Сайтқа кіру Тіркелу

Баланың тілін дамытуда ойынның атқаратын маңызы

Тақырыбы: «Баланың тілін дамытуда ойынның атқаратын маңызы»
Мақсаты: Баланың логикалық ойлау, есте сақтау, таным қабілетін арттыру, дұрыс сөйлей алуына жағдай жасау, топпен және өз бетінше жұмыс жасай алуын дамыту. Жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар айту арқылы шешім шығаруға, өзіндік пікірін дәлелдей алуға баулу.
Сабақтың барысы:
І. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық
Бір отырып, бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
Балалар бүгін біз дұрыс сөйлей алу үшін, ойымызды тиянақты жеткізе білу үшін дыбыстармен ойын ойнаймыз. Бізге А дыбысы қонаққа келді.
І. Жаңылтпаш айту.
Айта - айта жақ талды,
Қайта - қайта жатталды.
Қайта - қайта жақ талды,
Айта - айта жатталды.
2. Қаштым қатты – ақ,
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
ІІ. Сөзде неше дыбыс бар?
Алма, алша, асық, Айман, аспан, бала, бақша, жазу.
ІІІ. Жұмбақтар шешу.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қалам )
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама
(кітап )
IV. Жалғасын тап
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей................... болмас.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір..................
Талаптыға............... жауар.
V. Артығын тап.
Суреттегі жануарлардан артығын табады. Неліктен?
VI. Сөзді өзгерт.
Қарлығаш сөзінен бірнеше сөз құрау.
VI. Ұйқасын тап «А - Ә»
Сан - с.. н Ә,
Ар -.. р Ә
Бары - б.... рі Ә
Қорытынды.
Балалар бүгін сендер қандай ойын ойнадық?
Қай ойын сендерге ұнады?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×