Сайтқа кіру Тіркелу

Жолың болсын балдырған

Тақырыбы: "Жолың болсын балдырған"
Балалардың балабақшада алған тәрбие мен білімін көрсету

І бөлім
Би: Клоундар
Жүгіріп клоундар кіреді: Диас-Бауыржан
Диас: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған мұнда біз бар
Бауыржан:
«Таңшолпан» тобының «Жолың болсын балдырған» атты қоштасу мерекесіне шақырамыз.
Балабақша бесігім, тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін, өзіңменен қоштасайық!

Диас: Талай қызық той өткіздік бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын бүгінгі той ерекше

Екеуі бірге:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Қызықтан тыс қалмаңыздар
Балалар кіреді:

І жүргізуші: Мақтанышы бақшамыздың Сақыпжамал-Абылай
Ақырын басып сөйлейді олар жәй

ІІ жүргізуші Семсер қылыш білегі, қиналса да айтпайтын өтірікті Аслан –Аружан
І жүргізуші: Ардақ тұтып үлкендерге, жібектей мінезі бар Саят
Ата жолын жалғамақ жаңа белеске бет бұрған Ерсултан

ІІ жүргізуші: Жаман іске жоламайтын, досын бірге жүрген басып өтпейтін Ұлан Рахат
І жүргізуші: «Бұлақ» балабақшамызда өнерімен танылды Нұр мен Нұрай
ІІ жүргізуші : Өте нәзік салмақты Анель
Ақылмен іс тындырған, нағыз нар жігіт Данат
І жүргізуші: Өте зерек, өте жылдам Ислам, Елсултан

ІІ жүргізуші: Әрбір сөзі салмақты Азамат, ақыл толы сөзіне, арманына жетеді Әділхан
І жүргізуші: Үлгі етеміз әлі біз, жақсы оқушы болады Бауыржан, Диас
ІІ жүргізуші: Биязы, мейрімді біздің Ақниет, белсенді ақылды ұл Нұрбек
І жүргізуші: Өзі мерген, ақылды Мирлан, анасының өкпе, бауыр, жүрегі Жанель

ІІ жүргізуші: Ақтай білер ата-ананың үмітін, әділ сөзді сүйетін Бекболат
Ақылы тегін дария, анасының көз жанары Рахымжан
І жүргізуші. Болмасын деп жамандық тілейді елге амандық
Кілең бестік алатын Рахман, Расул
ІІ жүргізуші: Өнерге қаққан қанатын, таңдайыңды қағарсың ешкімнен кем болмас Дамир, Санжар

І жүргізуші: Ата-ана үмітін ақтайтын
Мектепте жақсы оқитын Даулет, Алихан
ІІ жүргізуші: Еліміздің тірегі
Мақтанышы болашағы Дастан, Елдана
І жүргізуші: Заман талабына сай сауатты, қызығатын еңбекке Медет, Карина
Балалар отырады:

І жүргізуші: Бүгін біз ұямыздан кішкентай бүлдіршіндерді ұшырып жатырмыз кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай алғашқы басқан қадамы құтты болсын!
ІІ жүргізуші:
Балалар бүгін бақшамызбен қоштасып,
Шәкірт болмақ мектеппенен достасып
Жайнап өсіп құлпырыпты бал құрақ
Әрбір үйде жанған бір-бір шаңырақ!

І жүргізуші:
Бойда өскен, ойда өскен шат бәрі
Барлығыңда бақшамыздың мақтаны
Еркелеген кешегі бал балдырған
Ұл-қыз болды талап отын жандырған

Дамир:Қош келдіңдер! Құрметті меймандар, бізбен бірге қоштасу тойын тойлаңыздар!
Гүлдей жайнап өстік балабақшада, енді бізді есейді деп ойлаңдар!

Алихан: Қуан шаттан алақай, қуанатын күн бүгін
Даярлықты қимай біз, қоштасатын күн бүгін
І жүргізуші:
Біздің «Таңшолпан» тобының балалары өте ерекше балалар
ІІ жүргізуші: Өздері шеттерінен өнерпаз, алғыр, талғампаз, бұл топтың ұраны:
Хормен: Жеңсек тасымаймыз!
Жеңілсек тасымаймыз!
І жүргізуші: Бүгін балабақшамыздағы шаттыққа толы өмірімен қоштасып, енді бүгін жаңа қадам басасыңдар мектепке, кешегі балғын бүлдіршін кішкентай ғана оқушы аталуға дайын тұр.
Даулет:
Ойыншықты жинаймыз, бөбектерге сыйлаймыз, мектепке ертең барамыз мектепте сауық құрамыз.

Ерсултан: «Батыл» бол деп өсірдіңіз, балалық болса кешірдіңіз
Өнер білім үйреткен өзңізді қимаймыз
Рахман: Қашықта болса арамызісіздерге келіп тұрамыз, ұмытпаймыз сөзіңізді, ұмытпаймыз өзіңізді.
Абылай: Әрбір сөздің мәнерін үйреткен көп өнерін
Адам етіп баптаған анамыз саған мың алғыс

Ислам: Сыйластықты білеміз, достықты біз сүйеміз
Ата-ананы біз сыйлаймыз ұстаздарды тыңдаймыз
Расул:
Ересек біздер боламыз, ал кәне құлақ түріңіз
Өздеріңе арналар бүгінгі қоштасу кешіміз, ән жырымыз

Ән:«Қош бол балабақша»

Ортаңғы топ балаларына сөз
І жүргізуші: Рахымжан
Балам қызым ұлым деп талай нәрсе үйреттіңдер
Қыркүйектен келгелі енді бүгін қоштасатын кез келді
Алғысымызды айтайық, ал қәнекей кімнен біз бастайық?
Әрине біздің «Бұлақ» балабақшамыздағы ең басты адам - меңгерушіден бастайық.
Залға ханшайым кіреді:

Анель: Пай-пай қанша адам? Неге келдіңдер?
Мен сізге рұқсат берген жоқпын!
Рахымжан: Кешіріңіз бізге меңгеруші апай керек еді
Анель: Бұл немене? меңгеруші? не дейді?
Рахымжан:Біздің «Бұлақ» балабақшамыздың меңгерушісі Асима Бақтыбайқызы керек еді.
Анель: Немене? Ең басты адам – мен, тек балабақшада емес бүкіл әлемде
Рахымжан: Сіз кімісіз?

Анель: Мен қыңыр, шолжан ханшайыммын
Ешқандай меңгерушіні білмеймін.(таққа отырады)
Рахымжан: Бұл қалай, не болды?
Анель: Қарсыласпа, жазалаймын! Жаза беремін!
Рахымжан: Мені жазалайсыз ба?

Сақыпжамал: Біздің керемет сұлу ханшайым!
Күтушісі: Жанель
Шолжаңым ботқа жеп ал
Би: «Самовар»

Сабаққа кіріс, мұғалім күтіп тұр.
Анель: Жарайды шақырыңыз!
Ұлан: укаска, очки, планшет, ручка, галстук
Армысыз, бармысыз!
Анель: Ой, ой кіп-кішкентай ғой

Ұлан: Ханшайым қаламыңызды ұстаңыз жазыңыз!
Анель: Жазуды жек көремін
Ұлан: Сіздікі дұрыс ең болмаса екі сөз жазыңыз
Анель: Жарайды, жазсам жазайын

Ұлан: Көктем келді балалар мәз!
Анель: Көк......, күл, неге бәрі күледі?
Жазбаймын кет!
Ұлан: Ханшайым, математика бар әлі!
2+2=4
Анель: Мен онда, 2+2=5 заң шығарамын
Ұлан: 2+2=4 болады
Анель: Жоғал кет, жазалаймын!
Күтуші! Басқа мұғалімді шақырыңыз!
Профессор кіреді:

Дастан:сумка, шапка, трост
Армысыз, ханшайым!
Анель: Сіз кімсіз?
Дастан: Мен профессормын, бір сөз жазыңыз, мектеп
Анель: Қандай әріп, бірінші жазамын?
Профессор:
Қандай болса да бәрібір
Анель: Сен маған ұнайсың
Рахымжан: Профессор дейді өзін, ханшайым екеуіде жазу білмейді, үйретейік оларды
Елсултан:
Сауат ашып әріптерді таныдық
Әріп сырын сөзбен де кестелейміз біз
Дәл осылай дегенге сенбесеңіз
Көріңіз!
Ойын «Сөз жина»
«Білім»-Аслан, Данат, Абылай, Мирлан, Алихан
«Ұстаз»- Азамат, Диас, Бауыржан, Даулет, Расул
«Дәптер» - Ислам, Бекболат, Рахман, Дамир, Ерсултан, Нурай
«Мектеп»- Нұр, Санжар, Саят, Елсултан, Әділхан, Медет
Балалар хормен сөздерді оқиды:
Анель:
Мен оқығым келмейді
Дастан:
Онда санайық
2 сәбіз 2 картоп қанша көкөніс сорпаға қостық?
Анель саусағымен санап: 10, 20 қанша еді?
Дастан: Бәрі-бір қанша болса да, сорпа тәтті болса болды.
Рахымжан: Тоқтаңыз, сіз санау білмейді екенсіз
5+2=7 (балалар хормен)
Анель: Оқығым да санағым келмейді
Дастан: Сіздің балалар оқыңыз келе ме?
Балалар: Ия, оқимыз, жазамыз
Дастан: Жүр ханшайым кетейік, оқығысы келмейтін балаларды іздейік!

ІІ бөлім
Рахат: Достар біздер меңгеруші апайды таба алмадық
Мүмкін медбике Ағрыс апай біледі ме екен?
Аружан: Қарап келейік бөлмесін, алғысымызды айтайық
Жанель: Медбике жоқ онда, бөлмесінде мыстан әже отыр
Рахат: Мыстан әже?
Аружан:
Ия, ия нанбасаңыз қараңыз
Рахаттың алдынан мыстан әже шығады.
Рахат: Расында мыстан әже
Амансың ба шешетай
Бізге неге келдіңіз, медбике апайды қайда жібердіңіз?
Ақниет: Не дейді? неге? қайда?
Жоқ Айболитіңізді Африкаға жібердім, ол онда мен сізбен!
Кішкентай балаларды жақсы көремін!
Рахат: Енді қайттік? не істейміз? медбикені қалай құтқарамыз?
Ақниет: Бір шамалы жүрейін.
Айналамды көрейін

Рахат:
Шақырайық біреуді кім көмек береді бізге?
Нұрбек - Жалқаубек музыкамен кіреді

Нұрбек: кепка, рюкзак, жилет
Не болып қалды айтыңдаршы, мен сіздерге көмек беремін!
Рахат:Сен кімсің?
Нұрбек: Өз дегенімді істейтін балалардың бірімін
Ұйқым қанбай есінеймін еріксіз
Жалқаубек, жалқаубек боламын мен
Ал сіз кімсіз?

Рахат: Біз болашақ оқушымыз!
Нұрбек: Мен де болдым оқушы
Рахат: Неге болдым? нешінші сынып?
Нұрбек: 2 рет 1 сынып, 3 рет 2 сынып

Рахат: Ой, ой жалқаусың ғой!
Нұрбек: Жоқ, жоқ мұғалімдер дұрыс емес!
Сол мектеп керек емес, сізге де неге керек
Бәрі Жалқаубекке айтады:

Рахат: Қалай!? Керек емес?
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен аспанға жол салынар!
Би: «Портфель»

Ойын:
«Таңғы жарыстар»
Данат, Алихан, Абылай, Ұлан, Аслан
Жанель:
Мектепке ертең барамыз, оқимыз білім аламыз ойыншықпен қоштасып, сабақта болар санамыз

Данат: Оқимыз білім аламыз, болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып, мектепке кетіп барамыз
Сақыпжамал: Жасымыз толды жетіге, ересек біздер баламыз
2ге қосып 2 ні әріпті жаза аламыз
Аслан: Таудай болса талабым, менде өсіп толамын
Ағайымдай әрдайым оқуда озат боламын
Азамат: Оқушы болам зейінді, өнерге, іске бейімді
Қамқоршы болып қарттар мен інілерге кейінгі

Ақылды мысық - Медет: Мен ақылды мысықпын
Қызық есеп айтайын
Сынап сізді байқайын
Жауап айтыңдар бөгелмей
Шешім болсын дегендей

Есеп: Бір қоршауда көрінер
Қоянның 4 құлағы
Неше қоян шығады
Жауап берші кел досым
Неше кәмпит бос кеседе?
Жауаптарың әдемі
Зейін қойып тыңдадым
Жарайсыңдар достарым
Біліп ал, еңбек ет, жас ұлан
Өрлеңдер биік шың басына
Ойын: «Понтамимо»

Мирлан: Қашан кісі боламыз? Осы үлкен кісілер бізді қашан түсінер? Жасар болсақ бірдеңе ол үлкеннің ісі дер
Нұрбек: Жарайды келістім, келістім, сіздермен бірге мектепке барамын, дайындалып келейін.
(Алдынан мыстан шығады)

Мыстан: Қап бәлем! Ұсталдың ба? Енді жібермеймін.
Балалар шеңбер жасап, мыстанды жібермейді
Мыстан: Кешіріңіз достарым! Балаларға тимеймін.
Балалар отырады.
Рахат: Жақсы жібереміз.бірақ уәдемізді орындайсыз
Біздің медбикемізді тап, босат қайтар бізге

Мыстан: Әрине, қайтармын.маған би билеп беріңіз
Жанель: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалаы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз, ұялуды білмейміз
Тойымызда сән берер биді де біз билейміз
Би:Веснушки

Мыстан: Рахмет балалар!
Абрака дабра бумс!
Медбике Ағырс апай келіңіз көрініңіз
Медбике кіріп отырады.

ІІІ бөлім.
Нұр: Бүгін қызық бүгін той!
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп
Жалғастырсын ойды ой

Санжар: Балалар, қарап, тұрмаймыз!
Әндетейік жырлайық
Ажарыңыз жайнасын
Көктем күнмен нұрланып

Әділхан: Ақ, қара деп бөлмейміз
Бір жылда туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз

Айболит -Расул: (атпен келеді)
Кімнің іші бүріп барады?
Денесі күйіп жанады?
Балалар ауырып, мектепке алмайды деп
Естіп келдім алыстан

Аслан: Жоқ ауырмаймыз, мектепке барамыз
Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан жағың
Денсаулық зор байлық
Жан саулық сол байлық

Айболит -Расул:
Мен сізге сенемін
Өсті бойың, ойларың
Құтты болсын тойларың
Ал енді ойнайық
Сізді сынап байқайық

Ойын: «Спортпен шұғылданамыз»

Айболит -Расул:
Білім деген алтын жол
Апарар сізді алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Жолың болсын балдырған!

Нұрай: Қызық ойын ойнайық
Сынап өзімізді байқайық
Жарыса өнер көрсетіп
Тамаша той тойлайық
Алихан мамасымен:
«Бақыт деген не?»

Ән:«Әкешім, анашым»

ІУ бөлім.
Карина: Достарым, байқадыңдар ма?
Біз іздеген ұстаздарда жиналып қалыпты?бәрі-бәрі бізбен қоштасуға келіпті
Бақытты балалық шағымыз үшін алғыс сөзімізді тыңдаңыздар

Саят: Ашық жарқын жүзді
Ұстазым көп ізгі мейірімін төгіп, аялаған бізді

Бекболат: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар

Вальс:
Елдана: Құрметті ұстаздар!Біз сіздерден үлгі аламыз!Сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз! мейлі жас, мейлі кәрі бол, дана деп сені, пана деп сені ұғамын.
Көктемнің нұр мен нәрі мол дихансың және кеншісің сен ұстазым!
Карина: Ең алғаш басталады осы адамнан
Мамандық жоқ ұстаздан маған ұлы
Өтті оқу-сан сабақ, бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып, бақшаменен қоштастық

Хор: Білім берген біздерге
Рахмет сіздерге
Қабыл алыңыз гүлімізді! (гүл сыйлау)

Аружан: Жарадыңдар достарым, өздеріңді қостадым
Қуаныш ел жиылды, ән көмейден құйылды
Балалардың күлкісі, бақытты етер үйіңді
Мектеп жайлы бір әнді, арнап бастайын

Бауыржан: Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Балабақшаға бар бала
Алғыс айтып жүреді

Ән: «Мектеп»
Келесі сөз кезегі балабақша меңгерушісіне беріледі
І жүргізуші: Енді бүгінгі жаңа қадам
Басасыңдар мектепке
Батылдықпен жігерлікті
Тілеймін мен сендерге
Кілең төртпен бестік деген жақсы баға алыңдар

ІІ жүргізуші: Өсті ақыл ойларың, өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын құтты болсын тойларың
Құрметті ата-аналар балалық шақты еске алып, біздердің, ата-аналардың мақтанышына айналып, елімізге адал еңбек ететін білімді тәрбиелі азаматтар болып өсіңдер!
І жүргізуші:
Қымбатты достар, ата-аналар «Жолың болсын балдырған» атты қоштасу кешіміз аяқталды.

ІІ жүргізуші: Барлыңызға зор денсаулық, ашық аспан , бақытты өмір тілейміз!
Қадамдарыңыз құтты болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×