Сайтқа кіру Тіркелу

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін сүйікті мамандығым

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін сүйікті мамандығым.

Мектепті – білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім – сол мектептің жүрегі, яғни олардың қолында адам тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Сондықтан да ұстаздар мен тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы.

Мен жас өспірімдерге арнаған уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Саламатсыз ба?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдіретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп... - Бүгінгі күннің ойындары, оқу іс - әрекеттері қандай болмақ?

Әр бір оқу іс - әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Шынайы оқу іс - әрекеті – бұл бала мен тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің шығармашылық жұмысының жемісі. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бас көтеріп, оқу іс - әрекеттерінің мәні кетеді. Әрбір оқу іс - әрекеттері жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Әр оқу іс - әрекетінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты. Жыл сайын балабақшадан мектепке шығарып салатын, бүлдіршіндерімізді қимастықпен шығарып салып отырамыз.

Қоғам үшін, ел болашағы үшін ұстаздық жолды таңдаған адамдарға терең теориялық біліммен қатар, оған ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр оқу іс - әрекетінің тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе оқу іс - әрекетінің негізгі бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, оқу іс - әрекеттерінің арасындағы сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Бала зейінін аударудың тиімді жолдары. Осы уақыттардың ішінде қаншама жас бүлдіршіндер алдымнан өтіп жатса да, алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын.

Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу іс - әрекеті үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс - әрекеттеріне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол. білімді өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. М. Шаханов. Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Олар өзгенің балалары болса да, өз балаларымнан да артық көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын.
Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Бала
біздің өміріміздің жалғасы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

Балабақша – базарлы үй, Қаладағы ажарлы үй. Күлкісі бар шуақты Өз үйіміз сияқты.......
Мамандығым-мақтанышым (Эссе)

Мамандығым-мақтанышым (Эссе)

Мен балабақшада әдіскер болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол...
Тәрбиешінің нәтижесі – сапалы тәртіп қалыптастыру

Тәрбиешінің нәтижесі – сапалы тәртіп қалыптастыру

Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпал оқулықтармен де, жақсы әдет - ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен...
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату....
Тәрбиеші болу - бақыт (эссе)

Тәрбиеші болу - бақыт (эссе)

Мен бүгін Ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, Өмірімнің мәніне айналған, Бүлдіршіндерді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×