Қош, сүйікті балабақшамыз!
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қанатты сөздер.
Қатысушылар: ата - аналар, қонақтар, мұғалімдер, балалар.
Жұмыс барысы:
1. Музыка әуені ойналады. Балалар топқа тәрбиешімен бірге кіреді.
Тәрбиеші: Өтті міне көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Құтты болсын тойларың!
Міне балалар сендер бір белестен аттап өтіп мектеп деген үлкен теңізге сапар шеккелі отырсыңдар. Бүгінгі мерекемізге ата - аналар, қонақтар, ұстаздар келіп отыр.
Құрметті бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеміз мектепке дейінгі дайындық топ балаларын мектепке шығарып салу мерекесіне арналады. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан бір жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырғандар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Балаларға "Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын", дей отырып
"Қош, сүйікті балабақшамыз!"атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
2. ҚР - ның гимні орындалады.
Тәрбиеші: Бала деген шіркін - ай балдай екен
Тәттілігі жаямен жалдай екен
Арып, ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен,- деп Кенен
Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
1 - Аяулым. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
2 - Ұлпан. Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздерінен мейіріммен нұр толар
Алдарында жауқазындай құлпырған
Біз алансыз балғын шақты балалар.
3 - Ерасыл. Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітін де ақтармыз
Тәрбиеші сізден алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
4 - Ақниет. Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегін
Туған дала қуансын.
5 - Әли. Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
6 - Ермұхамед. Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
7 - Нұрай. Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
8 - Айдын. Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.
9 - Зарина. Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Біздің әпкей ерекше
Қуантатын біз бүгін.
Тәрбиеші: Ей, бүлдіршін, бүлдіршін
Өмір бізді күлдірсін
Тойға келген мына жұрт
Ән мен биге бір тойсын.
Хор: "Ақылшым мұғалім"
Би: "Үнді биі"Ұлпан, Аяулым.
10. Бексұлтан. Мектепке ертең барамыз
Оқимыз білім аламыз
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
11 - Сәбина. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
12 - Нұрымжан. Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз.
13 - Сезім Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
14 - Ақжан. Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.
15 - Дияс. Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Билеп - билеп береміз.
16 - Әсем. Бұл екінші үйіміз
Біз туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
Ән: "Жау - жау жаңбыр"Ақниет, Нұрай, Жанару, Аяулым, Ақжан.
17 - Дәурен. Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
18 - Нұрдәулет. Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.
19 - Жанару. Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз
Бізден бұрын келесіз.
20 - Жансұлу. Қош бол ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткендей кеше қоштасып
Келгенде алдан шыққаным.
21 - Бақытжан. Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді.
22 - Нұрислам. Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім, ән тыңдап
Аландауды білмедім.
23 - Алина. Бала - бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
24 - Мунира. Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Көкке қанат қағамыз.
Дарменқұлова Жанар Ерболатқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Қош, сүйікті балабақшамыз!
- zhanara
- 16 мам 2021
- 23890
- 0
- 100
Ілмек сөздер: балабақшамен қоштасу сценарийі, қош, сүйікті балабақшамыз
Ұқсас жаңалықтар:
1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар
Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым. Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты,...Қош бол, балабақша!
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....Қош бол, даярлығым
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге...Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының «Құлыншақтар» тобында өткізілген «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігі....Қош бол, сүйікті балабақшам!
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.