Тақырыбы: «Математика әлемінде»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, назар аударуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Амандасу
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Әлемде бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Жеті күн бар.
- Дұрыс. Сендер математика әлеміне барғыларың келе ме?
- Ия.
- Біздер математика әлеміне баруымыз үшін жаяу жүруіміз керек
Д\о «Бағдаршам»
- Алдымызда не тұр?
- Бағдаршам.
- Балалар, бағдаршам - жолда жүру тәртібін реттейтін құрылғы.
- Неше көзі бар?
- Үш.
- Пішіндері қандай?
- Дөңгелек.
- Түстері ше?
- Қызыл, сары, жасыл
- Қызыл жанғанда не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Сары жанғанда ше?
- Дайындаламыз.
- Жасыл жанғанда ше?
- Жасыл - жаяу жүргіншілер жүруіміз керек.
Қызықты сәт.
Ренжіп мысық кездеседі.
Тәрбиеші: Мысық, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Мысық: Кеше мен мақтақызбен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді әбден тоңдым, оның үстіне қолғаптарым да тесіліп қалды.
Д\о «Тесік қолғаптар»
Тәрбиеші: Балалар, мысықтың қолғаптарын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолғаптарға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Т\ш: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Б\р: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Мысық: Ой, рахмет! қолғаптарым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Т\ш: Мысық, сен балалармен бірге математика әлеміне барғың келе ме?
Мысық: Иә, барамын.
Осы кезде мысық қорапша тауып алады.
Мысық: Балалар, қараңдар менің не тауып алғанымды.
Т\ш: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 - тапсырма: «Ұқсасын тап»
Балалар плакатқа үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды қойып шығуы керек.
2 - тапсырма: логикалық есеп.
Бір ағашта 5 алма,
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа,
Сенде қалды неше алма?
3 - тапсырма: Ұзын, қысқа жолақтарды ажырату.
Д\о «Гүлдесте»
Балалар үш топқа бөлініп қызыл гүлдерді қызыл жолаққа, көк гүлдерді көк жолаққа, сары гүлдерді сары жолаққа қадайды.
- Балалар, қорапшадағы математика ханшайымының тапсырмаларын орындадыңдар. Енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5 - ке 5 - ті қосқанда
Болады екен 10 саусақ.
Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы бі ліп отырмын.
Енді сендер басқа да не білетіндеріңді көрсетіңдерші.
Санамақ айту. Сұрақтар қою.
Ойын: «Үшбұрыштар мен дөңгелектер»
Балалар шелекке үшбұрыш пен дөңгелекке ұқсас заттарды жинайды.
Математика әлемінде
- vini
- 28 ақпан 2014
- 8959
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, математика әлемі
Ұқсас жаңалықтар:

Бір – көп. Ортақ белгілеріне қарай заттарды топтастыру және топтап белгілі ...
Мақсаты: а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру; ә) математикалық жұмбақтар шешу;...
1, 2, 3 цифрлары туралы ұғымды білу, геомертиялық фигураларды ажырату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, "Айналайын" ясли бақшасының тәрбиешісі Садыкова Жанат...
Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...
Заттың санын цифрмен сәйкестендіру
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы тәрбиешісі: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...
«Пішіндер әлемі»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.