Сайтқа кіру Тіркелу

Актер деген кім?

Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Актер деген кім?
Мақсаты: актер туралы түсінік беру, сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, ым - ишараларды қолданып кейіпкердің бейнесін жасауды үйрету, шығармашылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: қуыршақ театрынан қойылымдар көрсету, цирктегі күлдіргіштің өнерін көрсету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі қойылымы бар дискі, қуыршақ күлдіргіш, Айару қуыршақ, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: күлдіргіш, актер, комплимент.
Билингвальді компонент: күлдіргіш – клоун, актер – актер.

Педагогтің басқару іс - əрекеті
Психологиялық сəт.
«Комплимент» ойынын ұйымдастыру.
Педагог балаларға шеңберге тұрып, жанында тұрған баланың атын атап, комплимент айту керектігін түсіндіреді.
Таңғажайып сəт: күлдіргіш кіреді.

- Балалар, актер деп кімді айтамыз?
Актер – сан қилы іс - шараларда əртүрлі кейіпкерлерді көрсететін əртіс.
- Актер қайда жұмыс істейді?
- Актерлер түрлі рөлдерді ойнау үшін өздерін қалай өзгертеді?
- Сендер де актер болып ойнап көргілерің келе ме?
- Ал сендер қандай кейіпкер болып, қандай костюмдер киіп ойнағыларың келеді? Педагог балалардың қандай ертегі кейіпкеріне айналғысы келетін таңдауларын қолдап, мадақтайды.

Балалардың іс - əрекеті
Балалар шеңберге тұрып, жанында тұрған баланың атын атап, комплимент айтады, мақтайды, ерекшеліктерін айтады.
- Айжан, сен əдемісің.
- Арман, сен алғырсың. Балалар қызығушылық танытады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×