Сайтқа кіру Тіркелу

Композиция «Менің Отаным»

КОМПОЗИЦИЯ

Өткізілетін уақыты:________

Сабақтың тақырыбы: Композиция «Менің Отаным»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Көркемдік - шығармашылық іс - әрекеттің нақты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Сабақтың барысы: Біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағлұмат береді)

Туған жеріміз Тараз қаласы, біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі.
Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Отанымызды сүйіп, аялау үшін оның тарихын және өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет .Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек.

Олай болса балалар біз бүгін сендермен, көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар біздің сүйікті – Отанымыз Қазақстанды саяхаттауға шығамыз.

Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатқанын өз көзімізбен көреміз.
Қала әлеміне саяхат жасап шығайық. Нақты сәулет ескерткіштерін есте сақтау талап міндетті емес. Дегенмен, бірге балалар өз көше, ауданын, қаланың жалпы көрінісін көргені дұрыс. Және де Астананың белгілі жерлерін немесе жақын маңдағы ірі тарихи орталықты көргені дұрыс. Есте сақтау үшін емес, жалпы әсер үшін, балаларда қаланын тұтас образын қалыптастыру үшін.

Оқушылармен үйлер пішінін талдау, төбе, терезе, әрбір маңызды деталь, мысалы, кіреберіс дәліз туралы түсінік беремін. Балаларға бұл құрастырулар неге қызықты екенін, оларға қалай әсер ететінін түсіндіру керек. Қалада үйлер бір - біріне қалай үйлеседі: жақын тұр, бірақ әр түрлі; көше құрайтынын атап өткен жөн. Талдар үйлерге кедергі келтірмейді, қаланы толтырып тұрған кішкентай сәулет пішіндер және басқа детальдер сияқты оларда қаланын бір бөлігі.

Қала құрылысындағы ерекшеленіп тұратын ғимарат — ғибадатханаға мән бермеу мүмкін емес. Ежелгі Қазақ жерінде олар қалай салынған, түрлі халық ғибадатханалары, олар туралы кешірек сөз болады, бұл жерде ғибадатхананы әрбір қала тағдырындағы ерекше ғимарат ретінде көріп, байқау қажет.

5. Алған әсерлері бойынша формат бетіне Қазақстанды, дала мен қаланы перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету.

6. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады? Отан дегеніміз не?
7. Үйге тапсырма: ата - аналарымен бірге өз қалаға барған кезін есіне алып, сол бойынша қала көрінісін салып келу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Композиция «Қала көрінісі»

Композиция «Қала көрінісі»

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік...
Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін...
Менің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Балалардың Отаны, рәміздері, Елбасы туралы түсініктерін молайту. Дамытушылық мақсат: Балалардың ой – өрісін,...
Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік

Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік

4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×