Сайтқа кіру Тіркелу

Дені саудың - жаны сау

Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»- деген қағидаларды бала бойына сіңіру.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу,
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, қанатты сөздер, мақтау қағаздары, балық, моншақ, құрсау, доп.

І Ұйымдастыру кезеңі
Әуен ырғағымен балалар залға кіреді. Шаттық шеңбері өлеңі айтылады. (Балалар өлең сөзіне сай қимылдар жасайды)

Жазда ықпай ыстықтан,
Қыста бұқпай суықтан.
Айналысып спортпен,
Біз боламыз шыныққан
Жазда суда жүземіз,
Құмда күнге күйеміз,
Жалаң аяқ жүреміз.
Қыста қызып денеміз,
Коньки, шаңғы тебеміз.

Тәрбиеші: Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты?
Балалар: Денсаулыққа

Тәрбиеші: Әрине, дені сау адам бақытты адам. Дені сау болуы үшін өзін - өзі күтеді. Жазы, қысы шынығады. Егер сендер де тазалықты сақтап, денелеріңді шынықтырсаңдар, шипалы өсімдіктерді пайдалансаңдар салауатты өмір сүресіңдер.

ІІ «Ой қозғау» кезеңі
1) Музыка әуенімен қолдарына түрлі – түсті лента алып жаттығулар жасайды.
2) «Әдепті бала және салақ бала» суретпен жұмыс.

Сұрақ:
а) Әдепті бала туралы әңгімеле
б) Ал салақ бала қандай?
в) Саған қай бала ұнайды?

Балалардың жауабы
3) «Балабақшадағы күн тәртібім». Балабақшада күні бойы не істейтіндігі туралы әңгімелесу.
4) «Маған керек дәрумен»Үстел үстіндегі суреттерден дәрумендері бар, денсаулыққа пайдалы дегендерін ажыратып тақтаға ілу.

ІІІ - бөлім Тақпақтар:
Жұлдызай: Ашытады көзіңді,
Сабындаған кезіңде
Бола білсең төзімді
Тап - таза етер өзіңді
Хормен: Тазалықтың досы
Сабын деген осы
Гауһар: Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Хормен: Тазалықтың досы
Сабын деген осы
Перизат: Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Тазалап жу екі рет

Сергіту сәті: Жуып жеймін үнемі
Алма, алмұрт, шиені
Суды жақсы көремін
Тазалықты сүйемін

ІV - бөлім: Көңілді ойындар
• Су түбінен маржан тас жинау. (Жерге ірі моншақтар шашылады балалар соны жинайды.)
• «Балық аулау»
• Үрленген құрсауға отырып белгіні айналып келу
Кім көп ұпай жинаса, кім бірінші келсе сол балалар марапатталып, мақтау қағазы беріледі

V - бөлім: Доп арқылы тілек тілеу
VІ - бөлім: Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Балалар: Балалардың жауабы
Тәрбиеші: Не туралы айттық?
Балалар: Балалардың жауабы
Тәрбиеші: Олай болса балалар, бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.
Сау болыңдар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дені саудың - жаны сау

Дені саудың - жаны сау

Заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту төрт тағандап жүруді. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза...
Жетінші сәуір - дүниежүзілік денсаулық күні

Жетінші сәуір - дүниежүзілік денсаулық күні

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы, Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорының жоғары санатты тәрбиешісі Куанышева...
Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×