Педагогтарға арналған іскерлік ойын
«Мнемотехника әдісін қолдану»
Педагогтар екі топқа бөлініп отырады. делятся на две команды с помощью жеребьевки. Команды сидят напротив друг друга на стульях.
Мақсаты: педагогтарды мнемотаблицалармен, мнеможолдарды қолдана білуге үйрету.
Керекті құралдар: түсті қарындаштар. ақ қағаз.
Ойынның барысы:
1. Командаларға тақпақ оқылады.
Тақпақтың мазмұнына сай мнемокестелер жасауы тиіс. Өз таблицаларын оқып береді.
Көктем.
1. Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай - ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты
2. Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай - ау, алақай!
Көктем қандай, көктем қандай көрікті!
Әже
3. Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді
4. Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді
2. Әр команда алынған лексикалық тақырыпқа бірнеше сөйлемнен тұратын шағын әңгіме ойлап табады да оны жазып қояды. Содан соң мнемокесте құрастырады. Бұл кестені қарама - қарсы командаға оқытады.
1.«Аспазшы»
2. «Құрылысшы»
3. Ғарышкер.
4. Дәрігер
3. Берілген карточкаларды пайдаланып мнемокесте құрастырады. Артық карточкаларды алып тастау керек.
1. Қыс мезгілі.
2. Құстар
3. жаз мезгілі
4. Ғарышкер
4. Әр команда гормошка бүктелген бір бет қағазға өлең жолдарының мнемокестесін кезек - кезек қарамай жасайды. Бәрі болған соң оқылады.
Гүлдер
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймын.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймын
Көбелек
Қанаттары әдемі,
Қызыл - жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет
Көңілді қыс!
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Сұлу көктем
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
5. «Мнемокестелерді оқу» Дайын мнемокестелерді әр команда оқып дәптерге жазып қояды. Соңынан екі команда салыстырады.
6. Қорытынды
Мен мнемотехнологияны қалай қолданамын
- Үміт
- 6 сәуір 2013
- 16537
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Педагогтарға арналған іскерлік ойын, мнемотехника әдісін қолдану, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Бадувалова Аружанның өлеңдері
Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт...Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Көктем келді ауылға
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы: Қуанышбек Құндыз Мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы...Дара және күрделі етістіктер
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы «Ы. Кабеков атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Омирханова Назерке Ганиевна...Дара және күрделі етістіктер
Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы № 22 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ашимова Перизат Султановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.