Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел
Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:
1 - отбасы –
2 - отбасы –
3 - отбасы –
Қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші: Бүгінгі отбасылық шарамыз 3 турдан тұрады:
1 - Тур: «Жанұям - мақтанышым» (Отбасын таныстыру)
2 - Тур: «Мен елімнің патриотымын» (Патриоттық ән, өлең)
3 - Тур: Үй тапсырмасы
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
- Балабақша меңгерушісі
- Балабақша әдіскері
- Балабақша тәрбиешісі
-
Ендеше сайысымыздың 1 туры бойынша сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Жүргізуші: Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз.
2 - турымыз «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырмасы» әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
Жүргізуші: Рахмет ата - аналар.
Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата - баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Азаматтарымыздың арқасында ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ия, егемендік, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама жастар құрбан болды, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Міне, бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген егеменді елміз. Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жүргізуші: Ата - аналар марапаттарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.
Осымен құрметті қонақтар «Балақай» тобының дайындаған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды
Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!!!
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
- bibok
- 29 қазан 2024
- 9210
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік күні, балабақшаға арналған, 16 желтоқсан күніне арналған тәрбиелік шара жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу...Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Жүргізуші: Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылы бойы армандаған,...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Назира Алиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.