Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңа жыл!

Жаңа Жыл!
Балалар жаңа жылға деген көңіл күймен, ән ырғағымен залға кіреді!
Музыкаға билейді
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балғын бөбектер, тәрбиешілер сіздерді бүгінгі жаңа жылға аяқ басу мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз бәріміз!
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Еркелікті тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Тақпақтар: Батырхан, Айша, Алдияр, Меруерт.

Балалар музыкамен орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Балалалар, қараңдаршы ән айттық, бірақ шыршамыз көңілсіз, шамы жанбады. Аяз ата мен Ақшақарда кешігіп жатыр! « Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы?
Бәрі: Аяз ата келіңіз,
Бізге сыйлық беріңіз
Қасқыр кіреді: Аяз атаның шапаны, киімін киген аяғында кроссовки, арқасында қап, қолында сотка.
Қасқыр: Қалай достар?! Бұл менмін. Сәлем деймін жалпыға. Аяз атаны шақырдыңдар ма?
Жүргізуші: Иә, шақырдық, сен кімсің?
Қасқыр: Қалай кім? Мен Аяз атамын, не деуші еді, анау өлеңде
Сақалы ақ, мұрны қызыл,
Жылы екен жүзі де
Кірпігі ақ, ерні қызыл
Мейірімді екен өзіде.
Жүргізуші: Мақұл Аяз ата жарайды, қапшығыңда не бар?
Қасқыр: Балаларға сыйлық әкелдім. Келіңдер балақайлар, алыңдар. Менде көптеген сыйлық бар, алыңдар. Бәріңе де жетеді. (Балаларға шақпақ, хлопушканы, зажигалканы таратады.) Ал енді жүріңдер, шыршаны өртейміз.
Жүргізуші: Тоқтаңдар!!! Шыршаны өртеуге болмайды? Сен Аяз ата емес шығарсың?
Қасқыр: Қалай Аяз ата емеспін. Міне менде шапаным бар, сақалым бар, сыйлығым бар.
Жүргізуші: неге сенің мұртың қап - қара
Қасқыр: қою қара кофе ішкенмін. Сондықтан мұртым қара кофенің ішіне түсіп қара болып кетті.
Жүргізуші: Неге аяғыңа кроссовки киіп алғансың.
Қасқыр: пимам тозып кетті. Сондықтан кроссовки сатып алдым. Тағыда өлең айта аламын У - у - у - у - у. Қазір Ақшақарға звандайын.
Жүргізуші: Мақұл жарайды, сен барлық сұрақтарыма жауап бердің. Егерде сен шын Аяз ата болсаң жұмбақтарымды шешіп көрші.
1 - жұмбақ: Суретші емес бірақ ою ояды
Қасқыр: тігінші
Жүргізуші: Дұрыс емес
2 - жұмбақ: Тікен, тікен, тік пісте
Қысы жазы бір түсте.
Қасқыр: Тікенек
Балалар: Шырша
3 - жұмбақ: Мамықтай ұлпа, қанттай ақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады
Қасқыр: Мақта
Балалар: Қар
4 - жұмбақ: Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды.
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Қасқыр: Ой ол не екен? Ол хлопушка атқыш.
Балалар: Аяз ата
Қасқыр: Ашуланып. Болмады сендерді алдайын деп едім. Бәрі бір Аяз аталарың жоқ, мен оны солтүстікке апарып тығып қойдым. Ха - ха - ха таба алмайсыңдар, деп қашып кетеді.
Жүргізуші: Балалар енді не істейміз, жаңа жылда таяп қалды? Қалай Аяз атаны табамыз?
Ойын «Аққала»
Балалар: Аққаланы шақырайық
Ән: « Аққала»
Аққала: (таңғалып келеді) Қаншама қонақтар, қандай әсем бөлме, қандай әсем шырша. Қандай мереке болып жатыр?
Жүргізуші: Аққала сәлеметсің бе? Дұрыс бүгін біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Бірақ қасқыр Аяз атаны ұрлап кетті. Сен Антрактиданы білесің бе?
Аққала: Білемін. Ондай болса жиналайық. Ол жақта күн өте суыыық, жылы киінуіміз керек.
Ән: « Қыс»
Ән аяқталған соң свет өшеді, музыка ойнайды, свет қайта жанады.
Аққала: Антрактидаға да келдік. Анау пингвиндерден сұрайықшы біледі ме екен?
Би: «Пингвиндер»
Жүргізуші: Әдемі сұлу пингвиндер. Біздің Аяз атамызды көрдіңдер ме?
Пингвиндер: Ол кім, қандай болады? Сипаттап беріңдерші.
Жүргізуші: Балалар біз тоңып бара жатырмыз Антрактида суық екен бойымызды жылытып алайық.
Ән: «У тебя Дед мароз, вот такая барада»
Пингвиндер: Аяз атаны біз көрмедік, сендерге көмектесе алмайды екенбіз. Біз кетуіміз керек, егер Аяз атаны көріп жатсақ, міндетті түрде сендердің сәлемдемелеріңді жеткіземіз. Сау болыңдар!!!
(пингвиндер шығып кетеді)
Аққала: Балалар қараңдаршы ақ аю келе жатыр, содан сұрап көрейік.
(Ақ аю кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсің бе ақ аю. Біздің Аяз атамызды көрген жоқсың ба?
Ақ аю: Көрдім, бірақ менің көңілімді көтерсеңдер, менімен ойын ойнасаңдар, Аяз атаның қайда екенін айтамын.
Жүргізуші: Балалар ақ аюлар немен қоректенеді. Балықпен. Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ақ аюға балық аулауға көмектесейік.
Ойын: «Балық аулау»
Ақ аю: Рахмет сендерге достарым, менің де сендерге тосын сыйым бар. Осында менің кішкентай аюларымда келді, сендерге арнап би билеп берсін.
Би: «Ақ аюлар»
Ақ аю: Балалар жарайды айтайын, сендердің Аяз аталарың анаууу мұздың үстінде отыр, жаурап қалған. Ал енді мен кетейін. Сау болыңдар балалар.(шығып кетеді)
Жүргізуші: Енді не істейміз.
Аққала: Аяз атаның қызын шақырайық көмекке.
Балалар: Ақшақар келіңіз,
Бізге көмек беріңіз
(Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға сәлем деймін.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысып,
Асу желмен жарысып.
Өздеріңмен табысып, тойларыңа асығып.
Келіп міне ортаға, иіліп сәлем берейін.
Ән: «Ақшақар»
Жүргізуші: Ақшақар бізге көмектес, Аяз ата бізді күтіп отыр, жаурап қалыпты.
Ақшақар: Ой балалар, Аяз ата сендерге балабақшаға кетіп қалған, біз қазір балабақшада боламыз. 1. 2. 3. (балалар шеңберге отырады, ақшақар орта тұрып, өлең оқиды. Свет өшеді )
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, пәк көңілмен
Баршамыздың төрінде,
Төрлет, төрлет Жаңа жыл.
Бізге құтты жыл болсын.
1 - 2 рет соққылар
Сиқырласын әлемді (Музыка ойналады, свет жанады)
Аяз ата: Армысыңдар әкелер мен аналар,
Армысыңдар бүлдіршіндер, балалар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз ата?! Біздің Жаңа жыл мерекемізге қош келдіңіз. Бірақ біздің шыршамыз жанбай жатыр!
Аяз ата: Қазір балаларым!
Мінекей жасыл шырша.
Қуаныш жалпыға
Құлпырған сүйікті шыршаға
Бәрі: Жарқыра, жарқыра!
Ән: «Шырша»
Аяз ата: Балалар қараңдаршы шыршамыз жарқырады, мен жалғыз келмедім, мен өзіммен бірге қар ұшқындарын, қар көбелектерін ала келдім.
Би: «Қар көбелектері»
Тақпақтар: Ахмет, Ж. Инжу, Жанаділ, Раяна, Самир, Айкөркем, Айсұлтан, Іңкар, Арман, Аяна, Батыржан, Адия, Азамат, Ақбота, Б. Інжу, Рамазан, Алинұр.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың базарлығы қайда, көрінбейді ғой.
Аяз ата: Қазір қарақтарым, Аяз ата сендерге құр келмейді ғой. Балақайлар сендердің өнерлеріңді көріп көңілім көтеріліп қалды.( осы кезде шыршаның түбінен бір уыс қар тауып алады) бұлар жай қарлар емес, сыйқырлы қарлар, үрлесеңдер көп сыйлықтар шығады.
Музыка әуенімен тышқан кіреді.
Тышқан: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге асыға келдім! Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын! Мен енді сендермен бір жыл бойы бірге боламын. Менің кішкентай тышқандарымда осында. Сендермен бірге.
Би: «Тышқандар»
Аяз ата: балақандарым, біз енді барайық, бізді басқада балалар күтіп отыр. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа жыр болсын! Жаңа жыл барлықтарыңа күміс күлкі әкелсін!
Тышқан: Жаңа табыс мол болсын! Сау болыңдар!
Балалар: Рахмет сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар олай болса тышқандармен бірге тобымызға барып сыйлықтарымызды ашайық.
Әр үйге әкелсін Жаңа жыл,
Әр үйде болсын жаңа жыр.
Бақытқа толсын сағыныш,
Әр үйде болсын қуаныш!
Деп сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
Сау болыңыздар!!!

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай - бақшасы
Сопбек Жазира Пернебайқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×