Графика
Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ материалдармен нобайлар мен долбарлар бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Сурет салуда қолданылатын алуан түрлі жұмсақ материалдарды, қалай қолдануды үйрету.
Сурет салудағы композицияның алғашқы тәсілдері, сызықтар мен штрих жүргізу тәсілдерін меңгерту.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық
талғамын байыту. Өзін - өзі басқара іс атқаруға, шыншыл, әділетті, бір - бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал - жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Графикалық материалдар: графит, қарандаш, сангина, стеклограф, қара бор, пастель, сепия, акварель материалдары, көмір, соус, ақ бор, тушь, рапидограф, фломастер, маркер.
Графит – минерал, ол көміртектін аллотропты модификациясы. Құрылымы қабат – қабат. Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.
Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр.
Қарындаш – (түрк. «кара» - қара және «даш» - тас) - өзекше тәрізді құрал, жазу материалдан дайындалады (көмір, графит, қурғақ бояғыштардын және т. с.), жазуға, сурет салуға, сызуға арналған.
Сангина – (фран. sanguine, лат. sanguis) – сурет салуға арналған материал, каолиннен және темір тотығудан таяқша тәрізді жасалынған.
Пастель – (лат. pasta - қамыр) – көркем материалдардың тобы, графикады және кескіндемеде қолданылады. 1) сырты қапталмаған, құрғақ әрі жұмсақ түрлі - түсті қаламмен салынатын кескіндеме. Пастель ұнтақталған пигменттерге желімді зат, бор, сүт,гипс, т. б. қосындыларын араластыру арқылы жасалады; 2) Пастель тесілмен салынған сурет. Пастель қаламмен суреттерді қатырма және қожырлы қағаздарға, жақпа қабатты кенепке, пергаментке салуға болады. Пастельде кескіндеме, графика әдістерінде кеңінен қолданылады.
Көмір таяқшалары ағаштардың жіңішке бұтақтарын отқа жағу арқылы дайындап алуға болады. Ол үшін биіктігі 20 - 25см консерв қалбырын тауып алып, оған құрғақ құм толтырады да ішіне қабығы аршылмаған биіктігі қалбырдың бойындай шыбықтарды шаншиды. Сонан соң қалбырдың бетін жауып отқа қыздырады. Шыбықтар әбден қызған кезде оттан шығарып алып, оны суытады, сосын сол күйде пайдалануға болады. Фабрикада арнайы дайындалған көмірлерде болады. Мәселен қолдан дайындаған көмірге өсімдіктен жасалған желім қосылады. Ондай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады.
Үйге тапсырма беру: Үй тұрмысындағы заттардың нобайы мен долбарларын салып келу.
Жұмсақ материалдармен нобайлар мен долбарлар бейнелеу
- ramuk_b
- 4 қараша 2021
- 1200
- 0
- 0
Ілмек сөздер: нобайлар мен долбарлар, графика, академиялық сурет пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік, дағдыларын, сонымен қатар қабілетін қалыптастыру. ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін...Графика өнерінің түрлерімен таныстыру
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру....Бейнелеу пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары
2 - сынып Бейнелеу өнері Сабақтың тақырыбы: 1. Әр түрлі ағаштың бейнелері. Күз ғажайыптары. 2. Жапырақты бейнелеу 3. Бейнелеу өнерінің түрлері....Жұмсақ материалдармен танысу
Сурет салуда қолданылатын алуан түрлі жұмсақ материалдарды, қалай қолдануды үйрету....Кескіндеме жасау техникалары
Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.