Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз ханшайымы, Алтын күз ханзадасы

«Алтын күз ханшайымы, алтын күз ханзадасы»

Би «Домбыра» Аманғос Жүзім
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,

Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал - құрақ,
Шашу болды жапырақ.

Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар. Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық. Көңілді күйді көтеріп, әсем әнмен бастайық.
Сөз кезегін Б/б меңгерушісі: Ералимова Ғ. Б. беріледі.
Алма ағашы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені достарыммен бірге сендердің орталарыңа алып келді. Мінекей күзде келді, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, күн суыта бастады. Бүгін міне сіздерде Алтын күз мерекесі болғалы жатыр екен. Осы мерекеден күз ханшайымы мен күз ханзадасын тағайындауымыз қажет.
Алма ағашы: Менің сіздерге қояр шарттарым бар, осы шарттарды бұлжытпай орындаған баланы ханшайым мен ханзада етіп тағайындаймыз.

Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып,
«Күз ханшайымы, күз ханзадасы» атты сайысымызды бастаймыз.

Қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Ортаға шақырып сайыскерлермен таныстырамыз

Жүрг: Мен сіздерге байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Қол өнер – үй тапсырмасы (табиғи материалдардан)
4. Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау (сән үлгісінің жолдарымен таныстыру.)
5. Осы шарттар бойынша папка дайындау.

Жүрг: Әділ қазы береді
Өздеріңе сыйлықты
бізге айтып береді
Кім өнерлі, кім мықты?
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.
Сайыскерлерімізіді ортаға шақырамыз.

Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Қамажай» биін билейді томпаң қағып
«Балапан» тобының сәбилері
«қамажай» биін қарсы алайық.

Өзімнің досым сәбізді ортаға шақырайық күз туралы тақпағын айтып берсін.

Өнер жаста жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың ІІ шарты бойынша сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1 -
2

Өзімнің досым Алма мен Жүзімді ортаға шақырайық тақпағын айтып берсін.
Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша сайыскерлерімізді қол өнер (үй тапсырмасы) ортаға шақырамыз.

Гүлзинадай аруымыз сызылтып ән салады
Ән айтып биде билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Барлық достар шапалақтап қарсы алады.
Ән «Ойыншықтар» қабыл алыңыздар.

Өзімнің досым Ернарды ортаға шақырайық күз тақпақтарын айтып берсін.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен – деп сайысымыздың 4 шарты бойынша сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.
1 —
2 —

Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бишілер келді мені толқып, тасып
Құлыншақ тобының бүлдіршіндерін «Шляпа» биімен қарсы алайық.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Келесі сөз кезегін Б/б әдіскері Ералимова Ш. У беріледі.
Марапаттаулар
Құрметті қонақтар осымен «Күз ханшайымы, күз ханзадасы» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы
Тәрбиеші: Кушкарова Динара Есетовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×