күн, сайраған құс, сылдырлаған су дауысы естіледі.
- Балалар, бізге қонаққа Алдар көсе келді! Қарсы алайық.
- Сәлеметсіз бе, Алдар аға!
Балалар! Мен сен сендерді сағынып қалдым. Сендер қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
Бибарыс: Ақ сүйек, қыз қүү, көкпар, асық, арқан тарту, сақина салу, тоғыз құмалақ, аударыспақ, ханталапай, жамбы ату, теңге алу, тақия тастамақ.
Жарайсыңдар, балалар, мен сендермен осы ұлттық ойындарды ойнағым келіп тұр. Менің асықтарым бар. Сендер білесіңдер ме асықты қандай жануарлардан алады? Үй жауарлары туралы не білесіңдер? Қандай тақпақтар білесіңдер?
- Үй жануарларынан.
- Үй жануарларын төрт түлік деп атайды.
Амира: Кіп – кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
«Қошақаным» өзің деп
Аяжан: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Альнұр: Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп
Енең жүрген далаға,
Көп қарайсың елжіреп.
Қарлығаш: Момақаным маймағым,
Келмейді әлі ойнағың,
Қалтырайсың үйде де
Қошақаным қайда әлің?
Рамазан: Мынау түрған лақ,
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері,
Сылдырлаған құлақ.
- Балалар, енді бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Орынымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық,
Отырып, тұрайық.
Біз тынығып алайық
Тынығып болған соң,
Ұлттық ойын ойнайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
Қанекей «Асық» ойынын ойнайық.
Ойын ойнайды.
- Балалар, сендер батыр, мерген, алғыр екенсіңдер. Өте жақсы ойнадыңдар, енді сендермен «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық.
Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
- Кимешек, сәукеле, шапан, камзол, қазақша көйлек, етік, бөрік, тақия.
- Иа, балалар осы ұлттық киімдер қазақша ою - өрнектермен әшекейленген. Сендер қандай ою – өрнектер білесіңдер?
- Аблайхан: Ботагөз, қошқар мүйіз, тарақ, қызғалдақ, тұмарша.
- Жарайсыңдар, балалар, барлығымыз «тақия тастамақ» ойынын ойнайық.
Ойым бар бір ойын бастамақ
Аты оның «Тақия тастамақ»
Шеңбер боп отыра қалыңдар
Болмасын асығу – сасқалақ
Ақырын аспаймын – саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын
Біріңнің тұсына келгенде
Сездірмей тақия тастаймын.
Балалар ойынға белсене қатысады.
- Балалар, жарайсыңдар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар, менің көңілім көтеріліп қалды, рахмет сендерге, мен енді қайтайын, сау болыңдар!
- Сау болыңыз, Алдар аға!
- Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінен ұлттық ойындар туралы білімдеріңді кеңейтіңдер. сендерге қандай ойындар ұнады?
- Асық, арқан тарту,
тақия тастамақ.
Осы « Тақия тастамақ» ойынындағы тақияны өзіміз әшекейлейік, ұлттық ою жапсырайық.
Жаппысруға кіріседі.
Балалардың жұмысын тексеру.
Сұрақтар қою.
Бағалау.
- Өте жақсы балалар, сендер ұлттық ойындарды жақсы меңгердіңдер.
- Сау болыңдар.
- Сау болыңыз!
Ұлттық ойындар
- alishok01
- 1 сәуір 2014
- 13141
- 1
- 0
Ілмек сөздер: ұлттық ойындар, Наурыз мерекесі, төрт түлік мал, Салт дәстүр
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -..."Ханталапай" ойыны
Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін...Әжеме қонаққа барғанда
Алматы қаласы, №118 "Әсел" балабақшасы тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Ою-өрнек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы Ұлттық ойындар: Дене тәрбиесінде. Сабақ тақырыбы:...Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.