Сабақтың тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілін дамыту»
Сабақтың мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалысын дамыту. Ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
1. Шаттық шеңбер.
Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта,
Ойнайық та күлейік.
2. Ұсақ қол моторикасын дамыту «Саусақтар сәлемдеседі».
Орындалу тәсілі: Басбармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру.
(Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек).
«Жұдырық, тақтай, алақан»
Орындалу тәсілі: Алақанды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылды кезектестіріп, тез орындау.
3. Артикуляциялық жаттығулар:
Сурет арқылы көрсету.
4. Тыныс алу жаттығулары.
1) «Жылан» - Қолдарымен жыланды ұстап, түтікшемен үрлеу.
2) «Бақа»- Тынысымыз жақсы болу үшін, түтікшемен үрлесек, бақа ауызын ашады.
3) «Еліктің мүйізі» - Түтікшемен қатты бар күшімізбен үрлейміз.
4) «Балықты суға жібер» - Түтікшемен ішке қарай тынысты тартып, балықты аулап, суға жіберу.
- Жарайсыңдар, балалар!
5. Жаңа сабақ: «Ойын арқылы бала тілін дамыту».
- Ал, балалар, ойынымызды бастайық.
6. «Балық аулау» ойыны.
- Балалардың қол моторикасын дамытуға арналған ойын.
- Балалар, қармақпен магнит арқылы көлдегі
(Аулаған балықтарды шелектерге салу)
- Ал, балалар, біз не істедік? (балықтарды қармақпен ауладық)
- Ал, енді балалар, қайталап айтайықшы (балық, қармақ)
- Аулаған балықтарды қандай ыдысқа салдық? (шелекке)
- Қайталап айту (шелек)
7. «Ілгішпен шелекті тарту»
Шарты: Балалар қолдарына ілгіштерді ұстап, шелектерді тартады. Әр балаға 3 шелектен беріледі.
- Ал, балалар біз не істейміз?
- Біз ілгішпен шелекті тартамыз.
- Ал, балалар, шелекті балықтарымен бірге ілгішпен тартып үстел үстіне қояйық.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, осы аулаған балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, бақамен бірге шыбын аулайық.
8. «Шыбын аулау»
- Бақамен бірге шыбын аулайық.
- Ал, балалар, бақамен бірге балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, барлығын аулайық.
- Балалар, қайталап айтайықшы, шыбын, балық, бақа, шелек.
- Жарайсыңдар, балалар!
9. Мимикалық жаттығулар жасау.
- Құлағын ұстап тұрған Мерсад.
- Тілін шығарып тұрған Рамзан.
- Көзін жұмып тұрған Айсұлтан.
- Ауызын ашып, мұрнын ұстап тұрған Нұрали.
10. Сергіту сәті:
Қолымызбен хлоп - хлоп,
Аяғымызбен топ - топ,
Тарсылдаймыз тук - тук,
Үндемейміз, қараймыз.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ал, жігіттер, Рамзан, Әли, Мерсад, Айсұлтан келесі ойынымызды ойнайық.
11. «Футбол ойнау»
- Саусаққа киетін бала жасап, футбол ойнату.
- Балалар, екі саусағымызбен жүгіріп футбол ойнайық.
- Балалар, біз не істедік?
- Доп, футбол, балалар.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ал, енді балалар, соңғы ойынымызды ойнайық.
12. « Жіпті орау»
- Дөңгелек үстелдің шет - шетіне жіп байлап, балалар жарысып ораулары керек.
13. Релаксация «Теңіз» дауысы. (видео теңіздің бейнесі)
- Балалар, жарайсыңдар, біз бүгін тілімізге арналған жаттығулар жасадық (қайталату), тыныс алуға арналған жаттығулар жасадық, әр түрлі қолымызға арналған жаттығулар жасадық. Ойындар ойнадық.
- Жарайсыңдар!
- Сендерге сабаққа керемет қатысқандарың үшін сыйлығым бар.
- Рахмет сендерге!
«Ойын арқылы бала тілін дамыту»
- Орманкулова Венера Рыскуловна
- 30 қаңтар 2023
- 697
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала тілін дамыту, ойын арқылы дамыту, қол моторикасын дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Қыс қызығы
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...Монтессори әдісін қолдану
Атырау қалалық № 20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның Монтессори маманы: Ермекова Шаттық Нығыметқызы...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Қосаяқтап секіру
Тақырыбы: Қосаяқтап секіру....Аквариумдағы балықтар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Аквариумдағы балықтар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.