Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал - жабдықтары.
Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,
Айжұлдыз атты сарайда, білім шашқан маңайға.
Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,
Іші өнерлі, өрелі, балаларға толыпты.
Сол сарайдың біріне, 2021 - дің күзінде,
15 бала келіпті, 15 - і де көрікті.
Кіп - кішкене өздері, былдырлаған сөздері.
Ештеңені түсінбей, таңырқаған кездері.
Алдарынан күлімдеп, «Балаларым, күнім»- деп,
Нұргүл менен Қасиет, Айымжан мен Айжандай,
Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.
Содан бері мінеки, төрт жыл өтті білінбей,
Бір ананың төліндей, ынтымағы жарасқан.
Елді аузына қаратқан, етек жеңін жинаған,
Ұстаздарын сыйлаған, сол балалар өсіпті.
Буындары бекіпті, балабақшамен қоштасар,
Кезде келіп жетіпті.
Бірге өткізген қыс - жазын, ата - анасын ұстазын
Елдің бәрі таң қалған, патшалыққа атақты,
Қоштасу кешін жасапты Ханшайым мен Ханзада!
Ханзада: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен - аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Ханшайым: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айын
Вальс: Ханшайым мен Ханзада
Мальвина: Ханшайым мен Ханзада сіздердің әмірлеріңізбен «Айжұлдыз» шағын орталығының балалары қоштасу балына дайын. Сіздердің бұйрықтарыңызбен бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыздар, жиналған көп қауымдас!
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Бақшамыздан талпынып қанат қақты,
Төрт жылда оң солын таныған жас.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Тәрбиешілер баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн бақшаменен,
Сол құстардың бәрі де ұшқалы тұр.
Буратино: Қымбатты қонақтар, ата аналар, балабақша қызметкерлері бүгін бізде үлкен мереке, яғни бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың сүйікті балабақшасымен қоштасу мерекесі.
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін - деп балабақшамен қоштасатын сүйікті бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Балаларды таныстыруы:
Ақылды қыз Расима
Ойы ұшқыр тым зерек
Өзі ақылды өзі ойлы,
Әрсен деген ұлымыз.
Маң – маң басып келеді,
Айтқанына көнеді
Әдепті ұлмен қызымыз
Алинұр мен Аниядай
Қызымыз мына Ақерке
Өзі сондай әдемі,
Жанеркее деген қызымыз.
Өзіне сай әдебі,
Маңғазданып аз сөйлер,
Парасат деген қызымыз.
Салмақты қыз Қарақат
Жымияды күлімдеп
Мөлдіреген көздері,
Салмақты оның сөздері
Томирис деген қызымыз
Жарқырайды жанары
Аминадай қызымыз
Үнемі күліп жүреді.
Айару деген еркеміз
Жарқын жүзді гүліміз.
Ұлы ойшылдай болатын
Жасминдей қызымыз.
Мальвина: Айналайын менің әсем гүлдерім
Қандай әсем жадыраған жүздерін
Қолдарына әдемі шар ұстаған
Мерекеге толы болсын күндерін
Көңілді әуенмен балалар кіреді, қолдарында шар.
Жарты шеңбер болып залда тұрады.
Би: «Көңілді шар»
Мальвина: Құрметті балалар! Балалық тәтті шақтарынды осы шармен аспанға ұшырып жібересіңдер ме?
Балалар: Иә!
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Шарларды ұшырып жібереді.
Буратино: Құрметті балабақша ұжымы 3 жыл бірге жүріп, тәрбиелеп мәпелеп өсірген балаларымыз сіздерге деген өздерінің ризашылығын білдіргелі келіп отыр.
Ортаға балабақша ұжымы шығады.
Расима
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Ғалия Молдағалиқызына мың алғыс!
Қарақат
Мейірімді де әдемі
Бүкіл бақшаға қарайды.
Тобымызға әркез кеп
Халімізді сұрайды.
Балаларды қорғайды
Апайларды сыйлайды.
Әдіскер Нұргүл апайға мың алғыс!
Томирис
Сүйген өз қызын, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақша өз үйім
Қасиет, Айымжан, Айжан апайлар болады анамыздай.
Әния
Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ ұсынған
Тобымызды жинаған
Бала болып ойнаған
Гүлімжан апай мен Нұржан апайларға мын алғыс!
Жасмин
Состояние здоровья
Проверяет каждый раз
Смотрит уши, нос и глаз
Чтобы не было болезной
Привываеткаждый раз
Жанар апайға мың алғыс!
Әмина
Осы апайлардың қолдары
Не деген шебер десенші
Кірліктерді жуады
Оны үтіктеп береді.
Тап - таза қылып алады
Гүлім апайға мың алғыс!
Арсен
Балабақша сүйікті
Ән салдыртты, билетті.
Бекқожа апайға рахмет
Өнерлі болуды үйретті
Айару
Баулап баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өзіңізді
Сәуле апайға мың алғыс!
Алинұр
Тәтті тамақ пісіретін
Айран сүтін ішкізетін
Роза апай сізгеде
Алғыс айтып барамыз.
Буратина:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады, - дей отыра «Біз мектепке барамыз» әнін шырқап берейік.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Мальвина: Құрметті ата - аналар келесі кезекте әнші қыздарымыздың орындауында «Туған ел» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Туған Ел» Қарақат Әния
Буратино: Ханшайм мен Ханзада біздің балға нұрын шашып Күн өзінің көбелектерімен келіпті. Ендігі кезекті біздің тобымыздың мың бұралған биші қыздарына береміз.
Би: «Көбелектер»
Күн: Ханшайым мен Ханзада бүгінгі мерекелеріңізге шақырғандарыңызға көп рахмет. Балалар сендерге де ақ жол тілеймін.
Сүйікті балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Буратина: Ұшқыр ойын серік болсын шеберін
Сөз кезегін білімпазға берейін
Арамызда білімді бала көп болсын
Білімпаз сол балаға серік болсын
( Залға Білім патшайымы келеді)
Білім патшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар мен сендерге ақ жол тілеп, мерекелеріңе құтты болсын айтуға келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын. Менің достарым боласыңдар. Бізді алда талай көп биік асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуге келісесіңдер ме?
( Осы кезде залға Жалқаубек кіреді)
Жалқаубек: Ой, мында не болып жатыр? Кеттік балалар, ойнауға, далада
қызық болып жатыр. Қане, не істеп отырсыңдар, жүріңдер.
Мальвина: Ау, Жалқаубек мұның не? Мерекеге киініп келмейсіңбе? Сен де
биыл мектепке барасыңғой. Мына Білім патшайымы қандай? Сен де талпынуың керек
керек емес пе?
Жалқаубек: Ой, мына Білім патшайымы мұнда не істеп жүр? Бар ендеше
өзіңнің мектебіңе, балалар менің достарым болады. Біз мектепке бармаймыз,
аналарымыз бен әкелеріміз оқысын, біз басымызды қатырмаймыз.
Мальвина: Қой Жалқаубек сен бұлай жалқау болма. Біздің балалар
мектепке дайын, бүгін бақшамен қоштасып жатыр. Сен мамаңнан қалмай
балабақшаға келмей жүргенде балалар бәрін оқып, бәрін біліп алған. Қане
отыршы, өзің көресің.
Білім патшайымы: Ендеше мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке
дайын ба екен, тексеріп көрейік.
Ойын: « Кім жылдам сан айтады»
Шарты: Ортаға әртүрлі сандар тасталады. музыка тоқтағанда сандарды
жерден алып айтады.
Білім патшайымы:
Менің білгім келеді,
Кім санауды біледі?
Қызық сәттер болады,
Матеметикалық әзілдер басталады.
1. Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен, тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? «2»
2. Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр, күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша, санап шық. «10»
3. Алты қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда. «5»
Мальвина: Білім патшайымы, біздің балалар тек білім жағынан емес, сонымен қатар би билеп, ән айтқанды өте жақсы көреді. Біздің балалар өте өнерлі. Олай болса, біздің топтың ұлдары мен қыздарының тамаша бір бииін қабыл алыңыз!
Би: «Ха – фа – на – на» Флешмоб
Білім патшайымы: Жарайсыңдар! Олай болса мен де ойынды жалғастырайын.
Ойын: « Иә, иә, жоқ, жоқ»
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан сөзді тыңдаймыз ба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Ертеңгісін ерте тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймыз ба?
Өте мықты бала екенсіңдер. Сұрақтарға мүдірмей жауап бердіңдер. Енді ата - аналармен ойын ойнайын, оларды да сынап көрейін.
Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
Сабақ оқып, есепке жүйріксің бе?
Тамағын уақытында бересіз бе?
Сериял көріп жатып аласыз ба?
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
Төзімділікке әруақытта төзесіз бе?
«Сен оқыт, мен оқытып шаршадым»- деп ұрсысуға дайынсыңба?
Балаңыз үшін асулардан асасыз ба?
Буратина: Білім патшайымы енді кезекті әнші қыздарымыздың орындауында «Оқуда озат боламын» әнін қабыл алыңыз.
Мальвина: Жалқаубек, біздің бүлдіршіндерімізбен әнді бірге шырқап, тақпақтарды қайталап жаттап ал. Сонда сенде өнерлі боласың! Келесі кезекті балабақшаға арналған тақпақтарға берейік.
Тақпақтар:
Жанерке: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз,
Балабақшамен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
Ақерке: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жақтықтың.
Сержан: Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Парасат: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.
Ойын: «Сыңарын тап»
Буратино: Жарайсыңдар, балалар! Ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер.
Мальвина: Келесі кезекті тобымыздың биші ұлдарымызға береміз.
Вальс: Ұлдар аналарымен
Мальвина: Рахмет көп - көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Ән салайық тамаша, - деп балаларымызды балабақшамен қоштасу әнін айтуға ортаға шақырамыз.
Хор: «Қош бол, балабақшам»
Буратина:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман - есен, мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашан ашық болып,
Даярлыққа баратын қадамдарыңыз құтты болсын!
Ал енді бүгінгі мерекеміздің ең салтанатты кезеңі болып қалды. Қымбатты балалар, біздің балабақшаның атынан естелік ретінде сендерге бірінші дипломдарды сыйлаймыз.
Мальвина: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды әдіскеріміз баршаны - дей келе, құттықтау сөзді балабақша әдіскеріне береміз.
(Ата - аналарға сөз беру)
Буратина: Кілтпен есік ашады.
"Қош бол, балабақшам" ертеңгілік
- Айжан Советханқызы
- 17 мам 2022
- 104114
- 0
- 100
Ілмек сөздер: балабақшамен қоштасу, сценарий қоштасу бала бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі
Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып...Қош бол, балабақша!
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....Бақытты елдің балғындары
1ж: - Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз 3 жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,...Қош бол, сүйікті балабақшам!
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.