Графика
Күні: Сабақтың тақырыбы: Жарты жылдық сынақ жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жарты жылдық қорытынды жұмыс натюрморт салу. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу, классификациялау.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Балалар бүгін біз жарты жылдық сынақ жұмысты бастаймыз. Салынатын натюрморт біздің жарты жыл бойы алған білімдерімізді көрсетеді, сол үшін жұмысты салған кезде ұқыпты таза әрі дұрыс істеуге тырысайық. Бүгінгі қойылымда фонда 2 - 3 тегіс боялған мата ілінген тұрмыстық 2 - 3 заттан құралған натюрморт берілген. Ең алдымен натюрмортты салған кезде оны қағазға дұрыстап орналастыру керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1 - кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2 - кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3 - кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа - рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4 - кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.
Үйге тапсырма беру: Тұрмыстық заттардан натюрморт құрап салу.
Жарты жылдық сынақ жұмыс
- ramuk_b
- 4 қараша 2021
- 732
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жарты жылдық қорытынды натюрморт салу, академиялық сурет пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Қыртысы күрделі драпировканың тоны, жарық пен көлеңкесін салыстырып орындау
Балалар, біз бүгін «Мата қатпарларының негізгі түрлері» атты жаңа сабағымызды бастайық. Сабақ басталмас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш т. б...Сурет салушының көру деңгейінен төмен орналасқан заттардың конструктивті бе ...
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу....Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт
Сабақтың тақырыбы: Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,...Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюр ...
Сабақтың тақырыбы: Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың...Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.