Сайтқа кіру Тіркелу

Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы

Академиялық сурет

Сабақтың тақырыбы: Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік, дағдыларын, сонымен қатар қабілетін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.
б) Тәрбиелілік: Оқушылардың талғампаздығын, қарым - қатынасын, сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Көмір, сангина, пастель, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Сурет салудағы негізгі бейнелеу құралы – қарандашпен таныспыз. Енді бізге аса мәлім емес құралдармен танысайық.
Сурет салатын құрал ретінде көмір сонау көне дәуірден бері қолданылып келеді. Көмір сурет салуда зор мүмкіндіктерге ие, әдемі материал. Тез өшуге бейімділігімен қатар қандай көлемдегі сурет болмасын тез салынуымен де ерекшеленеді. Онымен үлкен жазықтықта жалпақ іздер қалдырып айғыздап бейнелеуге де, қолдың саусағымен үйкелеп салуға да болады. Бір жақсы қасиеті – қате сызықтарды тез өшіріп, қалпына келтіруге таптырмайтын құрал.
Ескеретін нәрсе – көмірді ұштағанда оны тек бір жағына қиғаштап кесу керек.
Көмірге ұқсас тағы бір сурет салу құралы – сангина. Сангина ерте антикалық дәуірде пайда болған. Суретшілер кейін оны кескіндеме шығармаларының долбар суреттерін жасау үшін пайдаланған. Әлемге аты мәшһұр ұлы суретші Леонардо да Винчи өзінің атақты «Құпия кеш» картнасының долбар суретін осы сангинамен салған дейді.
Негізінен сангина табиғи минералдардан, балшыққа ұқсас заттар қоспасынан алынады. Ең алғаш сангина Италияда, кейін Францияда табылған, біздің елімізде де оның бай қоры бар. Сангинаны қолданған кезде қолды былғамас үшін, оның тұқылын қағазбен орап немесе рейсфедерге дәнекерлеп ұстау керек.
Келесі танысатын сурет салу құралы бұл – соус. Соус бейнелеу материалы ретінде ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың басында қолданыла бастады. Ол әсіресе орыс елінде кеңінен тарады. Соуысты кеңінен пайдаланған суретшінің бірі И. Крамской болды. Одан кейін орыс суретшілері, атап айтқанда И. Репин, Н. Ярщенко, А. Саврасовтар өз еңбектерінде соусты қолданып, көптеген туындылар қалдырды.
Негізінен соустың екі түрі бар: біріншісі - құрғақ
Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.
Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.
Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою - өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.
Шығарманы талдай келіп, сұрақ - жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.
– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?
- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір - біріне жақын ба?
Суретші ою - өрнектерді не үшін бейнелеген?
«Натюрморт» терминіне түсінік беремін. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс - тіршілігін, әдет - ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.
Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.
Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.
Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.
Содан соң графика жайлы түсіндіремін.
Графика.
Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл – графика.
Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.
Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын - жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.
Графика туындылары тек ақ - қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер – сызық, дақ және штрих.
Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы – иллюстрация.
Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып, арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жұмыстар гравюра деп аталады.
Ағашқа салынған жапондық гравюра бүкіл әлемге әйгілі.
Қазақстандық суретші Н. Сидоркин қазіргі заманғы график - суретшілердің ішінде гравюраның асқан шебері болып табылады.

Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі - үш алма тобына қарап сурет салу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жұмсақ материалдармен нобайлар мен долбарлар бейнелеу

Жұмсақ материалдармен нобайлар мен долбарлар бейнелеу

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Сурет салуда қолданылатын алуан түрлі жұмсақ материалдарды, қалай қолдануды үйрету. Сурет салудағы композицияның...

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Графика өнерінің түрлерімен таныстыру

Графика өнерінің түрлерімен таныстыру

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру....
Затқа қарап сурет салу

Затқа қарап сурет салу

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×