Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақша: Автобус

Тақырыбы: Автобус

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: көлік туралы жалпы білімдерін бекіту. Түрлі - түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып, автобустың суретін салуды үйрету, сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру ережелерін сақтап, абай болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: көліктердің, автобус, аялдамалар суреттері, бағдаршам макеті, картоннан ойылған автобустар трафареттері, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: машиналардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп, әңгімелеу, жеңіл машина мен автобустың айырмашылықтарына назар аударту
Сөздік жұмыс: жеңіл машиналар, қоғамдық көлік түрлері
Билингвальді компонент: көлік - транспорт, бағдаршам - светофор
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қызығушылық - Балалар, келген қонақтармен амандасайық.

Н. Айтовтың «Жолың болсын» өлеңіне жылулық шеңберін құру.
Балалар, адамдар көлікпен алыс сапарға шыққанда бір - біріне «жолың болсын» деп жақсы тілек айтатынын естеріңде шығар, олай болса
Атам шықса сапарға,
- Жолың болсын!- дейді апам.
Апам шықса сапарға,
- Жолың болсын!- дейді атам.
- Жолың болсын!- дейді олар,
Үлкенге де кішіге.
- Жолың болсын!- дейді олар,
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым,
Қуат барын, күш барын.
- Жолың болсын!- айтам мен,
Алыс жолға шықса кім.

- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Педагогты мұқият тыңдайды.

Балалар өлең шумақтарын айта жүріп, жылулық шеңберін құрады

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінің айларын атап көріңдерші
- Бір аптада неше күн бар?
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. - Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Алысты жақын еткізеді
Керек жерге жеткізеді

- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, ауада, суда жүретін көліктер.
Көліктерді жүргізуші жүргізеді.
- Балалар жеңіл көліктер не үшін керек?
- Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?
- Жедел жәрдем көлігі не үшін керек?
- Өрт сөндіру көлігі не үшін керек?

- Пойыздар мен ұшақтар не үшін керек?
- Жарайсыңдар сендер көліктер туралы көп біледі екенсіңдер
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір»дейді
Бір көзім «абайла»дейді
«Қарап ал маңайға»дейді
- Ол не?
- Бағдаршам қандай қызмет атқарады?

Билингвальды компонент:
Көлік - транспорт
Бағдаршам - светофор

- Балалар, сендер көліктер жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?
- Балалар, жарайсыңдар, көлік туралы тақпақтар біледі екенсіңдер.
- Балалар, сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.

- Бүгін біз көліктің бір түрі – автобустың суретін салатын боламыз.
(Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)- Алдымен тік төртбұрышты пішін саламыз
- Дөңгелектерін саламыз
- Алдыңғы бөліміне кабина пішіні салынамыз
- Терезесін кішкене төртбұрыштардан жасаймыз
- Балалар салған автобустарыңды өздерің қалаған түспен боясаңдар болады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды қояйық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық.
Бір отырып бір тұрып,
Тынығып біз алайық
Ойын: «Қатарды есіңе сақта»
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: ойынға 5 - 6 бала қатысады, Бірінші бала паравоз «жүргізуші», қалғандары «жүргізушінің» артындағы «вагондарға» бір минут қарауға мүмкіндік беріледі, Содан соң ол теріс қарап, артында «вагон» болып тұрған балалардың аттарын ретімен атап шығуы тиіс.

Ойын: «Өз аялдамаңды тап»
Мақсаты: түстерді ажырата білу, ойын дамыту.
Шарты: картоннан ойылып жасалған әр түрлі түстегі автобустарды бір - бірден таңдап алып, өз автобусының түсін атайды, бір сұраққа жауап беріп, өз аялдамасына апарып қояды.

Ойын: «Көліктерді топтастыр»
Мақсаты: Көліктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Үлестірмелі карточкалардағы көліктерді әуе, жер, су көліктері түрлеріне бөледі.

- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде үш ай бар
- қыркүйек, қазан, қараша.
Бір аптада жеті күн бар
Балалар ойланып жұмбақтың шешуін табады.

- Көлік.
- Машина, автобус, пойыз, ұшақ, кеме.

Жеңіл көлік адамдарға бір жерден екінші жерге жылдам жету үшін керек.
- Адамдарды тасу үшін (жұмысқа, балабақша - ға, мектепке т. б.)
- Ауруларға көмектесу үшін керек.
- Өрт болған жағдайда тез сөндіру үшін
- Алыс жерлерге тез жету үшін керек

Жұмбақты ойланып шешеді.

- Бағдаршам
Көшедегі көліктердің, жаяу жүргіншілердің қозғаласын ретке келтіріп тұрады
Көлік - транспорт
Бағдаршам - светофор

Ақарыс:
Боранда, желде, де
Ұшудан тынбайды. Кез келген жерге де,
Қонуға ыңғайлы.
Жансая, Елдос тақпақтарын айтады.
- Автобус.

Ең астына екі дөңгелек салып, оның үстіне төртбұрышты пішіндер салады,
Кабинасын салады

көліктің терезелерін төртбұрыштардан салады.
Салған суреттерін өздері қалаған түспен бояйды
Сергіту сәтін өлеңнің мәтініне қарай қимыл - қозғалыспен айта отырып жасайды

Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап алып, ойынды ойнауға кіріседі.

Жүргізуші балалардың аттарын есіне сақтап ретімен айтады.

Ойын шартын мұқият тыңдап, ойынға белсене араласады.
Сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

Балалар ойын шартын мұқият тыңдап,
ойынға белсене араласады.
Рефлексиялық -
түзетушілік - Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерінің суретін салдық?
- Сендерге бүгінгі оқу - іс әрекетіміз ұнады ма?
(балалар салған автобус суреттерін қарап шығу)
- Балалар бізге автобус не үшін қажет?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар, салған суреттерің өте әдемі шығыпты, ал енді келген қонақтармен қоштасайық - Автобустың суретін салдық.
- ия, өте ұнады.

- Автобуспен адамдарды баратын орнына жеткізеді.
- Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлері, көлік түрлерін салуда пішіндерді дұрыс орналастыруды.
Игереді: пішіндерді тиімді пайдалану арқылы автобусты оңай салуға болатыны туралы жаңа мәліметтерді.
Меңгереді: автобусты дұрыс сала білу туралы іскерлік дағдылары қалыптасады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×