Сайтқа кіру Тіркелу

Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу

СУРЕТ
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын моделдеудің ерекшеліктері – 16 сағат.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 1. Интерьерді адам тұлғасымен біріктіру. Перспективті қысқартуларды есептей отырып бейнелеу.
2. Дамытушылық: Балаларды портрет салуға үйрете отырып, адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере білуге үйрету, оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда тақырыптық натюрмортты бейнелеген болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Натюрморт дегеніміз не?
2) Оның қандай түрлері бар?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, сөзжұмбақ шешеді.

4. Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді - кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.
Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.
Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі
Әрбір шыншыл суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл - қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс. Адам – суретшілер зейін қоятын және бейнелетін басты объект. Тұрмыстық, тарихи, батальдық жанрлар картиналарында әрдайым адам көрсетіледі.
Интерьер француз тілінен алынып, «ішкі» деген мағынаны білдіреді. Үйдің ішін безендіру деген сөз. Біздің тұратын, жұмыс жасайтын және демалатын пәтеріміз ыңғайлы, жайлы, әдемі болуы керек. Интерьер - орынжайлардың ішкі кеңістігін, әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімді жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі.
Кез - келген форма немен және қалай пайда болатынын айқын түсіру үшін, ол өзінің суретшілік көлемдік - кеңістік көрегендігін дамытып отыруға және жұмыстың дұрыс бірізділігін меңгеруге тиіс.
Бастың суретін салған кезде бәрінен де одан шамамен екі метрдей қашықтықта орналасқан жақсы. Бұл, бір жағынан, оны бір қарағанда қамтып қалуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бұл қашықтық жалпы форманы қабылдауды тек қиындататын елеусіз ұсақ детальдарды жасырып, жұмсартады. Оның үстіне, бас пластикалық жағынан алғанда әсерлі көрінетін көру нүктесін таңдап алған дұрыс.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады. Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески
Адам тұлғасы өзінің ерекше жаратылуымен, құрылысының өте күрделілігімен көзге түседі. Сол күрделі құрылысын жете білу үшін оның анатомиясының құрылымын жіктеп, айыра білгеніміз жөн. Өйткені, тұлға сүйектері мен бұлшық еттері оның сыртқы табиғи сымбатына, қимыл - қозғалысына үлкен әсер етеді. Адам скелеті – негізінен үш бөлікке бөлінеді, бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол - аяқ сүйектері болып бөлінеді. Әр бөліктегі сүйектердің бір - бірімен байланысы әр түрлі болады. мысалы, бас сүйектері жоғарыда айтқанымыздай өте берік жымдасқан жіктер арқылы байланысы, кеуде бөлігі сүйектері шеміршектермен байланысқан, ал аяқ - қол сүйектері буын арқылы байланысады да өте қозғалғыш қимылды келеді.
1. Бас сүйектері - адамның бас сүйектері мыналар: маңдай сүйегі, самай сүйегі, төбе сүйегі, мұрын сүйегі, үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйегі. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі(ми, сауыты) бет бөлігі. Бастың негізгі мүшелері: Көз, мұрын, ауыз, құлақ.
2. Кеуде бөлігі – Бас сүйегінен омыртқа жотасы созылады. Омыртқа жотасының бір бөлігінде кеуде сүйектері орналасады. Онда қабырғалар мен тас сүйегі бар, жауырын, жамбас сүйектері бар. Омыртқа жотасы 33 - 34 омыртқадан тұрады. Адамда 12 жұп қабырға болады.
3. Қол - аяқ сүйектері – Қол сүйектері: тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері. Аяқ сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектерінен тұрады. Қол мен аяқтың сүйектері бір - бірімен буын арқыла жалғасады.
4. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық - бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екіншісі - иектен бастап тас сүйектің ұшына дейін, үшіншісі - тас сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі - кіндіктен шаттың сызығына дейін, бесіншісі - жамбас сүйектен тізеге дейін, алтыншысы - тізеден сирақ сүйекке дейін, жетіншісі - сирақ сүйектен аяқ басы сүйектеріне дейін.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан адам басының, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші адам басының бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын сала отырып, оның перспективалық заңдылықтарын сақтай бейнелеуге тырысу қажет. Шрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. Соңғы интерьер мен адам тұлғасын алыстан бір қарап алып бір тонға келтіреміз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Адам бейнесін бейнелеу қиын да қызықты іс. Соған қарамастан біз бүгінгі сабағымызда адамның толық тұлғасын бейнелеуді үйрендік. Ал бұл дегеніміз біз адам портретін бейнелеуге, интерьерді бейнелеуге деген үлкен қадам жасадық. Бүгінгі сабағымызда алған білімімізді болашақта қолданамыз деп ойлаймын.
7. Үй тапсырмасын үйдің ішкі бөлігін салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Портрет – бұл адамды бейнелеу

Портрет – бұл адамды бейнелеу

Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» реңдік шешімдер....
Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×