Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
Өзінің жан екенін түсіну деңгейін өткеннен кейін адам рухани жолға – «толық адам» сатысына көтеріледі. Бұл жанның оянуымен бірдей. Жас баланы оятқаннан кейін ол айналасындағының барлығын бірден түсініп кете алмайды. Оған әлі талайды үйретіп, талайды көрсету керек. Сол сияқты, жан ояна салысымен Құдайды бірде танып, беріліп кете алмайды. Оған ынталы жүрек, шы көңіл табу үшін құлшылық жолына түсу керек. Бұл – шексіз жол. Абай рухани жолды «бек нәзік, бек шетін жол» дейді. Рухани жолмен ақыл - есін бір бағытта дұрыс пайдалана алған адам ғана жүре алады. Данышпан Абай «Жүректің ақыл суаты, махаббат қылса Тәңірі үшін», яғни Тәңірі үшін пайдаланған ақыл жүректің рухани нәр алатын суаты болып, жолдан адаспауға мүмкіндік беретінін білдіреді.
Барлық іс - әрекетін, ақыл - санасын, ғұмырын Жаратушыны ләззаттандыруға арнаған адам ғана кемелдіктің шыңына жете алатынын ойшыл отыз сегізінші қара сөзінде былай деп білдіреді: «Енді біліңіздер, ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол Алла тағаланың Өзіндей ниһаятсыз болады. Оың ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді». Сопылық философияда бар «толық адам» түсінігін Абай осылай деп береді. Бұл түсініктен Құдай тағалаға жетудегі шексіз жолға түсуді өзіне шарт қылған адамды ғана «толық адам» деуге болатынын білеміз.
Абай көрсеткен рухани жолды тереңірек түсіну үшін әуелі жалпы Абсолютті тану ілімінің түрлі сатыларын анықтап алайық. Түрлі рухани бағыттардың Абсолютті танудағы дәрежесін бес сатыға бөлуге болады.
Біріншісі, ең төменгісі, жан иелері көретін, сезіп - білетін тұрпайы материалдық болмысты ғана мойындап, тану. Бұл сатыда материалдық әлемді зерттеп, ортақ жалпы заңдылықтарды ашу арқылы есті бір жаратушысы болуы керек екенін түсініп, Жаратушыны мойындауға мүмкіндік бар. Бұл – Абсолютті тұрпайы материализм арқылы сезіну көрінісі. Кеңес дәуіріндегі саясаттың ықпалымен қалыптасқан бір жақты дүниетаным осы еді.
Екіншісі, сезіліп - білінетін болмыспен бірге көзге көрінбейтін, адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын нәзік болмыстың бар екенін мойындау. Бұл сатыда тұрғандар болмыста Жаратушы күш барын мойындамауы да мүмкін. Болмыс мәңгілік, бірақ үнемі өзгеріп отырады деп пайымдайды. Олар тұрпайы әлемді ғана емес, сонымен бірге материалдық нәзік әлемдерді де сезініп, мойындайды. Будда ілімі әуелде осы деңгейде беріліп еді.
Үшіншісі, Құдайдың және Оның түрлі қуаттарының бар екенін мойындау, яғни жан иелерінің тұрпайы, нәзік және рухани болмысын да мойындайды. Құдай және жан бар, бірақ олар бір, сондықтан жан иелері денесін тастағаннан кейін жалпы болмыспен бірігіп, өз болмысын жояды деп есептейді. Бұлар Абсолюттің материалдық және рухани қуаттарын мойындайтын имперсоналистер.
Төртіншісі, жан мен Құдайдың бір - бірінен бөлек жеке тұлғалар екенін мойындау. Жан сапа жағынан Құдайға ұқсас, бірақ сан жағынан өлшеусіз кішкене деп пайымдау. Бұл сатыдағылар жан материалдық болмыстан бөлек екенін мойындайды. Жан мен материалдық әлем Абсолюттің қуаты болғанымен, бұл үшеуі бірінен - бірі бөлек. Жан деенсін тастағаннан кейін ол Құдаймен бірікпейді, бөлек тұлға ретінде қалады. Бұлар әрбір жан иесін және Абсолютті жеке тұлғалар ретінде қарастыратын персоналистер.
Бесіншісі, өзіне дейінгілерді мойындай отырып, сонымен бірге жан мен Құдайдың өзара қарым - қатынасы бар, ол сүйіспеншілік арқылы орындалады деп есептеу. Бұл – барлық ұғымдарды қамтитын ең жоғарғысы. Бұл сатыдағы адам өзінің барлық болмысын түгелдей Абсолют жолына арнап, толық құлшылық жолына түседі. Бұл сатыдағының төртіншідегіден айырмашылығы – адам Абсолютпен сүйіспеншіілк қарым - қатынасқа кіреді. Ол Алла тағала мен жан бір, сонымен бірге, олар бір - бірінен бөлек тұлғалар екенін біледі. Себебі Алла тағала абсолют болғандықтан, Одан шыққан қуат және Оның Өзінің айырмашылығы жоқ. Жоғары қуат – жан төменгі қуатпен – материалдық денемен қапталған. Сондықтан фәни өмірде ол өзінің жан екенін сезінбейді. Оның міндеті – Алла тағалаға сүйіспеншілікпен берілу арқылы өзін тазартып, кейін рухани әлемге қайту. Рухани әлемде әрбір жанның Абсолютпен түрлі қарым - қатынасы орнығады. Бұлар – өте сирек кездесетін жоғары рухани адамдар. Оларды Абай «толық адам» деп атаған. Рухани жетілудің ең жоғары сатысына жеткендер діни конфессиялардың ықпалынан шығып, толық рухани еркіндік алғандар.
Абай отыз сегізінші қара сөзінде: «Бұл айтылмыш үш қасиеттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң хакімдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар» деп рухани жетілц сатысындағыларды төртке бөледі.
Бұлардың бастапқы екеуі таза құлшылық жолындағылар. Ал соңғы екеуі – аралас құлшылықта, себебі ниеттері таза болғанымен, болмыстары әлі толық тазаланып үлгермеген. Олар сый - құрмет, атақ - даңқ тәрізді адамың жүрегін құрсаған құмарлықтардан әлі де болса толық арыла қоймаған.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2021
- 857
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай айнасы, рухани кемелдену, Рухани жетілу сатысы
Ұқсас жаңалықтар:
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
Рухани жетілу сатысындағы «толық адамның» материалдық даму сатысындағы «адамнан» бірнеше айырмашылығы бар. Әулиелер мен қарапайым адамдарды ажырату...Имандылық қабылдау деңгейі
Әлбетте, имандылыққа төрт түрлі адамдар келеді. Біріншісі, өмірдің ауыртпашылығын көп көріп, содан құтылғысы келгендер. Олардың жүректері өмірдің...Абай айнасы – рухани кемелдену: білім алу
Әлбетте, рухани білім былғанған жүректі тазартып, басқан шелді біртіндеп сылиды. Осылай көкірек көзі ашылғаннан кейін ұйқыдағы жан оянып, салауатты...Төменгі саты
Әлбетте, фәни өмірді дұрыс түсіне білген Абай тәрізді данышпандар оның заңдылықтарын дұрыс ашып, қиындықтарын тура айтады. Бұл адамдардың жүрек...Жан иелерінің дәрежелері мен жетілу жолдары
Екінші сатыдағыларды Абай «адам» деп атайды. Бұлар фәни өмірдің қызығына алданып, материалдық әлемнің заңдылығынан шыға алмай жүргендер. Бұларды...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.