Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, сенсорика, сөйлеуді дамыту, мүсіндеу.
Мақсаты: Балаларға бейнепроектор арқылы ертегіні тамашалау арқылы балалардың сөйлеуін тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету. Ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге, қабылдауға сезінуге жетелеу жәнеде түстерді, пішіндерді ажырата білуге үйрету. Мейірімділікке адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ, жауап.
Көрнекіліктер: Бейнепроектор, үлестірмелі материалдар, ермексаз, жұмыртқалар (екі бөліктен тұратын құрастыру ойыншықтары).
Шаттық шеңбер: Балалар біртіндеп залға кіреді.
Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр, оларда сендерді көргендеріне қуанышты, біз де қуанышымызды білдірейік. Қане қонақтармен амандасайық. (Амандасу)
Балалар қонақтармен амандасып, шеңбер бойына жиналып шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне тілектер айтады.
1 бала: Күніміз жарық болсын!
2 бала: Аспанымыз ашық болсын!
3 бала: Деніміз сау болсын!
4 бала: Достарымыз көп болсын!
Есімізге түсірейік қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Көктемгі табиғат ерекшеліктерін атау. (Жеке балалардан сұрау)
Балалар:
- Күн жылынады
- Қар ериді
- Ағаштар бүршік жарады
- Құстар ұшып келеді
Балалар көктем жайлы тақпақ білесіңдер ме?
1 бала: Қар еріді су ақты,
Күндер келді шуақты
Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
2 бала: Дала гүлге оралды
Түрлі түске боялды
Нұрлы көктем келгенде,
Табиғатта оянды
Иә тіршіліктің бәрі оянып, жан - жануарлар төлдеп, құстар ұшып келеді. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: Торғай, қарлығаш, тауық.
Тауық үй құсына жатады. Тауық бізге не береді?
Балалар: Тауық бізге жұмыртқа береді.
Ал мен жұмыртқа туралы ертегі білемін. Ендеше шұбар тауық ертегісін тамашалайық.
Бейнепроектор арқылы шұбар тауық ертегісін тамашалайды. (yotube каналдан алынған ертегі)
Балалар ертегі сіздерге ұнады ма?
Балалар: Ұнады.
Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Балалар: Ата, әже, тауық, тышқан.
Қандай тауық?
Балалар: Шұбар тауық.
Шұбар тауық қандай жұмыртқа салады?
Балалар: Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.
Ал жұмыртқадан не шығады?
Балалар: Жұмыртқадан балапан шығады.
Бейнепроектордан жұмыртқадан балапанның қалай шығатынын көрсету.
Ендеше бәріміз бірге осы жұмыртқадан шыққан балапанның қимылын жасайық.
Сергіту сәті: Балапансың баласың
Тез алданып қаласың
Бұршақ жауса дән бе деп
Шоқып, шоқып аласың
Шип, шип, шип
Шип, шип, шип
Балалар сендерге балапанның қимылы ұнады ма?
Балалар: Иә ұнады.
Балалар орындарына отырады. Осы кезде тауықтың даусы естіледі.
Балалар тыңдаңдаршы ненің даусы естіледі? Тауықтың даусы.
Ғажайып сәт: Залға қыт - қыттап тауық кіріп келеді.
Тауық: Сәлеметсіздер ме балалар! Қандай әдемі балалар.
Балалар бұл біздің ертегіміздегі шұбар тауық емес па?
Балалар: Иә, шұбар тауық.
Тауық: Балалар менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Ендеше «Бөлігін тап» ойынын ойнайық.
«Бөлігін тап» ойыны.
Балалар жұмыртқаның бөлігін тауып құрастырады.
- Балалар біз нені құрастырдық? (Жұмыртқаны)
- Жұмыртқаның түсі қандай? (Ақ)
- Пішіні қандай? (Сопақша)
- Енді жұмыртқаның бөлігінің түсін айтамыз.
Балалар жұмыртқа бөлігінің түстерін айтады. Құрастырып болған соң жұмыртқаны шұбар тауыққа береді. Шұбар тауық ризашылығын білдіріп рақмет айтады.
Балалар бүгін бізге шұбар тауық қонаққа келді, ал біз қонаққа құрмет көрсетуіміз керек. Ал сендер білесіңдер ме тауық не жейді?
Балалар: Дән жейді.
Қандай дәндерді жақсы көреді?
Балалар: Тарыны жақсы көреді.
Ендеше біз тауыққа тарыны берейік.
Тарының түсі қандай? (Сары)
Пішіні қандай (Домалақ)
Сары түсті ермексаздан тарыны мүсіндеп көрсету.
Балалар сендердің алдарыңда тауықтың суреті салынған ақ парақ қағаз бар. Сол суреттегі тауыққа әдемілеп тарыны мүсіндеп берейік.
Балалар тарыны мүсіндеп тауыққа береді.
Шұбар тауық біздің балаларымыз сіздің жақсы көретін дәніңіз тарыны мүсіндеп берді, келіңіз дәм ауыз тиіңіз.
Тауық: Қыт - қыттап балалардың жасаған тарысынан ауыз тиеді, қандай дәмді тары, рақмет сендерге балалар, мен сендерге риза болдым, ал енді мен сендермен бірге би билегім келіп тұр.
Ендеше Балалар, тауық бәріміз бірге «Балапандар» биін билейік.
Балалар тауықпен бірге балапандар биін билейді.
Тауық: Балалар мен сендерге риза болдым, өнерлі балалар екенсіңдер, ал енді менің де уақытым болды. Сау болыңыз балалар, сау болыңыз қонақтар деп шығып кетеді.
Тәрбиеші:
- Балалар сендерге тауық риза болды. Сендер өздеріңнің ақылды, жақсы балалар екендеріңді көрсеттіңдер.
Балалар бүгін біз қандай ертегіні тамашаладық? (Шұбар тауық)
- Бүгін бізге қонаққа не келді? (Шұбар тауық)
- Біз оған қалай көмектестік? (Шұбар тауықтың жарылып қалған жұмыртқаларын құрастырып бердік, тауыққа тары бердік және де тауықпен бірге би биледік).
- Сендерге ертегі ұнады ма? (Иә)
- Ендеше қонақтармен қоштасайық.
Кушерова Гульнар Ермекбаевна
Ақтау қаласы
Ашық сабақ "Шұбар тауық ертегісі"
- gulnarkusherova
- 9 ақпан 2020
- 6184
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ертегі, Ашық сабақ, балабақшаға арналған сабақ жоспары, Шұбар тауық ертегісі
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегі еліне саяхат
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету....Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Ново – Покровка ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ. Шағын орталық тобының тәрбиешісі Нұрланбетова...Үй құстары
ШҚО, Семей қаласы Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...«Алтын жұмыртқа»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы Мақсаты: Балаларға үстел - үсті...«Үй құстары»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.